Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет31/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

4 семестрде «Бастауыш мектептегі жаратылыстану пәнін оқыту әдстемесі» пәні оқу жоспары бойынша оқытылады. Жаратылыстану бағытында білім беру қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі. Оқу пәнінің мақсаты: өсімдіктер, жанауарлар мен қоршаған орта арасындағы өзара байланысты көрсету, өсімдіктер мен жануарлар процестерін зерттеу, олардың маңызын көрсету, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын үнемді пайдалану және қорғау туралы ескерту.
Бағдарламаның тақырыптары жаңа білім беру парадигмасының міндеттерін шешуге бағытталған. Сонымен қатар, арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытының еленбеуі және аталған проблеманы ұтымды шешу үшін оңтайлы жолдарды іздестіруде ұсынылған бағдарламаның практикалық мақсаттылығына кері әсер етпейді деп санаймыз. Алайда «Бастауыш мектептегі жаратылыстану пәнін оқыту әдістемесі» пәні оқу жоспары бойынша семинар сабақтарының үлгі тақырыптарында арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға қатысты нақты тақырыпшалар қарастырылмаған.
5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша «Математиканы оқыту әдістемесі» курсының мақсаты- бастауыш сынып оқушыларын математикалық білім, білік, дағдылардың практикалық негізін қалайтын математиканы оқыту барысында туындайтын оқу – тәрбиелік міндеттерді шеше білуге, есептеу тәсілдерін игертуге, олардың прктикалық іс әрекет байланыстары туралы ұғымдарын қалыптастыру. Біздер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда математиканы оқыту әдістемесі пәнінің мазмұнына талдау жасау барысында бағдарламаның ОСӨЖ және СӨЖ бөлімінде берілген бірнеше тақырыпшалардың болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағыттай алатын мүмкіндіктерін анықтадық.
«Математиканы оқыту әдістемесі» – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне математиканы оқыту әдістемесінің ғылыми негіздері» мазмұндық желісін зерттеуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру технологиясы» тақырыпшаларын игерту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды бойынша жоба әдісін қолдануға болатын жолдарды іздестірдік.
Эксперименттің екінші кезеңінде 2 курс студенттерінің педагогикалық практикасында бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша іс-әрекет нышандары бойынша жинақтаған тәжірибеге баға беру мүмкіндігіне ие болды. Педагогикалық практика барысында студенттердің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды көздейтін әңгімелер мен тәрбиелік іс-шаралар өткізу берілді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларың арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру практикалық іс-әрекет процесінде педагогикалық тәжірибені жинақтауға негізделді. Педагогикалық тәжірибенің қорытындылау кезеңінде студенттердің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жүзеге асыратын бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесімен танысып, оқушылардың сабақтағы зияткерлік жұмысқа деген қабілеттілігін анықтау әдістемесімен таныстырылуына қолайлы жағдайлар туғызылды. Сонымен қатар 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі оқу жоспарында белгіленген міндетті компонентінде жоспарланған «Бастауыш мектептегі жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнін оқыту нәтижесінде және педагогикалық практика барысында байқағанымыздай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемасына қызығушылығы нақты жағдайларда ғана көрінетіндігін, практикалық іскерліктері мен дағдылары қалыптаспағандығы анықталды.
Эксперименттің екінші кезеңінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының типтік оқу жоспарында белгіленген міндетті компонентінде «Математиканы оқыту әдістемесі» жоғары оқу орнының модульдік білім беру бағдарламасының жоспары бойынша жоғары оқу орнының оқу жұмыс жоспарына кіргізілген және «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру» элективтік курсын меңгерту және өндірістік практика барысында «Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі» пәндерінің ұсынылған қосымша материалдары көрсетіледі.
5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі жоғары оқу орнының модульдік білім беру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес белгіленген таңдау компонентіндегі оқу жүктемесіне «Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі» курсы енгізілген. «Бастауыш мектептегі жаратылыстануды оқыту әдістемесі» оқу пәні бағдарламасын талдай келе, бағдарламаның оқу жоспарының таңдау компонентіндегі тақырыптарға болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мақсатындағы қосымшаларды кіргіздік.
«Жаратылыстану пәнінің мазмұны, құрылымы, ерекшелігі» тақырыбы оқушыларға табиғаттың түрлі құбылысын сипаттауға, табиғат құбылыстардың арасындағы байланыс пен өзара байланысты ашып-көрсетуге, ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға және пәнді оқып игеруде негізінде принциптерін, мүмкіндіктерін сонымен қатар басқа да пәндермен өзара байланыстара алу қабілетін дамытуға арналады. Оқушыларға табиғаттың әр алуандығын сипаттауда, жекелеген элементтер мен табиғат құбылысы арасындағы байланыс пен өзара байланысты ашып-көрсетуде физикалық, әлеуметтік-экономикалық, психологиялық ахуалын пән сабақтарының тақырыптарын жобалар әдісі негізінде меңгерту. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін қалыптастыруға әсер ететін факторлер туралы эсселер жазып дайындау.
«Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі» курсы 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі оқу жоспарында белгіленген таңдау компонентіндегі оқу жүктемесіне сәйкес жоғары оқу орнының модульдік білім беру бағдарламасының жоспарына енгізілген. «Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі» пәні бойынша «Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде оқу пәнінің рөлі» тақырыбының мазмұнын арнайы құзыреттілігінің қалыптасуын аксиологиялық, гнесеологиялық, реттеушілік, трансляциялық, бейімдеушілік функцияларына берілген сипаттамалармен жетілдірдік. Бағдарлама «Бастауыш мектептегі дүниетануды оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда аса маңызды саналады.
Г.А.Алипбаева, А.К. Нурованың «Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі» атты оқу әдістемелік құралына сүйене отырып «Оқушының пәндік құзіреттілігін қалыптастыру» тақырыбындағы дәріс барысында оқушылардың «тірі табиғат», «өлі табиғат», «табиғаттағы мезгілдік өзгерістер», «өсімдіктер» туралы ұғым-түсініктерін тереңдетуде адам-табиғат тізбегіндегі терминдерінің мәні жобалар арқылы ашылып көрсетілді [212]. Бұдан әрі «Оқушылардың білім-білігі, дағдысын тексерудің жолдары» ретінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың дүниетану тақырыптары бойынша ауызша, жазбаша тексеру жұмыстары, топографиялық диктант, әртүрлі тест тапсырмалары қолданылады. Осы орайда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптасу нәтижелерін анықтау диагностикасы туралы ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Бастауыш мектеп психологиялық-физиологиялық жағынан қарқынды даму кезең. «Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту әдістемесі» курсы бойынша қолданылған материалдар оқушыларға дүниеге деген көзқарасын, өзіндік жеке ойын және пікірін қалыптастырады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері бастауыш сыныпта дүниетанудан сабақ беру әдістемесін қолдануда оқушылардың жасерекшеліктеріне, дайындықтарына сәйкес негізделуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет