14
Өңдеу жəне қолдану сипаттамаларын
анықтайтын ішектердің
бөлек аймақтарының өлшемі, қабырғасының беріктігі жəне қалың-
дығы бірдей емес.
Қабырға
төрт қабаттан тұрады, ұйыма, бұлшықет, шырышты
жəне шырышты астындағы қабат. Сыртқы ұйыма қабаты мықты жəне
иілімді. Ол барлық ішектерді жауып тұрады.
Өңештің жəне тік ішектің бұлшық ет қабаты басқа ішектердікіне
қарағанда жақсы жетілген.
Шырыштың астында орналасқан қабат эластинді жəне
коллогенді талшықтардың күрделі айқасуынан тұрады.
Онда бездер,
лимфа жəне қан тамырлары орналасқан.
Ішектің қабырғасын түзетін барлық қабаттардың ішіндегі ең
мықтысы шырыш астындағы қабат. Ішекті өңдеген кезде оны
əрқашанда фабрикат құрамына қалдырады.
Мықтылығы төмен қабат шырышты қабат, оны ішектің барлық
түрін өңдеген кезде алып тастайды. Ұйыма жəне
бұлшықет қабатын
алып тастайды немесе олардың беріктігіне жəне жетілу дəрежесіне
байланысты қалдырады. Өңештен ұйыма қабықшасын жəне
бұлшықет қабатын (өңеш еті) алып тастайды. Қой жəне шошқа
ішектерін өңдеген кезде өте жіңішке жəне мықты болып келетін
шырыш астындағы қабатын ғана қалдырады.
Ішектердің құрамына ақуыз (ρ־10%), майлар (1-2%), минералды
тұздар (бір процентке жуық) жəне су (85-88%) кіреді. Сонымен қатар
ішек құрамында ферменттер мен витаминдер бар.
Өңделген ішектерді шұжық өнімдері үшін
қабықша ретінде
қолданады. Қойдың черевін хирургиялық жіп (кетгут), музыкалық
жəне техникалық ішек дайындау үшін қолданылады. Қойдың
кругасын,
сиырдың стендартсыз, шошқаның черевінің аяғын
техникалық бұйымдар (бояу) жасау үшін қолданады. Ішектен
алынған май шикізаттары тағамдық май қорытуға жіберіледі.
Ішектерді өңдеген кезде қалған қалдықтарды (керексіз
қабаттар,
кесінділер жəне т.б) шұжық қабықшаларын өңдеуге жарамсыз
ішектерді жем өндіру үшін қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: