2.3 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік тұрғыдан тексеру
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы барысында біз ізгіліктің қалыптасу деңгейіндегі өзгерістердің нәтижелілігін анықтау үшін «срездерді» жүзеге асырдық. Зерттелетін сапа деңгейінің қалыптасуын тексеру педагогикалық зерттеу әдістері кешенінің көмегімен бұрын сипатталған өлшемдер мен көрсеткіштерді есепке ала отырып жүзеге асырылды.
Қалыптастыру эксперименті барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлық деңгейлері тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтаушы экспериментінде қолданған әдістемелермен анықталды.
Зерттеуге қатысушы сыналушылардың саны да өзгеріссіз сақталды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың тиімділігінің жоғарылағандығын үш кесінді нәтижелері арқылы анықталады. 2-ші семестрдің аяғында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруға даярлығы деңгейлерін анықтаудың бастапқы кесіндісі алынды.
Бірінші кесінді 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2-ші курста оқу жоспарына сәйкес базалық пәндер компоненті мен «Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнін оқығанан кейін және студенттердің педагогикалық практикасының нәтижесінде өткізілді.
Екінші кесінді 5В010200 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 3-ші курста оқу жоспарына сәйкес кәсіптендіру пәндер компонентінде таңдау компонентінде «Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі», «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі», «Дүниетануды оқыту әдістемесі» жоспарланған пәндерден және студенттердің педагогикалық практикасынан кейін жүзеге асырылды.
Үшінші кесінді 2019-2020 оқу жылының аяғында «Бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру негіздері» элективтік курсын өткеннен соң және өндірістік практикасы нәтижесінде талқыланды. Нәтижесінде мотивациялық, когнитивтік, іс-әрекеттік, рефлексивтік компоненттер бойынша болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың деңгейлері туралы ақпараттар алдық.
«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнін оқып бітке соң және педагогикалық практика нәтижесінің қорытындысында 2-ші курста базалық пәндер компонентінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттіліктерін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруың мотивациялық компоненті бойынша алғашқы нәтижелерінің көрсеткіштері көрсетілді.
«Бастауыш мектептегі жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәндерін оқыту нәтижесінде, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыру проблемасына қызығушылығы нақты жағдайларда көрінгендігін және арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастыруды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу бойынша практикалық іскерліктері мен дағдыларының айтарлықтай қалыптаспағандығына байқадық.
11-кестеде ұсынылған көрсеткіштерден біз алғашқы кесіндінің нәтижелеріне қарағанда, шамалы өзгерістерді көреміз. Бастапқы кесіндімен салыстырғанда барлық эксперименттік топтарда мотивациялық компонентінің деңгейінің жоғарылағандықты көреміз: ЭТ1 – 34,48%-ға дейін; ЭБ-2 – 36,37%-ға дейін, ЭТ3-43,5-ға дейін. БТ тобында төмен деңгейлердегілер 78,57%-ға азайса, орта деңгейлердегілер 21,43%-ға дейін көтерілді.
Кесте 11 – Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің арнайы құзыреттілігін жобалар әдісі негізінде қалыптастырудың мотивациялық компонентінің деңгейлері (бірінші кесінді)
Топтар
|
Студенттер саны
|
Төмен деңгей
|
Орта деңгей
|
Жоғары деңгей
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
саны
|
%
|
БТ
|
28
|
22
|
78,57
|
6
|
21,43
|
0
|
0,00
|
ЭТ-1
|
29
|
16
|
55,18
|
10
|
34,48
|
3
|
0,34
|
ЭТ-2
|
33
|
19
|
57,57
|
12
|
36,37
|
2
|
6,06
|
ЭТ-3
|
30
|
15
|
50
|
13
|
43,5
|
2
|
6,5
|
Достарыңызбен бөлісу: |