Технологиясы



Pdf көрінісі
бет13/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   125
 
1.19. Технология 
 
Тағамдық майды өндіру процессі келесі операциялардан тұрады. 
Май шикізатын шыжғыруға дайындау, майды берілген режимі 
бойынша шыжғыру, май суспензияларын шыжықтан бөлу, керексіз 
қоспадан майды тазалау, майда салқындату, орау жəне сақтау.
 
1.20. Май шикізатын дайындау 
 
Май шикізатын шыжғырудың негізгі операциялары сорттау 
жəне оны керексіз қоспалардан босату, қайталап ұнтақтау, жуу, 
салқындату, сорғыту жəне жұқалап ұнтақтау.
Сорттау жəне талдау. Жұмсақ май шикізатын май цехына 
малдың түріне жəне анатомиялық белгілері бойынша сорттауға, 
өңдеуге жібереді. Май шикізатына келіп түскен өңделген шикізаттың 
мөлшерін есептеу үшін жəне шыжғырылған майдың шығымын 
анықтау үшін өлшейді. 
Май шикізатын талдау кезінде қайнатылған майдың сапасын 
төмендететін бөгде майсыз кесінділерді алып тастайды. Құрғақ 
əдіспен майды шыжғырған кезде майсыз заттар күйіп, майға күйік иіс 
жəне сарғыш түс береді. 
Өңдеуге түскен сүйек малдың түрі бойынша сортталған болу 
керек. 
Алдын ала ұнтақтау жəне жуу. Периодты жұмыс істейтін 
аппаратта өңделген май шикізаттарын ірі бөліктерге олардың 
салқындату жəне жуу жағдайын жақсарту мақсатында енін 35-40 мм-
ден шпик кескіште кеседі. 


22 
Ластардан тазарту үшін оларды температурасы 10-12ºС суда 
жуады. Ағынды суы бар чандарда жуу ұзақтығы 20-30 мин, чандағы 
суды периодты түрде 2,5-3 сағ аралығында ауыстырып тұрады.
Салқындату. Май шикізаттарын суық суы бар чандарда немесе 
ауамен салқындатылатын камерада салқындатады. Суда технология-
лық шарттар бойынша жуылған шикізаттарды ғана салқындатады. 
Чандағы шикізаттар 3-4ºС температурада 5-6 сағ аралығында 
салқындатылады. 
Дұрыстап ұнтақтау. Шыжғыру процессінде май ұлпаларынан 
майды тез жəне периодты жұмыс істейтін аппаратта өңделген май 
шикізаттарын механикалық ұнтақтауға жібереді. Осы мақсат үшін 
волчокты, дезинтеграторды, АВЖ машинасын, коллоидты диірменді 
қолданады. Механикалық ұнтақтау кезінде май ұлпасының клетка 
аралық структурасы бұзылады, осыған байланысты қыздыру кезінде 
майдың бөлінуі жеңілденеді. 
Сүйекті арамен кесу жəне уату. Түтік тəрізді сүйектен майды 
алу үшін дискілі арамен аралайды. Қажетті жағдайда сүйекті жуғыш 
барабанда немесе чанда температурасы 15-20ºС суда жуады. Сүйектің 
барлық түрлерінен май алу үшін оларды сүйек уатқыш машинада 
уатады. Желатин жəне желім өндіруге арналған уатқыш сүйектің 
размері 50 мм кем болмау керек, азықтық ұн шығару үшін 18-20 мм 
кем болмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет