Бөлімше
|
2-сынып
|
3-сынып
|
4-сынып
|
2.1 Оқу түрлерін қолдану
|
2.2.1.1 Мәтінді дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/ рөлмен/ мәнерлеп оқу
|
3.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлмен/ мәнерлеп/ теріп оқу
|
4.2.1.1 Мәтінді дауыстап түсініп/ рөлмен/ мәнерлеп/ теріп/ шапшаң оқу
|
2.2.1.2 Мәтінді іштей түсініп және қажетті ақпаратты тауып/ таныса оқу
|
3.2.1.2 Мәтінді іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/ сын тұрғысынан бағалап оқу
|
4.2.1.2 Мәтінді іштей көз жүгіртіп/шолып/ түртіп алып/ сұрақтар қоя отырып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып оқу/ талдау жасап оқу/ сын тұрғысынан бағалап оқу/сызбаларды, диаграммаларды оқу
|
2.2 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
|
2.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын мәтіннен таба білу
|
3.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша қолдануға (практикалық), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
|
4.2.2.1 Шығарма мазмұны бойынша қайта құруға (интерпретациялауға), бағалауға және шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою және жауап беру
|
2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау
|
2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен тірек сөздер мен сөз тіркестері арқылы шығарманың тақырыбын анықтау және автордың не туралы айтқысы келгенін түсіну
|
3.2.3.1 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды білдіріп тұрған сөйлемді анықтау, автордың білдіргісі келген негізгі ойын түсіну
|
4.2.3.1 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын анықтау, автордың ойын мәтіннен деректер келтіре отырып дәлелдеу
|
2.4 Әдеби шығарманың жанрын анықтау
|
2.2.4.1 Халық ауыз әдебиетінің (ертегі, жаңылтпаш, мақал-мәтел, жұмбақ, төрт түлік жырлары, бесік жыры, өтірік өлең, аңыз-әңгіме) жанрлық ерекшеліктерін тану
|
3.2.4.1 Халық ертегілері мен әдеби ертегілерді, нақыл сөздер, аңыздар, күлдіргі әңгімелер, бата, айтыс, батырлар жыры, өлеңдерді ажырату
|
4.2.4.1 Аңыздар, мифтер, мысалдар, шешендік сөздер, батырлар жыры, әңгімелер, өлеңдер, фантастикалық әңгімелерді ажырату
|
2.5 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырату
|
2.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен ертегінің басталуын, жалғасуы мен аяқталуын анықтау
|
3.2.5.1 Мұғалімнің көмегімен халық ертегілері мен әдеби ертегілердің, әңгіменің құрылымдық бөліктерін ажырату
|
4.2.5.1 Ертегінің, әңгіменің, мысалдың құрылымдық бөліктерін өздігінен анықтау
|
2.6 Кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалау
|
2.2.6.1 Шығармадағы кейіпкердің сыртқы бейнесін сипаттау, оның іс-әрекетіне, мінез-құлқына сәйкес қарапайым тілмен пікірін білдіру
|
3.2.6.1 Автордың кейіпкер портретін сомдау тәсілін (сөзі, мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы) анықтау, кейіпкерді мәтіннен дәлелдер келтіре отырып бағалау
|
4.2.6.1 Автордың кейіпкер портретін сомдау тәсілін, автордың кейіпкерге көзқарасын анықтау, өзінің және автордың бағасын салыстыру/ кейіпкерлердің ұқсастығы/қарама-қайшылығы бойынша салыстыру
|
2.7 Әдеби көркемдегіш құралдардың қолданылуын түсіну
|
2.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадан құбылысты/ кейіпкерді суреттейтін үзіндіні және ондағы көркем сөздер мен сөз тіркестерін табу
|
3.2.7.1 Мұғалімнің көмегімен шығармадан әдеби көркемдегіш құралдардың (теңеу, салыстыру, кейіптеу, эпитет, метафора) рөлін анықтау және оларды ажырату
|
4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдардың (теңеу, кейіптеу, эпитет, метафора, аллитерация, әсірелеу) рөлін анықтау және оларды ажырату
|
2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру
|
2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерісті/ эпизодтерді немесе негізгі оқиғаларды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
|
3.2.8.1 Кейіпкердің іс-әрекетіндегі өзгерісті/ эпизодтерді немесе негізгі оқиғаларды салыстыру, сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау
|
4.2.8.1 Кейіпкердің сезімін/ негізгі оқиғаларды шығармадан мысалдар келтіре отырып салыстыру және эпизодтерді, оқиғаларды талдау
|
2.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ мультфильм/ видеофильм) нұсқасымен салыстыру
|
3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка/ мультфильм/ видеофильм) нұсқасымен салыстыру
|
4.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка/ мультфильм/ кинофильм) нұсқасымен салыстыру
|
2.9 Дереккөздерден ақпарат алу
|
2.2.9.1 Берілген тақырыпқа сәйкес анықтамалық кітаптардан/ жинақтардан/ (мақал-мәтелдер, қысқа өлеңдер, т.б.) сөздіктерден қосымша ақпараттар алу
|
3.2.9.1 Шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден нақты ақпараттар және басқа үлгідегі (иллюстрация, әдеби кітаптар, музыка, мультфильм, видеофильм) нұсқаларын табу
|
4.2.9.1 Түрлі дереккөздерден (интернет, газет-журналдар, телебағдарламалар, анықтамалықтар, т.б.) қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау
|