68
- артикуляторлы – фонематикалық,
- артикуляторлы-фонематикалық деп бөлінеді.
Акустика – фонематикалық дислалия: дыбысты айту ауытқушылығы,
оның акустикалық сипаты бойынша дыбысты өңдеу операцияларының
таңдаулы қалыптаспаушылығымен байланысты.
Бұзылу негізінде
фонематикалық
естудің
жеткіліксіз
қалыптасуы.
Ауытқушылық
физиологиялық естуі сақталған баладағы кейбір дыбыстарды есту арқылы
ажырату қызметі таңдаулы түрде қалыптаспайды, бұл акустикалық жақын
дыбыстармен ауыстыруды білдіреді. Бұзылу сөзді қабылдау механизімінің
сенсорлы бөлімінде шектеледі.
Артикуляторлы – фонематикалық дислалия: сөзді өндіруші моторлы
бөлімінің
артикуляторлы
қасиеті
бойынша
фонемді
таңдау
операцияларының қалыптаспаушылығымен байланысты ауытқушылықты
қосады. Екі түрлі болуы мүмкін:
- артикуляторлы
негіздің толықтай қалыптаспауынан фонемді
таңдауда
керекті
дыбыстың
орнына
әлі
қалыптаспаған,
артикуляциясы
жағынан оңай, ал артикуляциялық нышандары
бойынша жақындар таңдалады,
- артикуляторлы негіз қалыптасқан және баламен дыбысты дыбыстау
үшін барлық артикулярлы ұстанымдар игеріледі.
Бірақ дыбысты таңдау кезінде дұрыс шешім қабылданбайды. Кейбір
жағдайларда дыбыс дұрыс айтылады, ал басқа жағдайда дұрыс
айтылмайды. Яғни, дыбыс алмастырылып айтылады. Артикуляциясы ұқсас
дыбыстар алмастырылып, шатастырылып айтылады («ц – ч», «р – л», «т –
к», «д – г», «с – ш», «з – ж»).
Дислалияның осы түрінде баланың
фонематикалық есту қабілеті
толық қалыптасқан және ақаулықтар түзету барысында жойылады. А.Н.
Гвоздевтің, В.И. Бельтюковтың, О.В. Правдинаның зерттеулерінде
дыбысты бұзып айту фонемаларды артикуляторлық белгілеріне
байланысты іріктейтін операцияларына (әрекетіне) байланысты деген
пікірлер бар.
Артикуляторлы–фонематикалық
дислалия:
артикуляциялық
қалыптардың дұрыс қалыптаспауының
салдарынан болған бұзылыстар,
дыбыстардың (дұрыс айтылуына жақын) бұзылып айтылуы, дыбыстарды
тастап кетуі мүмкін.
Пайда болу себептеріне қарай дислалия механикалық және
функционалдық болып бөлінеді.
Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек
құрылысының және бұлшық ет түзілісінің
органикалық кемістігінен
дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияға
жататын кемістік бұл ринолалия.
Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым
қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп
қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады.
69
Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді
үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың дұрыс
айтылуын қиындатады.
Соныменен, органикалық дислалия бұл перифериялық аппараттың
сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы.
Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда
болуы мүмкін.
Туа пайда болатын кемістікке жататындар:
- прогнатия –жоғары жақ төменгі
жақтан алға шығып тұрады;
- прогения – төменгі жақтың алға шығуы;
- тістердің дұрыс орналаспауы;
- еріннің түрлі кемістіктері;
- таңдай параличі.
Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:
- сүйектер мен бұлшықеттердің зақымдалуының нәтижесінде
артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер;
- астыңғы және үстіңгі тістердің дұрыс жабылмауы (дұрыс тістеу –
бұл астыңғы алғы тістер үстіңгі
тістермен сәл жабылып
тұрады).
Достарыңызбен бөлісу: