«Арнайы ислам қаржы компаниясын ерiктi түрде қайта
ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Арнайы ислам қаржы компаниясын ерiктi түрде қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік отыз күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға қағаз жеткізгіштегі рұқсат.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
1) еркін нысандағы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім берілген ислам арнайы қаржы компаниясының бірінші басшысы қол қойған және ислам арнайы қаржы компаниясының атауы туралы мәлімет (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес) және ислам бағалы қағаздарының шығарылымын өтеу нәтижелері туралы есепті көрсетілетін қызметті беруші бекіткен күн көрсетілген ислам арнайы қаржы компаниясын ерікті қайта ұйымдастыруға не таратуға рұқсат беру туралы өтініш;
2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе оригинатордың жарғысында өзгеше белгіленбесе, ислам арнайы қаржы компаниясы оригинаторының директорлар кеңесі (бақылаушы кеңесі) қабылдаған оны ерікті қайта ұйымдастыруға не таратуға рұқсат беру туралы шешімнің көшірмесі.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасағанда электрондық цифрлық қол болуы талап етілмейді.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш бергенде – үш ай ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық
(ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі – қағаз жеткізгіштегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беру туралы қаулысы және көрсетілетін қызметті берушінің ресми рұқсаты (бұдан әрі – рұқсат) не Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту туралы қаулысы және осы мемлекеттік көрсетілетін стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда жазылған дәлелді жазбаша жауабы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда нәтиже электрондық форматта ресімделеді, қағазға басылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен расталады.
Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың себептері жазылған дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамы электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбі – жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз ұсынылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш берген кезде қажетті құжаттар тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) банктің және (немесе) банк холдингінің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысу туралы шешімі;
3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйымның басшы қызметкерлерi (немесе басшы қызметкерлер лауазымдарына тағайындау немесе сайлау үшін ұсынылатын кандидаттар) туралы ақпарат;
4) бизнес-жоспарды ұсына отырып, банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
5) банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйым орналасқан елдің заңнамасын талдау негізінде Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломератына қатысушылар орналасқан елдердің заңнамасы олардың және банк конгломератының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген талаптарды орындау мүмкіндігін болғызбауына байланысты банк конгломератына шоғырландырылған қадағалауды жүргізу мүмкіндігінің болмауын көздейтін мән-жайлардың жоқ екендігі туралы ақпарат;
6) банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ ол сатып алатын акциялардың саны және акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) алдын ала төлем мөлшері туралы ақпарат;
7) банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте қамтылмаса), сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе банк және (немесе) банк холдингі қомақты қатысуды иеленуге ниетті ұйым акцияларының саны туралы ақпарат;
8) банк және (немесе) банк холдингі жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын сатып алу арқылы қомақты қатысуды иемденетін заңды тұлға туралы:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
банк және (немесе) банк холдингі акционері болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (банк және (немесе) банк холдингі құрылтайшысы, қатысушысы, акционері болған) қатысу үлесінің мөлшері, басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталынан оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
банк және (немесе) банк холдингі акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялардың саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына пайыздық арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер. Бұл талаптар банк және (немесе) банк холдингі бірнеше заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алу арқылы қомақты қатысатын жағдайларға қолданылады.
Банк және (немесе) банк холдингі Қазақстан Республикасының резидент банкінің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының капиталына қомақты қатысуға рұқсат алу үшін өтініш берген жағдайда осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.
Порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағы бірінші бөлігінің 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмелері түріндегі құжаттар электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы алады.
10. Мыналар:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттарды табыс етпегенде;
2) құрылатын немесе сатып алынатын еншілес ұйым орналасқан елдің қаржы ұйымдарын шоғырландырылған қадағалау саласындағы заңнамасының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шоғырландырылған қадағалау жөніндегі талаптарға сәйкес келмегенде;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) талаптарына сай келмесе:
мыналар басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды:
мінсіз іскерлік беделі жоқ;
көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымы директорлар кеңесінің бірінші басшысы, басқармасының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері, ірі қатысушысы (банк холддингі)-жеке тұлғасы, ірі қатысушысы-заңды тұлғасының бірінші басшысы болған адамдар. Аталған талап көрсетілетін қызметті берушінің қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымының лицензиясын кері қайтарып алу туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешімі қабылданғаннан кейін бес жыл бойы қолданылады;
өзге қаржылық ұйымда басшы қызметкер лауазымында болған кезеңінде оны басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам басқа қаржы ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Аталған талап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.
4) банктің және (немесе) банк холдингінің болжанып отырған еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауы;
5) еншілес ұйымның қызметі немесе банк және (немесе) банк холдингі жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің, банк холдингінің және (немесе) банк конгломератының қаржылық жай-күйінің нашарлауы көзделетін қаржылық салдарды талдау;
6) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйымның қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
7) еншілес ұйым орналасқан елдің заңнамасында көзделген жағдайларда еншілес ұйымның белгіленген пруденциялық нормативтерді, сондай-ақ банктің және (немесе) банк холдингінің пруденциялық нормативтерді сақтамауы, оның ішінде шоғырландырылған негізде сақтамауы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді сақтамауы;
8) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде ықпал етудің қолданыстағы шектелген шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінінің банкке және (немесе) банк холдингіне және (немесе) сатып алу көзделген еншілес ұйымға қатысты қолданған санкциясының болуы;
9) банк және (немесе) банк холдингі еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, инвестициялық портфельді басқарушыны құрған немесе иемденген жағдайларда, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген Қазақстан Республикасының резиденттері банк немесе сақтандыру холдингі, банктің, сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беруге қатысты талаптарды сақтамауы мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тартуға негіз болып табылады.
3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, берілген шағымға алынған жауаптың мерзімі мен орнын көрсете отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Портал арқылы өтініш берген жағдайда шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 8-800-080-7777 немесе
1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағымдарды портал арқылы «жеке кабинеттен» жіберген жағдайда шағым туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті беруші шағымды өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып
қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметтер көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинеті» арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығынан мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
________________
«Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
______жылғы «_____»____________№________
Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беруге
өтініш
_________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының атауы)
_____ жылғы «____» _______________ № ____ көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне сәйкес
_________________________________________________________________
(өткізу орны)
құруына немесе иеленуге рұқсат беруіңізді сұрайды.
_________________________________________________________________
(құрылатын (иеленетін) еншілес ұйымның атауы, орналасқан орны)
Банк өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дұрыс болуына, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұратылып алынған қосымша ақпарат пен құжаттардың көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде берілуіне толығымен жауап береді.
Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атауымен тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек)_________________
____________________________________________________________________.
«Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
Ақпарат жүйелеріндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.
Басқарманың төрағасы
________________________________________ ________________________
(қолы)
Директорлар кеңесінің төрағасы
________________________________________
(қолы)
Мөр.
________________
«Ұйымның жарғылық капиталына банктің және (немесе) банк холдингінің елеулі түрде қатысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |