Құрастырушылар: Мұханова Зинаида Боханова Орынкүл. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері



бет1/21
Дата21.02.2023
өлшемі119.15 Kb.
#469848
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
bal-duren-balaly 3



Құрастырушылар: Мұханова Зинаида
Боханова Орынкүл . Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері

Анотация

Әдістемелік құралда Коуч арқылы мұғалімдер тәжірибесіне оңтайлы ықпал ету жолдары қарастырылған.


Әдістемеде талантты және дарынды балаларды анықтаудың тиімді жолдары көрсетілген.
Тізбектелген сабақ жоспарын Блум таксономиясы негізінде құру үлгілері ұсынылған.
Мұғалімдерге түрлі әдіс-тәсілдерді меңгерту үшін коучинг үлгілері енгізілген.
Жет і модульді ықпалдастыра отырып құрылған тізбектелген сабақ үлгілері берілген.
Жаңа әдіс-тәсілдерді халық педагогикасымен байланыстыра отырып, меңгерту жолдары қарастырылған.
Кластан тыс шаралар,қасиетті жылқы малы туралы толық қамтылған мағұлматтар берілген.

Пікір

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мұханова Зинаида және Боханова Орынкүлдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жасаған әдістемелік құралы қазіргі уақыттағы қазақ тілін оқытудың түрлі әдістерін жан-жақты қамтыған. Әдістемелік құралда орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар, дарынды балаларды оқытудың әдіс-тәсілдері жан-жақты көрсетілген. Мұғалімдерге арналған түрлі тақырыптағы коучинг жоспарлары енгізілген. СТО, Блум таксаномиясы жөнінде мол мәліметтер берілген. Әдістемелік жұмыс мұғалімдер үшін жалпы білім беретін мектептерде қолданылуға ұсынылады.



Пікір жазған :
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университетінің оқытушысы,
педагогика ғылымдарының докторы, п.ғ.к: Туребаева К.Ж.

Пікір
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін жазылған әдістемелік құралда ұстаздарға арналған заманауи әдіс-тәсілдер кеңінен қамтылған және оларды меңгертудің түрлі жолдары көрсетілген.
Жеті модульді сабақта ықпалдастыру,Блум таксономиясы және тізбектелген сабақ үлгілері берілген.
Пікір жазған:
Ғылыми тәжірибелік орталығының әдіскері : Н.Б.Тайпақова


Түсінік хат
Әдістемелік құрал мектеп мұғалімдеріне арналған.Әдістеме ұстаздарға оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру жолдарын көрсетеді.Ол үшін мұғалімдерге арналған түрлі тақырыптағы коучингтер,Блум таксономиясы бойынша тізбектелген сабақ жоспарының үлгілері және балаларды топқа бөліп оқытудың тиімділігі, жеті модуль, оны сабаққа кіріктіру жолдары жан-жақты көрсетілген. Оқыту үшін бағалау,оқушылардың өзін-өзі бағалауы жөнінде мәліметтер берілген.
Сонымен бірге талантты және дарынды балаларды оқытудың тиімді жолдары халық педагогикасымен байланыстырыла көрсетілген.Кластан тыс шаралар,Абай өлеңдерін жаңаша талдау үлгілері берілген.
Әдістемелік құрал қазіргі заман талабына сай жеке тұлға қалыптастыру үшін ұстаздарға арналған көмекші құрал есебінде ұсынылады.
Әдістемелік құралда мұғалімдер үшін құнды деректер молынан кездеседі.



Наурыздың соңғы аптасы

Күні: 26.03.2014ж.

Ата- аналарға арналған коучинг сессия

Сабақтың тақырыбы:

«Бақытыңды балаңнан ізде!»



Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық



Жалпы мақсаты:

Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру



Оқу нәтижелері:

- Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластық әрекетінің мақсаты айқындалады, баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсінеді, бір - біріне деген сезім нығайады;

Негізгі идеялар:

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған ұясы

Жаттығулар:

Рефлексия


Дереккөздер:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет