Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



бет1/13
Дата26.09.2022
өлшемі443.5 Kb.
#461341
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Оқу бағдарлама Әдебиеттік оқу 2-4 кл






Әдебиеттік оқу. Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында бастауыш мектепке (2-4 сыныптар) арналған оқу бағдарламасы (30 пилоттық мектептерде сынақтан өткізу үшін байқау нұсқасы). – Астана, 2015. – 26 б.

Оқу бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған.


Мазмұны



І Жалпы мәлімет 4
1 «Әдебиеттік оқу» пәнінің маңыздылығы 4
2 «Әдебиеттік оқу» пәні бағдарламасының мақсаты 4
3 Үштілділік саясатын жүзеге асыру 7
4 «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісінде ұйымдастыруға қойылатын талаптар 7
5 «Әдебиеттік оқу» пәнін оқытуда қолданылатын педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдер 8
6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру 10
7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі 10
8 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту 11
9 Оқушылардың оқу жетістігін бағалау туралы 12
ІІ «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі 14
1 «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны 14
2 Оқу мақсаттарының жүйесі 15
3 Ұзақ мерзімді жоспар 19



І Жалпы мәлімет




1 «Әдебиеттік оқу» пәнінің маңыздылығы




«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының оқырмандық және қатысымдық дағдыларын қалыптастыруға, олардың адамгершілік және әдеби-эстетикалық құндылықтар жөнінде түсініктерін кеңейтуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, сөз өнерін сезінуге, көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі пәндердің бірі.
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқу барысында бастауыш сынып оқушылары әлем туралы, жалпы адамзат туралы білім алады. Шығармадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына, сөйлеген сөзіне талдау жасай отырып, адамдардың жан-дүниесін түсінуді және оған өз көзқарасын білдіруді үйренеді.
«Әдебиеттік оқу» пәні:

  • көркем шығармалар арқылы оқушының бойында ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерінің үйлесімді дамуына;

  • халық ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдеби шығармаларды оқып-талдау арқылы қазақ тілінің бай эстетикалық мұрасымен танысуына;

  • әдеби шығармалар арқылы қазақ ұлтының мәдениетін, тарихын меңгеруіне;

  • сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамының қалыптасуына;

  • әдеби мәтіндердің жанрын, стилін, құрылымын, тақырыбын, тілдік және баяндау ерекшеліктерін ажырата білуіне;

  • отандық және әлемдік балалар әдебиетінің озық үлгілерімен танысуына;

  • әдеби-теориялық білім негіздерінен бастапқы түсініктерді меңгеруіне;

  • әдеби туындыларды өз бетімен оқу арқылы тұрақты оқырмандық қызығушылығының қалыптасуына;

  • сын тұрғысынан ойлау дағдысының дамуына;

  • оқу сауаттылығы мен шығармашылық жазу тілінің қалыптасуына;

  • анықтамалықтармен, сөздіктермен, библиографиялық әдебиеттермен, басқа да ақпарат көздерімен жұмыс істей білуге дағдылануына ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет