Қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандағы бойынша білім беру бағдарламасының таңдау компонентінде оқу жұмыс жоспарында белгіленген пәннің «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәнінің мәселелерінің маңыздылығы табиғатты тануда, техника мен технологияларды дамытуда, өмір сапасын жақсартуда жаратылыстану ғылымдарының жетекші рөліне негізделген. Танымның жаратылыстану-ғылыми әдісімен танысу сыни ойлауды дамытуға, пікірталас мәдениетін қалыптастыруға және қазіргі азаматтық қоғамның әрбір мүшесіне, әсіресе бастауыш сынып мұғалімдеріне қажетті қасиеттерді жауапты дәлелдеуге ықпал етеді. Бұл әсіресе өзекті, өйткені қазіргі кезеңде ұтымды жаратылыстану-ғылыми әдіс қоғам санасын қалыптастыруға қатыса отырып, гуманитарлық салаға да енеді және сонымен қатар әмбебап тіл алады. А.Я.Герд мұғалімдерге арналған «Бастауыш мектептегі пәндік сабақтар» атты әдістемелік құралнда жаратылыстану сабақтарында бақылаулар мен эксперименттер жүргізу әдістемесін ұсынды және ол мұғалімнің басты міндеті – сабақта сауатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ал балалар табиғат объектілерін бақылап, олармен тәжірибе жүргізе отырып, сипаттауды, салыстыруды, жалпылауды, тиісті қорытынды жасауды үйренеді деген [210]. «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәні педагогика ғылымдарының тақырыбына жатады және табиғаттану материалын зерттеудің өзіндік ерекшелігіне қатысты негізгі дидактикалық принциптерге сүйенеді.
«Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі» оқу пәні ретінде табиғат туралы ғылыммен тығыз байланысты, бірақ мектеп пәні мен жаратылыстану ғылымдары арасында баяндаудың мақсаты, көлемі, құрылымы, әдістері мен нысаны бойынша маңызды айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымдарының мақсаты зерттеу жолымен табиғат туралы жаңа деректерді алу. Олардан бөлек әдістеме табиғат дамуының заңды емес, оқушыларды табиғат туралы ғылым негіздеріне оқытудың педагогикалық үрдісінің заңдылықтарын зерттейді.
Оқу пәнінің мақсаты оқушыларға ғылым алған фактілер мен заңдылықтар туралы қарапайым түсінік беру, зерттеу жұмысының қарапайым дағдыларын дайындау. Бұл ретте ақпарат оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып мұқият іріктеледі. Бастауыш мектепте оқушылар негізгі мектептің барлық жаратылыстану-ғылыми бағыттары курстарынан бастапқы түсініктерді игереді. Бастауышта білімді іске асыру оқушылардың жоғары біліктілігін талап етеді.
Білім құрылымы мен олардың оқу пәніндегі жату нысаны жаратылыстану жабайы табиғатына тән жалпы педагогикалық және арнайы принциптермен анықталады. Бастауыш мектепте оқушылар негізгі мектептің барлық жаратылыстану-ғылыми бағыттары курстарынан бастапқы түсініктерді алады. Бастауыш жаратылыстану ғылыми білімді іске асыру оқушылардың жоғары біліктілігін талап етеді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі типтік оқу жоспарында белгіленген міндетті компонентінде жоспарланған «Математиканы оқыту әдістемесі» жоғары оқу орнының оқу жұмыс жоспарына енгізілген «Бастауыш мектепте жаратылыстану оқыту әдістемесі», V семестрде «Дүниетану пәнің оқыту әдістемесі» ұсынылған қосымша материалдарды игеруде жүзеге асады.
Оқу жоспары бойынша «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» оқытылады.
Пəннің мақсаты – болашақ мұғалімдердің кəсіби-педагогикалық құзыреттіліктігін қалыптастыруда тəрбие үдерісінің негіздерін жəне тəрбиелік іс- əрекеттің əдістемесі мен технологиясын танып білу.
Жаңа білім беру парадигмасының міндеттерін шешуге бағытталған бағдарламалық тақырыптар. Сонымен қатар, арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру ерекшелігіне бағытталуының жеткілікті түрде болмауына байланысты проблеманы табысты шешу үшін оңтайлы жолдарды іздестіреді. Алайда «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні типтік оқу жоспары бойынша семинар сабақтарында, ОСӨЖ, СӨЖ тақырыпшаларының мазмұнында арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қатысты нақты тақырыпшалар жоқ. Семинар сабақтарының үлгі тақырыптарында ұсынылған «Мектептегі тəрбие жұмысына мінездеме, тəрбие жұмысының формалары мен бағыттарының көп түрлілігі» атты семинар сабағында «Болашақ мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістері туралы түсініктері болуы керек пе?» деген айдарымен Л.А. Туриктің білім берудегі дамытушы ойындар деген еңібегін негізге ала отырып пікірсайыс ұйымдастырдық [211]. Пікірсайыс мақсаты: Белгілі бір фактілерді қарастыру, болжау, жүйелеп сөйлеу және өз көзқарасын ашық та жүйелі дәлелдеу.
Әділ-қазылар мүшелері пікірсайыс ережесіне сәйкес анықталады, оған оқытушы және басқа да пәндер мұғалімдері мен студенттер қатыса алады. Топ екі топқа бөлінеді жақтаушы топ және қарсыласының пікірін даттаушы топ. Топ спикерлеріне қойылатын талаптар: пікірсайыс ережесін сақтау, тақырыптан ауытқымау, сөйлеу шеберлігі, жоғары мәдениеттілік, өзіндік айқын көзқарастың болуы. Сонымен қатар пікір сайыс ойын шарттары: әр топ өзін таныстыру, екі топ өз ойларын ортаға салады, регламент сақтау, екі топ өзара сұрақ алмасады.
Пікір сайысқа қатысушыларға тақырып алдын ала хабарланып, олар мұқият дайындала алды. Пікірталасқа 6-8 адамнан екі команда қатысты. Екі команда ойын ережесімен танысты. Командаларға дау негізін құрайтын тезис таңдау мүмкіндігі ұсынылады. Дау-дамайдың мәні командаларды аргументтер мен контраргументтерді іздеу болды. Командалар жеребе арқылы кездесу күнін белгілейді. Практикалық сабағында бөлінген екі командаларына кейс тапсырмаларын қорғауға беріледі, онда студенттер өз көзқарастарын дәлелдеуге, және қазіргі жағдайдағы педагогиканың оқу-тәрбие әдіс-тәсілдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға мүмкіндіктері орташа екендіктері туралы ойларын көрсетті. Командалар қарсыластарының ұстанымдарына сын пікір беріп өз ұстанымдарын негіздеуге тырысты, яғни арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістерін таңдау өзге тәсілді талап етеді деген пікір білдірді. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінің оқытушысы және пікірсайыстың ережесіне сәйкес әділ-қазылар мүшелерінің қатысуымен шешім қабылданды. Сонымен практикалық сабақтарында қарастырылатын қосымша материалдар «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні типтік оқу жоспары бойынша білім беру үрдісінде арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жақсы ұйымдастыру және өткізу, жоспарлау бойынша іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, баланың жеке тұлғасын, шағын топ пен сыныптың психологиялық ерекшеліктерін білуге болатын қиындықтарды арасындағы байланыстарды болжай алуын, оқушының психологиялық ерекшеліктер ескере отырып оқу деңгейін анықтауда оңтайлы әдістемені таңдау және арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды, алынған білім, білік және дағдыларын жүзеге асыру.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталатын қосымша тақыптарды ОСӨЖ, СӨЖ, ОСҒЗЖ енгізіп, «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні типтік оқу бағдарламасын талдауға болады. «Мектептегі тəрбие үдерісінің мазмұны», «Мектепте тəрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістері» тараулары бойынша ОСӨЖ келесідей жобалар дайындадық.
Педагогикалық практика барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға деген ізденпаздығын ояту, теориялық білім мен практикалық бағыттағы біліктіліктерін негіздеу мақсат етілді.
Достарыңызбен бөлісу: |