Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет17/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

Ашық, айқын координациялы. Мұндай жобаларда жоба үйлестірушісі оның қатысушыларының жұмысын байланыстырып, қажет болған жағдайда жобаның жекелеген кезеңдерін, оның жекелеген орындаушыларының қызметін ұйымдастыра отырып, өзінің жеке функциясын орындайды.
Жасырын координациясы бар. Мұндай жобаларда үйлестіруші өз функциясында қатысушылар тобының қызметінде өзін байқамайды, ол жобаның толық құқылы қатысушысы ретінде әрекет етеді. Мұндай жобалардың мысалы ретінде Ұлыбританияда ұйымдастырылған және өткізілген танымал телекоммуникациялық жобалар қызмет ете алады. Кейбір тарихи фактілерді зерттеу үшін жобаға кәсіби археолог енгізілді. Ол қарт адам, бай емес, бірақ тәжірибелі маман ретінде сөз алып, жобаға қатысушыларды ғаламшардың әртүрлі аймақтарына «экспедицияға» бағыттады және оған қазба кезінде балалардың тапқан барлық қызықты фактілері туралы хабарлауды сұрады, ол уақыт өте келе «арандатушылық сұрақтар» қоя отырып, жобаны орындаушыларды проблеманы тереңірек түсінуге мәжбүр етті.
Кесте 1 – В.Д. Симоненко бойынша жобалардың жіктелуі



Зияткерлік

Материалдарды, топырақты, ЭЕМ бағдарламаларын өңдеудің жаңа технологияларын сипаттау, дизайнерлік әзірлемелер және т. б.

Материалдық

Аспаптарды, айла, бұйымдарды, тұрмыстық құрылғыларды, шағын механикаландыру және автоматтандыру құралдарын, оқу көрнекі құралдарын, қаптамаларды, киімдерді, бақылаушы құрылғыларды дайындау.

Экологиялық

Ластанған өндірістік үй-жайларды, орман шаруашылығы алқаптарын, су айдындарын, бассейндерді тазарту, қайталама шикізатты жинау және пайдалану.

Сервистік

Ақпаратты жинау, ресімдеу және ұсыну, жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу, қызмет көрсету.

Ескерту – Әдебиет негізінде құралған [150]

Біздің тәжірибелік-эксперименттік жұмысымызда нақты жобалардың түрлі түрлерін пайдаланатын боламыз. Байланыстар сипатына келетін болсақ, жобалар: ішкі немесе өңірлік (бір ел шегінде), халықаралық (жобаға қатысушылар әртүрлі елдердің өкілдері болып табылады) болуы мүмкін. Жобаға қатысушылар саны бойынша: жеке (әр түрлі мектептерде, өңірлерде, елдерде орналасқан екі серіктес арасында); жұптық (қатысушылар жұптары арасында); топтық (қатысушылар топтары арасында) жобаларды бөліп көрсетуге болады. Ақырында, өткізу ұзақтығы бойынша жобалар: қысқа мерзімді (шағын проблеманы немесе неғұрлым ірі проблеманың бір бөлігін шешу); орташа мерзімді (бір айға дейін); ұзақ мерзімді (бірнеше айға дейін) болуы ықтимал. Біздің зерттеу контекстінде жобаларды енгізу нәтижелерін, студенттердің кәсіби және жеке қасиеттерін дамытуға әсерін сипаттайтын зерттеулерді талдауға жүгінеміз.


М.В. Матяш, В.Д Симоненко [151], М.В. Ретивых [152], өз зерттеулерінде оқытудағы жобалар әдісі білім алуға қолайлы мүмкіндіктер беретінін атап өтті:
Нақты білім алушыға:
– практикамен өзара байланыста кәсіби қызметті белсенді игеру тәжірибесі;
– педагогикалық қызметтегі болашақ маман ретінде тұлғалық рефлексия дамыту;
– кәсіби қызмет саласындағы тәжірибемен кәсіби өзара іс-қимылдың жаңа тәжірибесін игеру;
– әріптестеріне қатысты толеранттылықты дамыту;
Оқу тобына:
– шағын топта қарым-қатынас және өзара іс-қимыл дағдыларын дамыту;
– топтың құндылық-бағдар бірлігін қалыптастыру;
– жағдайға байланысты әлеуметтік рөлдердің икемді ауысуын көтермелеу;
– бірлескен іс-әрекеттің адамгершілік нормалары мен ережелерін қабылдау;
– топтық рефлексия процесінде талдау және өзін-өзі талдау дағдыларын дамыту;
– қақтығыстарды шешу қабілетін, ымыраға келу қабілетін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет