Абдуллина г. К


лі»  дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік.  4. Сөйлеу тіліндегі айтылуыда



Pdf көрінісі
бет31/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

лі»  дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік. 
4. Сөйлеу тіліндегі айтылуыда болатын таңдай дыбыстарының 
ақаулықтары: 
каппацизм – «ккі», дыбыстары; 
гаммацизм – «г,»гі», дыбыстары; 
хитизм – «х, хі», дыбыстары; 
йотацизм – «й» дыбысы; 
гректің «капп», «гамма», «хи», «йота» деген әріптері «қ», «г», «х», «й» 
дыбыстарын білдіреді. 
5. Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы – сөйлеу тіліндегі ұяң 
дауыссыз дыбыстарының айтылуындағы ақаулықтар. Бұндай ақаулықта ұяң 


72 
дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңорларымен орын алмастырады: 
«в – п», «д – т», «в – ф», «з – с», «ж – ш», «г – ғ», «к – қ». Бұндай 
ақаулықтар құлағы нашар еститін керең балаларда жиі кездеседі. 
6. Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары. Сөйлеу тіліндегі 
жінішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сынарларымен орын 
алмастыру ақаулықтары: «ді» – д», «пі – п», «кі – к», «рі – р»
Өздерінің жіңішке сыңарлары жоқ «ш», «ж», «ң» дыбыстары мен қатаң 
сыңарлары жоқ «ч», «щ», «й» дыбыстарында бұндай ақаулықтар 
кездеспейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мүкістектерін түзетудің 
қажеттілігі. Сөйлеу тілі толық жетілмеген баланың мектептегі оқу үлгерімі 
нашар болатыны сөзсіз. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің 
қандайын болмасын анықтап, кемістіктері асқынып кетпей тұрғанда - 
мектеп жасына дейін жою керек.
Сөйлеу тілін қалыпқа келтіру және түзету тәсілдерінің ішінде 
логопедиялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асады. Механикалық 
ықпал жасаудың мақсаты – еліктеу және ауызша түсіндіру, әрі қажетті 
артикуляцияны толық және дәл айтуға көмектесу. Бала қажетті 
артикуляцияны еркін меңгере алмаған жағдайында тілдің ұшын астыңғы 
тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд пайдаланады.
Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық 
тегістігін ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің 
дұрыс айталуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздары еліктеу 
арқылы түзеткенде сәйкес ұяң дыбысқа сүйенген пайдалы. Бар қос ерінді 
ұяң дыбысы қалыптасқан болса ол тіл мен тіс қатысында айтылатын – «д» 
дыбысын меңгеруге көмектеседі. Ал, «д» дыбысын меңгеру осы әдіспен 
немесе механикалық жолмен тіл - таңдай түбі қатысында айтылатын «г» 
дыбысын қалыптастыру негіз болады. 
Көптеген жағдайда дыбыс туыстығын екі бағытта пайдалануға болады. 
Мысалы «Ш» дыбысы дұрыс айтылса, артикуляциясы тілдің сәйкес 
жолмен сипатталатын «р» дыбысын қалыптастыруға өте қолайлы.
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Бала үйдегі ересек 
адамдардың сөйлеу тіліндегі дабыстардың бұрмалануына жиі еліктейді, 
балаға әсіресе сөзі түсініксіз; тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін; кейде 
тіпті жергілікті тілдің ерекшеліктерімен сөйлейтін адамдардың арасында 
көп болып, сөздерін тыңдау да ерекше зиянын тигізеді.
Үйдегі адамдардың екі тілде сейлеуі де кедергі болады. Бала әр тілде 
сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу 
ерекшелігіне жиі ауысып отырады.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де 
болуы мумкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың 
қиналатындығы байқалады. Мысалы: ұяң және қатаң дауыссыздарды, 
жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда.


73 
Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына, баланың ақыл-ойының 
жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін. Іштен туа біткен ақыл-ойы кеміс 
балалардың 55 % - дан көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта 
алмайтындығы белгілі. 
Тіл дыбыстары жүйесіндегі бір дыбыс екінші дыбыспен алмастырылып 
айтылады, алмастырулардың мынандай түрлері болуы мүмкін:
1. Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі 
айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы 
тіл артық түзелмелі (шұғыл) дыбыстарын тіл алды «т», «д» шұғыл 
дыбыс орнына алмастырылады («Кәмила -Тәмила», «гүл-дул»); 
2. 
Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының 
айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл алды «с» 
дыбысы тіл алды «т» дыбысына алмастырылады («сабын» - «табын»); 
3. Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша 
айырмашылығы бар «с» дыбысына алмастырылады(мысалы: «Самат», 
«Фамат» және т.б); 
4. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы тек жасалу жолдары ұқсас 
дыбыстар дауыстың қатысуымен шығатын дабыстармен, мысалы ұяң 
дабыстар қатаң дыбыстармен алмастырылады («Болат - полат», «қозы –
қосы»); 
5. Жасалу жолдары ұқсас дыбыстар мен сөйлеу мүшелерінің белсенді 
әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке 
белгілерімен айқындалатын дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс 
жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырады: («пяз -
паз», «өрік - өрық»). 
Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша 
дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің 
айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін болса оны қарапайым, 
ал одан көп болса күрделі дислалия дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет