Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу


Қышқыл және мәйекті казеиннің ерігіштігін анықтау



бет27/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Қышқыл және мәйекті казеиннің ерігіштігін анықтау.

5 г өнімді 0.01 г дәлдікпен кішкене шыны стаканға өлшеп аламыз және қышқыл казеинге- 25 мл 3% бура ерітіндісін, мәйекті казеинге- 100 мл 1.5% аммиак ерітіндісін құямыз. Стаканның ішіндегісін шыны таяқшамен 30-40 минут (әрбір 10 минут сайын ) мұқият араластырамыз және температурасы 50°С су моншасында 1 сағатқа еріту үшін саламыз.


Қышқыл казеині бар шыны стаканға температурасы 50°C болатын 25 мл тазартылған су қосылады (ерітіндінің концентрациясы 10 % болады).
Мұқият араластырғаннан кейін алынған мәйекті немесе қышқыл казеиннің біртекті ерітінділерінен 0.1 мл бөлінген мөлшерінде градуирленген пробиркаға 10 мл ерітіндіні алады. Резеңкелі тығынмен жабады, 45-50°С кезінде су моншасында 3-5 мин бойы қыздырады және майды анықтау үшін центрифугада 10 мин центрифугалайды. Центрифугалаудан кейін пробирканың төменгі бөлігінде тұнба көлемі өлшенеді, ол 1 г қышқыл казеин мен 0,5 г құрғақ казеинге сәйкес келеді . Казеиннің ерігіштігі 1 г құрғақ казеинге мл - дегі тұнба көлемін білдіреді , сондықтан қышқыл казеин үшін табылған тұнба оның ерігіштігін көрсетеді, ал қышқыл мәйекті казеин үшін есептеу нәтижесін 2-ге көбейтіледі. Тұнба неғұрлым көп болса, казеиннің ерігіштігі соғұрлым аз болады.

Қорытынды. Зерттеу соңында нәтиже бойынша қорытынды жасау керек және бақылау сұрақтарына жауап берген дұрыс. Барлық жұмыс нәтижелерін дәптерге енгізу керек.


Бақылау сұрақтары:


1. Казеин өнімдерінің ерігіштігін анықтау?


2. Казеин өнімдерінің майлылығын анықтау?
3. Казеин өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар?
4. Казеин өнімдерінің ылғал мөлшерін анықтау?


Зертханалық жұмыс 14.


Тақырыбы: Сүт консервілері өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу.
Жұмыс мақсаты: Сүт консервілері өндірісіндегі технохимиялық бақылау сұлбасын зерттеу.
Жұмыстың мазмұны:
1. Сүт консервілерінің сапалық көрсеткіштерін зерттеу.
2. Сүт консервілері өндірісіндегі технологиялық процестерді бақылау схемасын құру және бақылау журналына толтыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет