Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



бет26/45
Дата08.06.2016
өлшемі3.79 Mb.
#122403
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45

Өтініш

 

Банк операцияларын (валюта түрін көрсету - ұлттық және



(немесе) шетел):

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

өзге операцияларды:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

жүзеге асыруға лицензия беруіңізді сұраймын

Банк туралы мәліметтер:

1. Атауы, орналасқан жері

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үйдің нөмірі)

_________________________________________________________________

(телефон, факс)

2. Бірінші рет алған лицензия туралы деректер:

банктік және өзге операцияларды жүргізуге____________________________

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

(нөмірі, күні, лицензия берген мемлекеттік органның атауы)

3. Жіберген құжаттардың даналар саны және әр қайсысы бойынша парақтар саны:

_________________________________________________________________

_________________________________________________________________

Банк және құрылтайшылар (акционерлер) өтінішке қоса берілген құжаттардың (ақпараттың) дұрыстығына толық жауапты болады.

Өтінішті беруге өкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы

_________________________________________________________________

«Банктерге Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

_________________________________________________________________

(қолы)

 

20__жылғы «___» _____________



 

Мөрдің орны


________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта

ұйымдастыруға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – екі ай ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық


(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы қаулысы және көрсетілетін қызметті берушінің ресми рұқсаты (бұдан әрі – Басқарманың рұқсат беру туралы қаулысы және ресми рұқсат) не осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Банкті ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін өтініш жасағандағы қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша банкті (банк холдингін) ерiктi қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы қолдаухатты;

2) банктің (банк холдингінің) жоғары органының оны қайта құру туралы шешiмiн;

3) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта құрудың ұйғарылған шарттарын, нысандарын, тәртiбi мен мерзiмдерiн сипаттайтын құжаттарды;

4) банктің (банк холдингінің) ол ерікті түрде қайта құрылғаннан кейiнгi және (немесе) банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта құру нәтижесiнде құрылған заңды тұлғалардың есеп айырысу балансын қоса алғанда, ерікті түрде қайта құру салдарының қаржылық болжамын табыс етуге тиісті.



Банк акционерлерінің жалпы жиналысы банкті қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдағаннан кейін ол кредиттік серіктестікке қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда банк жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру, сондай-ақ құрылатын кредиттік серіктестік қатысушыларының депозиттерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін тікелей төлем жасау не басқа банкке аудару арқылы оларды қайтарып беру шараларын қабылдайды.

Қайта ұйымдастырылатын банк банктің бұрын жасалған шарттары бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау не осы шарттарды бұзу шараларын жүзеге асырады.

Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген іс-шаралар жүргізілгеннен кейін қайта ұйымдастырылатын банк көрсетілетін қызметті берушіге осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген құжаттармен бірге кредиттік серіктестікке қайта құру жолымен оны қайта ұйымдастыруға рұқсат беру туралы, оның ішінде заңды тұлғалардың депозиттеріне қатысты, сондай-ақ осы тармақ талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып өтініш жасайды.

Порталда:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.

10. Мыналар:

1) қайта құрылатын банктің (банк холдингінің) жоғары органының тиісті шешiмдері болмаған;

2) болжанатын қайта құру нәтижесінде депозитарлар мүдделерінің бұзылуы;

3) болжанатын қайта құру нәтижесінде пруденциялық нормативтердің және сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің бұзылуы;

4) болжанатын қайта құру нәтижесінде монополияға қарсы заңнамасы талаптарының бұзылуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе


1414 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып

қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.


________________

«Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша

№ ___ күні ____________


 

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің төрағасына

 
Банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға



рұқсат беруге арналған

өтініш

 

_________________________________________________________________



(көрсетілетін қызметті алушының атауы)

банк (банк холдингі) акционерлерінің жалпы жиналысының

__________________________ ____ жылғы «__» ________________ № _____ шешіміне сәйкес (өткізілетін орны)

_________________________________________________________________

банкті (банк холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған

_________________________________________________________________

(заңды тұлғаға (тұлғаларға) (бірігу, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) (керегінің асты сызылсын) арқылы банкті (банк холдингін) ерікті қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.

Банк (банк холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде берілуіне толығымен жауап береді.

Қоса берілетін құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):

Банк акционерлерінің атынан уәкілетті адам (тегі, аты, әкесінің аты


(бар болса), аталған өкілеттіктерді алуға негіз болып табылатын құжатқа сілтеме).

«Банкті (банк холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.


Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
__________________________ _________________

 (қолы)                                                             мөр


________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген

«Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:

лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.

Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:


  1. аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 5 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

  2. лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;

  3. лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;

2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

лицензия алу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензияны беру туралы өтінішті;

2) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына белгіленген нысан бойынша лицензия алуға көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметті;

4) жоғары білімі туралы дипломның нотариат куәландырған көшірмесі;

5) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алуға оқудан өткендігін және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына көрсетілген тізбені қамтитын Актуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасы бойынша тиісті емтихандарды ойдағыдай тапсырғандығын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (жоғары білімi және көрсетiлген бағдарлама бойынша оқудан қткен жеке тұлғалар үшін);

6) «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дипломының көшірмесі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының


3-қосымшасына ктуарийлерді оқытудың ең төменгі мiндеттi бағдарламасына қатысты әрбір курс бойынша 80%-дан кем емес рейтингі бар «Актуарий» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрінің дипломы бар жеке тұлғалар үшін);

7) актуарийлердің (актуарий мәртебесі бар және (Актуарийлердің Халықаралық Қауымдастығының толық мүшесі мәртебесі бар актуарийлердің қоғамының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) мүшесі (толық мүшесі) болып табылатын жеке тұлға үшін тиісті қауымдастығының (қоғамның немесе өзге де бірлестіктің) ұсынымхаты

8) Қазақстан Республикасының резиденті емес жеке тұлғалар үшін тізбесін және талаптарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін актуарийдің мәртебесін және халықаралық актуарийлер қауымдастықтарына  мүшелігін растайтын құжаттардың көшірмелерін табыс етеді.

Сақтандыру нарығында актуарлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия көрсетілетін қызметті алушыға ол Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы заңнамасын білуіне тестілеуден өткеннен кейін беріледі.



Тестілеуден өту тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі № 120 қаулысымен бекітілген Сақтандыру нарығында актуарлық қызметтi жүзеге асыру, актуарлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қолданылуын тоқтату және одан айыру, актуарийлердің біліктілік емтиханын тапсыру, тәуелсіз актуарийдi тарту, тәуелсіз актуарийдiң актуарлық есептердің дұрыстығын тексеру нәтижесін қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібі туралы ережеде белгіленген;

лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.

Порталда:

лицензия алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;



лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік жоқ болғанда):

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).

Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік ақпарат жүйелеріндегі мәліметтерді портал арқылы мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен кәуландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпарат жүйелерінен алады.

10. Мыналар:

1) егер көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген лицензия алуға құжаттардың барлығын ұсынбағанда;

2) мына негіздер бойынша лицензиядан айыру туралы деректер болғанда:

лицензияның қолданылуын бірнеше мәрте тоқтату (соңғы он екі айдың ішінде екі рет);

үшінші тұлғаға актуарлық есеп айырысулар жүргізу, сондай-ақ тәуелсіз актуарий ретінде және сақтандыру құпиясы немесе коммерциялық құпияның мәнін құрайтын (уәкілетті органды қоспағанда) қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтерді жария еткенде немесе бергенде;

оларға сақтандыру резервтерін қалыптастыру жөніндегі талаптарды сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтамау фактілері белгілі болғандығы туралы, актуарийдің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне кешіктірмей хабарлау бойынша талаптарды орындамауы;

3) көрсетілетін қызметті беруші жүргізген тестілеудің нәтижесі теріс болғанда;



4) субъектілердің осы санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңында қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салынғанда;

5) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;

6) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сай келмеген;

7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;

8) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет