Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет66/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

13 – ші тапсырма
18 – шы сурет
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


124 
Тапсырманың сипаттамасы: Балаға көркемдік суреттер беріледі. 
Ол «Өз денсаулығыңды қалай сауықтыру, күту керек» деген тақырыпта 
болады. Оқытушы әрбір сурет бойынша сұрақтар қояды, содан кейін 
тақырып бойынша сұрақтар қорытындылайды. Балалардың жауаптары 
толық және дұрыс білуі қажет. Бұл тапсырма бойынша 2 міндетті 
қарастырамыз: өмірлік дағдыны және сөйлеу мәнерін қалыптастыру болып 
табылады. 
Сұрақтар: 
 Бірінші суретте кім бейнеленген (шаңғышы). 
 Бала не істеп жүр (шаңғы теуіп жүр). 
Қалай ойлайсың, бұл қай жерде: қалада, әлде қаланың шетінде ме? 
 Неліктен шаңғы серуендері қаланың шетінде болады? 
 Екінші суретті қара. Суретте не бейнеленген? 
 Қалай ойлайсың, ыстық сорпадан кейін, балмұздақ жеуге бола ма? 
 Неліктен? 
 Үшінші суретті қара. Суретте бейнеленген балалар не істеп тұр? 
 Қалай ойлайсың, балаларға ыстық па әлде суық па? 
 Неге оларға ыстық деп ойлайсың? 
 Қалай ойлайсың ыстық ауа-райында суық сусындарды, балмұздақты 
қолдануға болады ма? 
 Ыстық ауа-райында ауырмау үшін не істеу қажет? 
Төртінші, бесінші, алтыншы суреттерді қара. Онда бейнеленген балалар 
қандай әрекет жасайды? (ұл бала қатты айқайлайды, бұзылған ауа 
газдарын жұтады, ұлдар темекі шегеді). 
 Бұларды неге жасауға болмайтындығын ойлан? 
 Бұлар адамға қалай зиян келтіретінін ойланып көр? 
 Өз денсаулығың қалыпты болу үшін не істеу қажет? 
Нәтижелерді бағалау: 
4 - ұпай: бала берілген сұрақтар мен тапсырмалардың мағынасын жақсы 
түсінді. Түсіндіру сөйлеуінде қиындық болмады. 
3 - ұпай: берілген тапсырмалар мен сұрақтар мағынасын жақсы түсінді. 
Ұл балалардың әрекетіне баға бере алды, бірақ бұл әрекеттердің себебін 
түсіндіруде қиындық болды.
2 - ұпай: берілген сұрақтар мен тапсырмалардың мағынасын түсіне 
білді. Негізгі ойды жеткізе алды.
1 - ұпай: бала берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жауап бере 
алмайды, сөзді түсіндіруі дамымаған. 
0 - ұпай: тапсырманы орындай алмайды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет