Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет12/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

Диссертацияның құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі 138 бет.
Кіріспеде зерттеудің тақырыбын таңдау, оның көкейкестілігі негізделеді, зерттеу объектісі мен пәні анықталады. Зерттеудің мақсаты, міндеттері, болжамы, жетекші идеясы тұжырымдалады. Ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы анықталады, қорғауға шығарылатын негізгі ережелер ұсынылады, жүргізілетін жұмыстардың кезеңдері, зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу туралы мәліметтер беріледі.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші тарауда «құзыр», «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», «арнайы құзыреттілік», «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» ұғымдарының мағыналық сипаттамасы, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудыңдың құрылымдық-мазмұндық моделі ұсынылады және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар негізделді.
«Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмысының нәтижелері» атты екінші тарауында зерттеуді ұйымдастыру және оның әдістері; болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі мен педагогикалық шарттарының тиімділігін дәлелдейтін тәжірибелік -эксперименттік жұмыстың мазмұны ұсынылған
Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне негізделген тұжырым мен ұсыныстар берілген, мәселелерінің даму болашағы көрсетілген.
Қосымшаларда диссертацияның негізгі мәтінін толықтыратын материалдар ұсынылды.
1 БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АРНАЙЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖОБАЛАР ӘДІСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет