Тақырыбы: Зертханалық сынақ және зерттеу жүргізу үшін тағамдық өнімдердің үлгісін алу


Шикізат: құрғақ сүт, құрғақ кілегей. Жұмыстың материалдық қамтамасыз етілуі



бет28/30
Дата19.03.2024
өлшемі275.02 Kb.
#496051
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Зертханалық жұмыс ТХК

Шикізат: құрғақ сүт, құрғақ кілегей.


Жұмыстың материалдық қамтамасыз етілуі: сүт майөлшері, центрифуга, 250, 500 мл цилиндрлер, 100, 200 мл конустық колбалар, 1% фенолфталеин ерітіндісі, 0,1н күйдіргіш натр, күкірт қышқылы (1,81 -1,82), изоамил спирті, металл бюксалар.

Методикалық нұсқаулар
Органолептикалық көрсеткіштері бойынша сүт консервілерінің дәмі таза, ұсақ құрғақ ұнтақ.. Құрғақ консервілердің дәмі мен иісі – пастерленген сүтке тән, бөгде иіссіз және дәмсіз. Консистенциясы барлық массасы бойынша біркелкі, түйіршіктерсіз. Сүт консервілерінің түсі әдетте ақ, аздаған крем реңкті болуы тиіс.


Құрғақ сүт консервілеріндегі майдың мөлшерін анықтау

Майөлшерге 10 мл күкірт қышқылын (1,81 -1,82) құяды және стаканға 1,5 г құрғақ сүтті өлшеп салады, оған 4 мл ыстық су (70-750С) құйып, қоспаны шыны таяқшамен мұқият араластырады. Ерітілген сүтті майөлшерге құяды, 1 мл изоамил спиртін қосады, резиналы тығынмен тығындап температурасы 65 - 67 ° С су моншасына 5 мин. саламыз, тығын жағын төмен қаратып қоямыз. Айтылған уақыт өткен соң бутириметрді алып 5 мин. центрифугада айналдырамыз. Содан соң қайтадан 5 мин. 65 - 67 ° температурада су моншасында ұстаймыз. Ваннадағы судың деңгейі бутириметрдегі ерітіндінің деңгейінен жоғары болу керек, әйтпесе салқындаған майдың көлемі көрсеткіштен аз болады.


Майдың %-тік мөлшерін формула бойынша табады:


Х=
а – майөлшердің көрсеткіші;
11 –май көрсеткішін қайта есептеу коэффициенті %;
1,5 – өнім салмағы, г.


Құрғақ сүт консервілерінің қышқылдығын анықтау

Фарфор ыдысына 1,25 г құрғақ сүтті өлшеп алады, оған мұқият араластырып отырып 10 мл ыстық су (650С) құяды. Алынған ерітінді 10 мл қалпына келтірілген сүтке сәйкес. Біркелкі масса алғаннан соң ерітіндіні салқындатады және 20 мл су және 3 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосады. Ерітіндіні араластырып, оны 0,1 н сілті ерітіндісімен ашық қызыл түс пайда болғанша титрлейді. Қышқылдықты титрлеуге кеткен сілтінің мөлшерін 10 көбейтіп анықтайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет