Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет27/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

1. Каннер синдромыбалалар аутизмінің классикалық немесе типтік 
синдромы. Дерттің бұл түрінде бала дамуындағы ауытқулар үш жасқа 
дейін белгі бере бастайды. Әлеуметтік әрекеттесудің, қатынасудың 
сапалық ауытқулары, шектелгенген, қайталанбалы және стереотиптік 
мінез-құлық 
формалары 
психикалық 
дамудың 
және 
сөйлеудің 
кешеуілдеуімен қатар жүреді, ал мұндай кешеуілдеу түрлі деңгейде 
байқалады. Әдетте сөйлеу мүмкіндігі бола тұра сөйлемеу, ерекше сөйлеу 
әдісі – эхохалия, штамптар, жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданбау 
ұшырасады. Ақыл-ой дамуының тежелуі де жиі кездеседі. Мұндай 
синдромы бар аутист балалардың тек 25%-ы интеллектуалдық даму 
нормасының төменгі көрсеткішіне ілігеді. Дегенмен, аутизмі бар 
балалардың көбі белгілі бір салада интеллектуалдық қабілетінің жоғары 
екенін көрсетеді. 
2. Аспергер синдромы – адамдармен қарым-қатынаста, әлеуметтік 
әрекеттестікте, мінез-құлықтың стереотипті формалары бойынша алдыңғы 
синдромдағыдай сапалық ауытқудың барлық белгілері байқалғанымен, 
мұнда сөйлеу мен ақыл-ой дамуы қалыпты жағдайда болады. Балалардың 
көбінің жалпы интеллектісі қалыпты деңгейде болады. Сыртқы келбетінен 
суық көзқарас, мимиканың және ым-ишараның айқын болмауы (қатып 
қалған мимика), моторлық епсіздік, ебедейсіздік сияқты белгілерді 
байқаймыз. Қабілеті болғанына қарамастан, аутизмі бар балалардың 
көбінде интеллектуалдық іс-әрекетте де, қарым-қатынаста да шапшаңдық, 
ептілік, бастамашылдық, шығармашылық жетіспейді. Мектепте және басқа 
жерде алған білімді олар өз таңдауымен қабылдай алмайды және әлеумет 
ішінде 
пайдаланбайды 
және 
қайталамайды 
[20]. 
Сөйлеудің 
коммуникациялық функциялары нашар дамиды, сөйлеуі модульденген, 
әуезі, ырғағы және жылдамдығы жағынан өзгеше болып келеді, оның 
айтқан сөзі көбіне тақпаққа ұқсас болады. Мұндай балалардың сөз құрауға, 
аутистік ойындар мен сабақтарға бейімі болады. Жасөспірім және ересек 
шағында оның аутистік белгілері тұрақты күйде сақталып қалады. 
3. Аутистік спектр ауытқулары: атиптік аутизм, аутистік, аутистікке 
ұқсас синдромдар және т.б. Аутистік спектр ауытқулары әдетте ми ауруы, 
хромосомалық аномалия, генетикалық синдром, туабітті зат алмасудың 
бұзылуы, эндокриндік патология сияқты басқа аурулардың қосымша 
белгілері болып келеді. 
Бұл жағдайда аутизмнің белгілері көмескілеу болады, сондықтан 
классикалық аутизмге тән симптомдар толық байқала бермейді. Каннер 
аутизмімен салыстырғанда мұндай балалардың айналасындағылармен 


65 
қарым-қатынас жасау, әрекеттесу мүмкіндігі көп шектелмеген; АСА 
белгілері бар балалар басқалармен көз түйістіре алады, анасымен және 
жақындарымен эмоциялық байланыс жасайды. Көбіне тіршілік әрекетінің 
түрлі салалары бойынша бала дамуында асинхрондық байқалмайды. 
Негізгі аурудың динамикасына сәйкес аутистикалық белгілер күшейеді 
немесе керісінше мүлдем байқалмай кетеді. 
Аутизмді тудыратын нақты себептер әлі анықталған жоқ. Түрлі 
елдердің зерттеушілері аутизмнің пайда болуы мен қалыптасу 
механизмдеріне байланысты ортақ теория қабылдай алмай келеді. Аутизм 
баланың ерте дамуы кезінде мидың барлық немесе бірнеше 
функционалдық жүйесіне әсер ететін көптеген факторлардың тоғысуынан 
болған бірнеше ауытқудың кесірінен қалыптасады деген тұжырым бар. 
Аутистік ауытқуларға алып келетін отыздан астам факторлар бар. 
Ықтимал себептерді үш топқа бөліп қарастырамыз. 
Себептердің 1- тобы тұқым қуалаушылықпен байланысты. Кейбір 
мамандардың айтуынша, аутизм – тұқым қуалайтын ауру және ол гендік 
деңгейде беріліп отырады. Кей жағдайларда бұл тұжырымның растығын 
дәлелдейтін мысалдар да бар, себебі аутистік белгілер бір отбасының 
мүшелерінен байқалып жатады. Алайда, ғалымдар аутизмге жауап беретін 
генді әлі күнге таба алған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет