ІІ «Әдебиеттік оқу» пәні мазмұны мен оқу мақсаттарының жүйесі
Оқу бағдарламасын меңгерту оқытудың «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы аясында ұйымдастыруды талап етеді. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша білім мазмұны қатысымдық дағдыларды қалыптастыру мақсатына сәйкес құрылған. Пән бойынша ұсынылатын білім мазмұнының ішкі бөлімдері жинақталған білім, түсінік пен дағдыларды қалыптастыруды көздейтін кіші бөлімшелерге бөлінген. Әрбір бөлімше өзара сабақтаса отырып, оқыту мақсаттарын айқындайды. Бұл мұғалім мен оқушыға алдағы қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.
2-4 сыныптар
|
№
|
Бөлім
|
Бөлімше
|
|
Тыңдалым және айтылым
|
1.1 Шығарманың мазмұнын түсіну
|
1.2 Шығарманы мазмұндау
|
1.3 Шығармадағы оқиғаны болжау
|
1.4 Тыңдарманның назарын аудару
|
1.5 Пікірін білдіру
|
2
|
Оқылым
|
2.1 Оқу түрлерін қолдану
|
2.2 Шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
|
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
|
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
|
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату
|
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
|
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну
|
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
|
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу
|
3
|
|
3.1 Жоспар құру
|
3.2 Түрлі жанр бойынша шығармашылық жұмыс жазу
|
3.3 Шығармашылық жұмыстарды түрлі формада ұсыну
|
3. 4 Жұмысындағы қателерін табу және түзету
|
Бағдарламаның бұл бөлімінде оқу мақсаттары кодтық белгілермен белгіленді: бірінші белгі – сыныбын, екінші және үшінші белгі – бөлімнің және бөлімшенің реттік санын, төртінші белгі оқу мақсатының реттік номерін көрсетеді. Мысалы, 1.1.2.1. кодында «1» - сыныбы, «1» - «Тыңдалым және айтылым» бөлімі, «2» - бөлімшеcі, «1» – оқу мақсатының реттік саны.
Достарыңызбен бөлісу: |