Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу


Майсыз сүттің орташа тәуліктік үлгілерін консервілеу



бет25/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Майсыз сүттің орташа тәуліктік үлгілерін консервілеу. Консервілеу үшін әрбір 100 мл майсыз сүтке 2-3 тамшы 30-33% пергидроль ерітіндісі немесе 2-3 тамшы 37-40% формалин ерітіндісі қолданылады.
Шикі казеиннен сынама алу.
Сынама үлгіні щуп арқылы пресстелген және араластырылған шикі казеиннің әр партиясынан алынады. (Партия деп бір ыдыстан алынған шикі казеин). Таңдалған үлгіні мұқият араластырады, 50 г үлгі сынаманы банкіге салып, қатты тығындап жабады. Анализге үлгіні бірден фарфор ыдыста ұнтақтайды.
Шикі казеиндегі ылғалдылықты анықтау. Бұл анализ жоғарыда айтылған экспресс әдісімен жүзеге асырылады.
Шикі казеиндегі майдың құрамын анықтау. (ГОСТ 1211-41).
Жабдықтар мен реактивтер. Техникалық таразы, сүтке арналған май өлшегіш өлшеу мүмкіндігі 0 - 6 % дейін. Әрбір бөлігінің көрсеткіші 0,1 %, резиналы тығын , 10 мл және 1 мл ерітінді құюға арналған құрал, центрифуга, су ваннасы, май өлшегішке арналған штатив, 100°С - тық термометр, тығыздығы 1,82 қойылтылған күкірт қышқылы және изоамил спирті қажет.
Анықтау тәсілі. Сүтке арналған майөлшегішке тығыздығы 1,82 г/мл 10 мл күкірт қышқылын және 6 мл су мұқият құямыз. Пергамент қағазға 5 г шикі казеинді 0,01 г дәлдікпен өлшеп, фарфор ыдыста алдын ала ұнтақтап аламыз, оны шыны шпатель таяқшасын қолданып бутириметрге саламыз. Одан соң 1 мл изоамил спиртін қосамыз. Бутириметрді тығынмен мықтап жауып, ақуызды заттар толығымен ерігенше температурасы 65-67° C болатын су моншасына саламыз. Ақуыздың еруін тездету үшін майөлшегішті аудармай жиегінде қалып кетпейтіндей етіп шайқайды. Бутириметрді екі рет центрифугалаймыз 5мин және 8 мин, содан кейін су моншасына 5мин ұстаймыз. Бутириметр көрсеткішін 2,2-ге көбейту арқылы шикі казеин құрамындағы майдың пайыздық мөлшерін анықтаймыз. 2,2-коэффициенті 11-ді 5-ке бөлу арқылы алынады (казеиннің грам салмағы).


Құрғақ техникалық казеиннің ылғал мөлшерін анықтау.
Таза стақанды немесе алюминийлі бюксті шыны таяқшамен кептіргіш шкафта 102-105° C температурада 30 минут аралығында кептіреді және эксикаторда суытып салмағын өлшейді.
Дайындалған ыдысқа 2,5г казеин салады, ол аналитикалық таразыда өлшену керек және 102-105° C температурада 2 сағат кептіріп, әр 20 минут сайын араластырады. Стақанды кептіргеннен кейін қақпақпен жауып, 30 минут пен 1 сағат аралығында кептіреді де, салмағын өлшеп және қайта сол температурада 1 сағат кептіреді. Казеинді қатты масса пайда болғанша кептіреді –екі өлшемдер арасындағы айырмашылық 0,002 грамнан аспағанға дейін. Ылғалдың мөлшері мына формуламен анықталады:

Х=(P1-P2)100/Bk


Мұндағы, Р1 – кептіргенге дейінгі стақан массасы, г


Р2 – кептіргеннен кейінгі стақан массасы, г
Вк – казеин салмағы, г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет