66
Сондықтан ұн мен сүттен жасалған тағамдарды шектейтін диета ағзаны
тазартады.
Кей жағдайларда аутизмнің пайда болуына зат алмасу процесінің
бұзылуы себепкер болады деген пікір де айтылады [23]. Бұл ішек терісінің
тез қабылдағыштығынан немесе гематоэнцефалдық (тұрақты жұмыс істеуі
және химиялық оңтайлы ортаны қамтамасыз етуі үшін жүйке жүйесін
жалпы қан ағымынан шектейді) бөгеттен; кейде кейбір тағамдық
заттардың, айталық бидай глютеинінің, сүт
казеинінің дұрыс
қорытылмауының кесірінен қандағы опиоидтер («есірткі» деп те аталады,
санының артуынан ауырсынуды басатын күшті дәрілер болып табылады)
қанның белгілі бір бөліктерін улайды және бұл аутистикалық
симптоматиканың пайда болуына алып келеді. Кей зерттеулерде аутист
балалардың тағамдарынан опиоидтік белсенділікті өзгертетін тағамдарды
алып тастайтын диетаның жақсы нәтиже көрсеткені айтылады. Екпе салу,
экологиялық жағдайдың нашарлығы, дұрыс тамақтанбау салдарынан ауыр
металдардың (сынап, қорғасын, кадмий) ағзаны улауы да аутистік
жағдайларға әкелуі мүмкін. Кейбір зерттеу нәтижелері көрсеткеніндей,
аутизм синдромдарының пайда болуына қоршаған ортада және азық-түлік
құрамында бар ауыр металдармен улану да әсер етеді.
Аутизмнің пайда болуына иммундық
дисфункция мен екпе салудың
әсері де зерттелді. Баланың улануына екпе дәрінің құрамында сынаптың
консервант ретінде кездесуі де әсер етуі мүмкін деген болжам бар. АҚШ-
тың Калифорния штатында құрамында сынабы бар екпе дәрілер санын
шектеу аутизммен ауырған балалар санын 25 % - ға төмендетті деген дерек
бар. Десе де, аутизммен ауыратын балалардың арасында ешқандай екпе
алмаған, қан құрамында сынаптың мөлшері көп емес балалар да жетерлік.
Балалық шақтағы аутизммен ауыратын баланың математикалық
амалдарды орындауын, ондық сандардан өтіп санау мүмкіншілігін,
артикуляциялық
ауытқуларын
(апраксия),
динамикалық
немесе
конструкциялық - кеңістік ауытқуын тексереді. Ауруды мұқият тексеруден
өткізеді
(сұрау,
психологиялық
бакылау,
тесттер).
Жан-жақты
нейропсихологиялық (дәрігер, психолог, логопед)
тексерудің нәтижесінде
афазияның және оның түрлерінің бұзылу дәрежелері туралы корытынды
жасалады
Қазіргі уақытта әлемде аутистік ауытулары бар балалар саны күрт
артып барады. Осыдан 20 жыл бұрын әр 10 мың балаға шаққанда
аутизммен ауырған 3 - 4 бала тіркелетін болса, қазір бұл сан 10 - нан 20 - ға
дейін жеткен. Аутизмнің жайылуын эпидемияға теңейтіндер де бар.
Мұндай дертке шалдыққан балалар саны Қазақстанда да артып барады.
Аутизмге шалдыққан балалар саны артқандықтан, оларға лайықты
және уақтылы коррекциялық көмек көрсету қажеттілігі туды. Аутизмі бар
бала қоғамға бейімделуі үшін оған үнемі қолдау қажет болады. Егер
аутизмі бар баланың отбасы балабақша, мектеп, әлеуметтік қоршаған орта
сияқты қоғамдық институттардан өзіне қажетті қолдауды ала алатын
67
болса, онда көмек көрсетуге мүмкіндік бар. Қоғам тарапынан түсіністік
болуы үшін халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп,
аутизмі бар
балаларды оқыту және әлеуметтік тұрғыдан дамыту бойынша білімдерін
арттыру қажет.
Баланың интеллектуалды қабілетіне байланысты (интеллектісі төмен
балалардың сөйлегіштігі, айналасындағылармен тез тіл табысатыны
белгілі), баланың жеке тұлғалық қасиеттеріне, өз кемістігіне,
өзінің және
өзгелердің қатынасына байланысты дербестігін және қабілетін дамытуға
тиіс. Ғылыми әдебиеттерде әртүрлі тілдік патологиясы бар балалардың
(алалия, дизартрия, ринолалия, кекештену), тілдік қарым-қатынастан бас
тартатыны, өзінің тілдік кемістігін жасыру мақсатында, түрлі амал
жасайтыны туралы айтылады.
Е.М. Мастюкова еңбектерінде cөйлеyi
бұзылған балалардың басым
көпшілігінде, интеллект қабілеті сақтала тұра, оқу барысында айтарлықтай
қиындыктар болатындығын, психикалық дамудың өзіндік дисгармониялық
тежелулін сипаттайды. Неврологиялық кемістіктері бар балалардың ата-
аналары баланың асты-үстіне түсіп, шектен тыс мәпелеп, есіркеушілік
көрсетіп, дұрыс тәрбиелей алмаулары да жиі байқалады. Мұндай балаларға
тапсырма берілмейді, талап қойылмайды, жанашыр жақындары оны тіпті
қолынан келетін қажетті жеңіл жұмысқа да жуытпай қорғаштай. Мұндай
қолпаштаулардан бала қырсық, ерке, ашуланған қылықтарын жиі көрсетіп,
мінез-құлқы дұрыс қалыптасуына үлкен зиянын тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: