Аяпбергенова гульсум сагындыковна


Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесі



бет29/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

2.2 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға дайындық деңгейлерін зерттеу мақсатында анықтау экспериментінің нәтижелері бастапқы кезеңдегі сауалнамалық сұрау, тестілеу арқылы төрт компонент бойынша (мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексиялық) жүргізілген анықтау эксперименті нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің дайындықрын немқұрайлы екендігін көрсетті. Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқыту үдерісінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру міндеті түрде қойылмайтынын, жұмыстың шығармашылық түрі аз пайдаланылатынын байқалды. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының 2018 жылғы нормативтік құжаттар пакетінде теориялық пәндердің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға бағытталатын мазмұндық аспектілерінің жеткілікті түрде ашылмауы, осы саладағы білім беру мазмұнының элементтері көрсетілмеуі, оқу-әдістемелік құралдардың қажетті дайындалмауы бізге қалыптастыру экспериментін жүргізуге негіз болды [70].
Қалыптастыру эксперимент болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша жоғары оқу орнында оқытудың екінші және төртінші курсын студенттері арқылы жүзеге асырылып қалыптастырушы эксперимент жоспары дайындалды, бұнда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу және оқудан тыс іс-әрекетінде арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бойынша әдістемелік құралдарды дайындау қарастырылды.
Қалыптастырушы эксперименттің мазмұны болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің аудиториялық және аудиториядан тыс іс-әрекетінің өзара байланысты. Бұл заңды логикаға сәйкес үш кезеңмен сипатталады. Дайындықтың кезеңділігі арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру бағытындағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің тәжірибелік іс-әрекеттерінің тереңдетуге негізделеді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізу кезінде біз болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың моделіне, сондай-ақ, 5В010200 – «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде және Павлодар педагогикалық университетінде білім алушы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттелетін сапаның қалыптасуының салыстырмалы талдауының нәтижелеріне сүйендік.

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғарғы оқу орны жағдайында арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру жүйесін дайындап сынақтан өткізу және оның іс жүзінде тиімділігін қалыптастырушы эксперименттің тексеру мақсатына қол жеткізуде біз келесі міндеттерді шешуді қарастырдық: – 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша типтік оқу жоспарына сәйкес кәсіптендіру пәндер циклінің таңдау компонентінде жоспарланған модульдік білім беру бағдарламасы бойынша оқу жұмыс жоспарында белгіленген болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің өндірістік практикасын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды және аудиториядан тыс іс-әрекеттерді, соның ішінде студенттердің ғылыми жобаларын, конкурстарды, ғылыми баяндамаларды, тәрбиелік іс-шараларды және тағы да басқа іс-шараларды «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі», «Математиканы оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі», «Дүниетануды оқыту әдістемесі» пәндерінде қолдану;

5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандағы бойынша қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде білім беру бағдарламасының таңдау компонентінде жоспарланған оқу жұмыс жоспарында белгіленген. IV семестрде «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінің болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру мүмкіндіктері іске асады. Бастауыш мектеп жасындағы баланы тәрбиелеу – жалпы тәрбие үрдісінің ең негізі кезеңі. Сондықтан мұғалім алдымен жалпы тәрбие үрдісінің теориясы мен жетекші идеясын және бастауыш саты оқушысының жас ерекшелігін, соған орай балаға педогогикалық қолдау көрсетуді қатар білуі тиіс. Тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін, мәнін, ерекшеліктерін, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілдерін, тәрбие жұмысының рөлі мен маңызы, тәрбиенің мәдени-тарихи феномен ретіндегі орны, тәрбие жүйесінің мәнін, құрылымын және негізгі компоненттерінің сипаттамасын бере отырып, пән мазмұнында педагог-тәрбиешінің қызметтік жүйесі қарастырылады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен тәрбие жұмысының әдістер мен технологиялар саласындағы кәсіби педагогикалық арнайы құзыреттілігін қалыптастыруда оқушылармен тәрбие жұмысының әдістері туралы білімдерді меңгеруге мүмкіншілік жасай алады. С.Ш. Әбенбаевтың «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» деген еңбегінде жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің ерекшеліктері мен заңдылықтары туралы кеңінен тоқталады [209]. Тәрбие теориясы бойынша білімдерін кенейтеді әрі терендетеді. Оқушылармен тәрбие жұмысын жасауға қажетті: диагностикалық, мақсаттану, ұйымдастырушылық, проективті, коммуникативтік, аналитикалық, жалпы педагогикалық және арнайы іскерліктермен қаруланады.


Қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде 5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы білім беру бағдарламасының таңдау компонент бойынша оқу жұмыс жоспарында белгіленген «Математиканы оқыту әдістемесі» пәннің мақсаты – математика туралы жүйелі білімдерді бастауыш сынып оқушыларына математикалық білім, білік, дағдылардың негізін қалайтын сапалы білімдермен қаруландыруға, ақиқат болымысты танып білудің математикалық әдістерін игеруге, оқу – тәрбиелік міндеттерді кәсіби деңгейде шеше білуге, қарапайым түсініктерін қалыптастыруға, тәсілдерін игертуге, практикалық іс-әрекет барысында олардың арасындағы ұғым мен түсінік байланыстарын қалыптастыруға дайындау.
Біздер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруда, математика бойынша бастапқы білім сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу жəне қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын игереді. Математиканы оқып үйрене отырып, оқушылар талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді. Түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-əрекет тəсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады. Бастауыш математиканың кезең-кезеңге бөлініп, жүйелі түрде берілген, қоршаған ортадағы заттардың мөлшерлік қатынастары мен кеңістіктегі формаларын сипаттаудан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет