Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу


Құрғақ казеиндегі майдың мөлшерін анықтау



бет26/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Құрғақ казеиндегі майдың мөлшерін анықтау.
Сүтке арналған майөлшегішке тығыздығы 1,82 г/мл 10 мл күкірт қышқылын және 8-8,5 мл су мұқият құямыз. Пергамент қағазға 3 г шикі казеинді 0,01 г дәлдікпен өлшеп, фарфор ыдыста алдын ала ұнтақтап аламыз, оны шыны шпатель таяқшасын қолданып бутириметрге саламыз. Одан соң 1 мл изоамил спиртін қосамыз. Бутириметрді тығынмен мықтап жауып, ақуызды заттар толығымен ерігенше температурасы 65-67° C болатын су моншасына саламыз. Ақуыздың еруін тездету үшін майөлшегішті аудармай жиегінде қалып кетпейтіндей етіп шайқайды. Бутириметрді екі рет центрифугалаймыз 5мин және 8 мин, содан кейін су моншасына 5мин ұстаймыз. Бутириметр көрсеткішін 3,666-ге көбейту арқылы казеин құрамындағы майдың пайыздық мөлшерін анықтаймыз. 3,666-коэффициенті 11-ді 3-ке бөлу арқылы алынады (казеиннің грам салмағы).
Құрғақ казеиндегі майдың мөлшерін есептік жолмен анықтау.
Егер шикі казеин сепаратор бөлімдерінде алса, сонымен қатар кішігірім май өндіруші зауыттарда өндірсе, онда кептіру үшін оны орталық май өндіруші заводқа апарады. Технологиялық процесті дұрыс басқару үшін құрғақ казеиндегі майдың мөлшерін жақсы білу қажет. Ондай кезде есептік жол қолданылады. Құрғақ казеинде майдың мөлшерін салыстырмалы түрде 10 пайыз деп алып және шикі казеин ылғалдылығы мен майлылығын біле отырып теңдеу құрастырылады. Сол жағы құрғақ казеиннің майлылығының шикі казеин майлылығына қатынасын, ал оң жағы құрғақ казеиннің құрғақ заттары шикі казеин құрғақ заттарына қатынасын көрсетеді.

X / 2,2а = (100 – в) / (100 – б)


Х – құрғақ казеиндегі майдың мөлшері.


2,2 – шикі казеиндегі ылғалды анықтау кезіндегі қайта есептеу коэффициенті
а – шикі казеиндегі ылғалды анықтау кезінде май өлшегіштің көрсеткіші, %
б– шикі казеиндегі ылғал мөлшері, %
в – құрғақ казеиндегі ылғал мөлшері, 10% деп қабылдаймыз.
оның орнына в мәнді ауыстырып, коэффициенттерді көбейте отырып, олар құрғақ казеиндегі майдың формуласын алады:
Х=198а/100-б
Мысал: құрғақ казеиннің май құрамын анықтаймыз , егер шикі казеинді анықтаудағы май өлшегіш көрсеткіші 0.4% болғанда, ылғал мөлшері 62% болады. Құрғақ казеиндегі май мөлшері:
Х=198*0.2/100-62=1.04%




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет