Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру



бет5/13
Дата26.09.2022
өлшемі443.5 Kb.
#461341
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Оқу бағдарлама Әдебиеттік оқу 2-4 кл

6 Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру


«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту үдерісі оқушылардың түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыруды негізгі міндеттердің бірі ретінде алдыңғы орынға қояды. Бұл мәселе жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың түрлі әлеуметтік орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.


«Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасында түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру төмендегідей оқу міндеттерінен көрініс табады:

  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрметпен қарай білуге үйрету;

  • Қазақстан халықтарының ұлтаралық келісімі мен бірлігін сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;

  • өзгенің пікіріне, көзқарасына, наным-сенімі мен әдет-ғұрпына, сезімі мен идеяларына сыйластық пен төзімділік көрсетуге баулу;

  • жеке тұлғаның пікірін және әр пікірдің құндылығын ескеруге үйрету;

  • түрлі көзқарастар мен өз көзқарасын, өзгенің пікірі мен өз пікірін салыстыра отырып, ойын ашық жеткізуге дағдыландыру;

  • көптілді, көпмәдениетті қоғамда өмір сүру, өзін еркін сезіну қабілетін қалыптастыру.

Осы аталған оқу міндеттері тіл жүйесі заңдылықтары мен тілдік жағдаяттар негізінде және көркем шығармаларды оқып-меңгеру барысында басшылыққа алынады.

7 Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі


Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың оқу үдерісінде, бос уақыттарында және қарым-қатынас барысында АКТ құралдарын орынды және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолдану дағдылары арқылы қалыптасады.


АКТ құралдарын қолдану дағдылары оқушылардың ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеуіне, мәліметтермен, ой түйіндерімен алмаса отырып, құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең мүмкіндіктерін пайдалана білуіне және сол арқылы өз жұмысын бағалай және жетілдіре алуына ықпал етеді.
АКТ-ны қолдану дағдылары «Әдебиеттік оқу» пәнінің бағдарламасында төмендегідей көрініс табады:

  • оқыту сапасын арттыру үшін сабақтарда жаңашыл әдістер мен ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану;

  • интернет ресурстарымен жұмыс жасау (веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іздеу, табу, сұрыптау, іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);

  • мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға (Word, Power Point) көшу;

  • ақпаратты өңдеп, электронды түрде жеке құжат ретінде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;

  • электронды оқулықтарды, оқу құралдарын, анықтамалық құралдарды пайдалануды меңгеру;

  • тақырыпқа байланысты түрлі медиақұралды қолдана білу;

  • ақпаратты саралап, талдап, зерттеуге үйрену.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет