3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынатын жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе
1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
«Банкті ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Банкті ашуға рұқсат беру туралы
өтініш
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, бар болса – әкесінің аты)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(осы өтінішті құрылтайшылар атынан беруге өкілеттігін куәландыратын
нотариатта немесе басқадай расталған құжатқа сілтеме)
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының жұмыс орны мен оның лауазымы, тұрғылықты жері, заңды мекенжайы)
Құрылтай жиналысының ______жылғы «___»____________ № ____ шешіміне (хаттамасына) сәйкес__________________________________________________
(құрылатын банктің толық атауы мен орналасқан жері)
____________________________________________________________________
ашуға рұқсат беруді сұрайды.
Құрылтайшы (құрылтайшылар) өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіге осы өтініштің қаралуына байланысты сұратылған ақпаратты дер кезінде ұсынуға толық жауап береді.
Қосымша (жіберілген құжаттардың тізбесі, даналар саны және әрқайсысының парақтар саны):
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
«Банкті ашуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
_________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)
________________
«Банкті ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Фото (3 x 4 сантиметр)
Құрылтайшы - жеке тұлға туралы мәліметтер
___________________________________________
(банк атауы)
20 __ жылғы «___» ___________
1. Құрылтайшы___________________________________________________
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
2. Туған күні____________________________________________________
3. Туған жері___________________________________________________
______________________________________________________________
4. Азаматтығы__________________________________________________
_______________________________________________________________
5. Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері____________________
______________________________________________________________
6. Тұрғылықты жері_____________________________________________
________________________________________________________________
7. Жұмыс орны, лауазымы__________________________________________
_________________________________________________________________
8. Телефон нөмірі (қаланың коды, жұмыстың және үйдің нөмірі)_________
_________________________________________________________________
9. Білімі________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________
(оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
10. Еңбек қызметі туралы қысқаша түйіндеме
_____________________________________________________________________________________________________________________________________
(жұмыс орны, лауазымы, жұмыс істеген кезеңі)
11. Құрылтайшы – жеке тұлға қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау туралы, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.
Қолы _________________ күні _________________
________________
«Банк ашуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Құрылтайшы - заңды тұлға туралы мәліметтер ___________________________________________
(банк атауы)
20 __ жылғы «___» ___________
1. Құрылтайшы__________________________________________________
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
2. Мекенжайы_________________________________________________
_______________________________________________________________
(пошта индексі, қала, көше, байланыс телефоны)
3. Мемлекеттік тіркеу_____________________________________________
_________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, күні, кім берді)
4. Қызмет түрі___________________________________________________
_________________________________________________________________
(қызметінің негізгі түрлерін көрсету)
5. Қазақстан Республикасының резиденті, Қазақстан Республикасының резиденті емес (керегінің асты сызылсын).
6. Құрылтайшы - заңды тұлғаның басшысы___________________________
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні)
Білімі_________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________
(оқу орны, бітірген жылы, мамандығы)
7. Соңғы үш күнтізбелік жылда құрылтайшы заңды тұлғада ірі қаржылық проблемалар, оның ішінде банкротқа ұшырау, консервация, сауықтыру болды ма:______________________________________________________________
(олардың туындау себептері)
__________________________________________________________________________________________________________________________________
(бұл проблемаларды шешу нәтижелері)
8. Банк құрылтайшысы - заңды тұлға ірі акционер болып табылатын немесе жарғылық капиталға қатысу үлесінің он немесе одан да көп пайызына тура және (немесе) жанама ие ұйымдарды көрсетіңіз:_________________________
_________________________________________________________________
ұйым қызметінің түрі
____________________________________________________________________________________________________________________________________
осы заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысуы
9. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4139 тіркелген) тізбесі белгіленген рейтингілік агенттіктердің бірі берген ұйым рейтингі болған жағдайда, оны көрсетіңіз.
10. Құрылтайшы - заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметті беруші қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқарманың (атқарушы органның) бірінші басшысы және (немесе) оның орынбасары, бас бухгалтері болды ма.
____________________________________
(қолы)
___________________________________
(күні)
___________________________________
(мөр)
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банк операцияларын
жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Банк операцияларының жекелеген түрлерін, банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде:
лицензия бергенде – отыз жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдегенде – он жұмыс күні ішінде;
лицензияның телнұсқаларын бергенде – екі жұмыс күні ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың дәлелді жауабы.
Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленеді:
-
аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
-
лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен көп емес;
-
лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 пайызы болады.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол немесе қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын портал арқылы алуға электрондық сұрау салған жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
лицензия алу үшін:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лицензия алуға өтініш;
2) қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
3) жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын бермеген жағдайда, нотариат куәландырған көшірмелері);
4) құжаттарға қол қоюға құрылтайшы өкілеттік берген тұлға бекiткен, жаңадан құрылатын банк қызметінің стратегиясын, қызметтінің бағыты мен ауқымын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жылындағы пайда мен шығындар болжамы, маркетинг (банк клиентурасын қалыптастыру) жоспары, еңбек ресурстарын тарту жоспары, тәуекелдердi басқаруды ұйымдастыруды ашып көрсететiн бизнес-жоспарын;
5) Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес банктік емес ұйымдардың банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары бойынша қағида;
6) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын емес ұйымның атқарушы органның бірінші басшысы мен бас бухгалтері туралы мәліметтерді;
7) құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес акционерлер (қатысушылар) туралы мәліметтерді;
8) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүрзізетін филиалдардың (осындайлар болған кезде) тізімін және осындай филиалдар туралы ережелердің нотариат куәландырған көшірмелерін;
9) жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінің толық төленгендігін растайтын құжаттарды - төлем тапсырмаларын, кассалық кіріс ордерлерін (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлғаларды қоспағанда) ұсынады.
Ипотекалық ұйымдар лицензия алу үшін көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мыналарды:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес электрондық және қағаз жеткізгіштердегі Директорлар кеңесінің бірінші басшысы мен мүшелері, атқарушы орган мүшелері туралы мәліметтерді;
2) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
(бұдан әрі – Заң) 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағиданы;
3) ішкі аудит туралы қағиданы береді.
Қор биржасы, орталық депозитарий лицензия алу үшін осы тармақтың
бірінші бөлігіндегі 1), 2), 5) және 6) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Аграрлық-өнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттардан басқа мыналарды береді:
1) Заңның 34-бабына сәйкес әзірленген ішкі кредиттік саясат туралы қағиданы;
2) ішкі аудит туралы ереже (акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлғалар үшін);
лицензияның телнұсқасын алу үшін:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) еркін нысанда жазылған өтініш;
2) лицензияның түпнұсқасы (қызметтің лицензияланатын түрінен банк операцияларының бір немесе одан да көп түрін алып тастаған жағдайда);
3) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі.
Порталда:
лицензия алу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат
(құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі;
лицензияның телнұсқасын алу үшін (порталда тиісті ақпараттық жүйелерден лицензия туралы мәліметтер алуға мүмкіндік болмаған кезде):
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) лицензияның телнұсқасын беру кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде);
лицензияны қайта ресімдеу үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) лицензияны қайта ресімдеген кезде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына бюджетке лицензиялық алым төлеу туралы құжат (құжаттың электрондық көшірмесі түрінде).
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
Осы тармақта тізбеленген бірнеше парақтан тұратын құжаттар нөмірленіп, тігіліп және соңғы парағының артына тігілген түйіндегі жапсырманың жоғары жағына парақ саны көрсетіледі соңғы парағының артына қызметті алушының мөрімен расталып ұсынылады. Құжаттардың көшірмелері мұндай құжаттарға қол қою құқығын иеленетін көрсетілетін қызметті алушының лауазымды тұлғаларының қолымен және қызметті алушының мөр бедерімен куәландырылады.
10. Мыналар:
1) мына талаптардың кез келгені сақталмағанда:
банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бір жыл ішінде барлық ұйымдастыру-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлік есеп беру мен бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыру жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді дайындауға, тиісті персонал жалдауға;
2) табыс етілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;
3) субъектілердің осы санаты үшін Қазақстан Республикасы заңдарында қызмет түрімен айналысуға тыйым салуы;
4) қызмет түріне лицензия алуға өтініш берген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның енгізілмеуі;
5) көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген соттың үкімі бар болуы;
7) сот орындаушысы ұсынған негізде сот көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардын толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |