18
байламға байлайтын столдарға бөледі.
Байламдағы тоқ ішектерді
тұздайды, содан кейін ыдыстарға салып сақтайды.
Қой тоқ ішегін ФОК-5 линиясында өңдейді, қысқыш вальцтен
өткізе отырып
шлямовты уатқыш машинаға, содан кейін екінші
қысқыш вальцтан шлямовты машинаға беріледі.
Ал, шошқа тоқ ішегін ФОК-С линиясында өңдейді.
1.16. Фабрикаттардың жəне
ішекті заттардың ақауы
Ішек шикізаттарының жəне фабрикаттардың ақауын өмірлік,
технологиялық өңдеуден жəне сақтау
кезінде пайда болғандар деп
бөледі.
Өмірлік ақаулар. Бөртпелер немесе ішек құртының түйіндері,
олар сиырдың тоқ ішегінде, синюганың шырыш қабатының астын-
дағы қабатында кездеседі.
Олар ішекке ішек құртының жұмыртқаларының
кіріп кетуінен
болады. Іріңді бөрітпелерді ( жасыл, сары жəне қара) кесіп алады.
Шырышты қабатының астында бөгелек жұмыртқасы бар өңештер
тағамдық мақсатқа жіберілмейді. Ішектердің жабысқан жерін, ісігін,
жарасын, потологиялық ақауларын міндетті түрде алып тастайды.
Технологиялық өңдеу ақаулары.
Ішек қабырғаларындағы
тіліктер, жыртықтар өтпелі жəне өтпелі емес тесіктер болады.
Ішіндегілердің қалдық ластары, қабықшада қалған майлар кездеседі.
Сақтау ақауы. Қызылшы ( қызыл немесе ақшыл қызыл) тұзға
төзімді микробтары бар тұздалған ішектерде түзіледі. Микробтар
ішек қабырғаларының беріктігін азайта отырып бұзады.
Ішектерді,
ыдыстарды жəне қондырғыларды 0,01%-ті калий марганец қыш-
қылымен, қаныққан тұздықпен немесе сумен жуады.
Тот – темірдің жəне кальций тұздарының қоспасы бар тұзбен
тұздау кезінде жетілетін микробтардың əсерінен болады. Өрескел тот
басқан аймақтарын ішектің беріктігін азайтатын
болғандықтан кесіп
алып тастайды.
Көк зең – ылғалдылығы жоғары жердегі құрғақ ішекте пайда
болады.