Бөлімше
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
|
2.1.1.1 Шығарманың мазмұны не жайында екенін түсіну және қарапайым сұрақтарға жауап беру
|
3.1.1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну, маңызды тұстарын анықтау үшін сұрақтарға жауап беру
|
4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін сұрақтар қою және жауап беру
|
1.2
Шығарманы мазмұндау
|
2.1.2.1 Шығарманың мазмұнын дайын жоспар бойынша немесе өз сөзімен мазмұндау/ үзіндісін мазмұндау/сахналау
|
3.1.2.1 Шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау
|
4.1.2.1 Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып, оқиғаларды өрбітіп, т.б.) қолданып шығармашылықпен немесе мұғалім нұсқауы бойынша (қысқаша, толық, ішінара) мазмұндау
|
1.3 Шығармадағы
оқиғаны болжау
|
2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау
|
3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне және құбылыстар мен оқиғаларға сүйеніп сюжеттің дамуын болжау
|
4.1.3.1 Шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі арқылы сюжеттің дамуын болжау және болжамының себебін түсіндіру
|
1.4 Тыңдарман-ның назарын аудару
|
2.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
|
3.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ ертегілерден үзінділерді/ нақыл сөздерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
|
4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/ өлең жолдарын/ нақыл сөздерді/ шешендік сөздерден, мысалдардан үзінділерді және вербалды емес тілдік құралдарды қолдану
|
3.1.4. 2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фотографиялар/ суреттер қолдану
|
4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/ фотографиялар/ суреттер қолдану, презентация/ видеоролик жасау
|
1.5 Пікірін білдіру
|
2.1.5.1 Тыңдалған материалға сүйеніп, ойын, идеясын, сезімін өз сөзімен жеткізе білу
|
3.1.5.1 Ойын, идеясын, сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолданып жеткізу
|
4.1.5.1 Ойын, идеясын, сезімін, көзқарасын өмірде болған немесе өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру
|