Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет33/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Ашық ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде 
ауа жұмсақ және қатты таңдай жарықшағының салдарынан тек қана ауыз 
арқылы емес, сонымен қатар мұрын қуысы арқылы өтеді. Ауыз бен мұрын 
жолы аралығындағы қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы 
арқылы өтеді де, сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады, егер 
ауыз бен мұрын жолдарының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір 
жері ашық қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде 
ауыз бен мұрын жолы қақпа бұзылған жағдайда, әсіресе дауысты 
дыбыстарды айтқан кезде, үннің әуені өзгереді, дауысты дыбыстардың 
ішінде «и» мен «у» дыбыстарының әуендері көбірек өзгереді, өйткені бұл 
дыбыстардың артикуляциясында ауыз-жолы басқасына қарағанда көбірек 
тарылады. «Е» мен «о» дыбыстарын айтқанда үн әуезділігі білінер білінбес 
ғана естіледі. Ал «а» дыбысының мұрыннан естілуі білінбейді десе де 
болады, өйткені ол дауыстыны айтқанда ауыз жолы кең ашылады.
Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуезділігінің 
бұзылуымен қатар, кейбір дауыссыз дыбыстардыңда үн әуезділігі бұзылады. 
Ызың және фрикатифті дыбыстарды айтқан кезде мұрын қуысында 
қырылдап естілетін дыбыс пайда болады. Шұғыл (п, б, д, т, к, қ, ғ, г) 
дыбыстарын айтқан кезде де үн әуезділігі ашық естілуі үшін дұрыс 
айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола 
алмайды, сондықтан дыбыстар анық айтылмайды. «Р» және «Л» 
дыбыстардың да айтылуы бұзылады. Ашық ринолалияда «р» дыбысын 


75 
шығару кезінде ауыздан шығатын ауа ағынының әлсіздігінен тілдің 
ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді.
Ашық ринолалияны анықтау үшін әр түрлі әдістер қолдануға болады. 
Ең жеңілі – Гуцман сынағы (пробасы). Балаға мұрын жолдарын біресе 
ашып, біресе жауып отырып, кезекпен «а» және «и» дыбысын қайталатады. 
Ринолалияның ашық түрінде дауысты дыбыстардың айтылуы негұрлым 
бұзылады. Мұрын жабық кезінде дыбыстар, әсіресе «и» дыбысы, үнсіз 
айтылады. Сонымен қатар мұрын қанаттарында өз саусақтарымен қатты 
дірілді сезеді. Тексеру үшін фонендоскоп қолдануға болады. Тексеру 
жүргізіп жатқан адам «оливаны» өз құлағына, ал екіншісін баланың 
мұрнына тығады. Дауысты дыбыстарды, әсіресе, «у», «и» дыбыстарды 
айтқан кезде қатты гуіл естіледі. Ұзақ айтылатын «ф», «с», «ш» дыбыстарын 
айтқанда қырылдаған дыбыс шығады немесе леп сезіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет