20
Тағамдық майларды өндіру үшін сонымен қатар құстардың ішкі
майларын (іш майы, ішек майы) қолданады.
Май шикізатының мөлшері семізділігіне, жасына, жынысына
жəне малдың тұқымына тікелей байланысты.
Əртүрлі малдардың анатомиялық
тегіне байланысты май
шикізаттары
өздерінің
органолептикалық
қасиеті
бойынша
ажыратылады.
Сиыр майы – шикізаты тығыз консистенциялы жəне ақшыл сары
түсті болып келеді. Онда каротин жəне ксонтофилл пигменті бар.
Шикізаттың түсі жеміне, жасына, жынысына, семізділігіне
байланысты болып келеді.
Қойдың майы – шикізаты күңгірт түсті жəне ерекше иісті болып
келеді. Құйрық майының консистенциясы нəзік, сарғыш түсті
болады.
Шошқа майы – шикізатының консистенциясы тығыз, ақ түсті
иісі жəне дəмі жақсы болып келеді. Шошқаның іш майы жəне бүйрек
маңайындағы майының иісі жəне дəмі болмайды.
Қайнатылған тағамдық май өндіру үшін ветеринарлы санитарлы
экспертизадан өткен малдың жоғарғы
сапалы май шикізатын ғана
қолданады.
Май ерітуге түсетін май шикізатының беткі қабаты қанмен жəне
ішек, асқазан құрамының қалдықтарымен ластанбаған болу керек.
Сонымен қатар бөгде ұлпалардың кесінділерімен бұлшықет, ішкі
мүшелердің,
ішектердің,
лимфа
түйіндерінің,
шеміршектің
кесінділерімен ластанбаған болу керек. Өйткені олардың əсерінен
қайнатылған майдың сапасы нашарлайды.
Аз уақыт (2-3 күн аралығында) май шикізаттарын 4°С
температурада жəне ылғалдылығы 85% мұздатқыш камераларда
сақтауға болады.
Ұзақ уақыт сақтау үшін оларды -18°С
температурада
қатырылатын камераларда, пішінделген тегештерге салып қотарады.
Қатырылған май шикізатының температурасы -8°С температурада
ылғалдылығы 85-90% сақтайды. Іш майды жəне бұйрек маңайын-
дағы майды -12°С температурада З айға дейін сақтайды. Басқа май
шикізаттарын 1 ай сақтайды.
Майлы шикізатты температурасы 3-4°С суық суда бар чанда
сақтауға болады (36сағ дейін).
21
Сүйек ұлпасы. Тағамдық сүйек майын талдау жасалған малдың
барлық түрлерінің сүйектерінен алуға болады.
Сүйек майын өндіру үшін сиыр, шошқа, қой сүйектерін жəне
сүйек қалдықтарын қолданады.
Сүйектегі май тез гидролизденеді.
Сондықтан сапасы жақсы
тағамдық май алу үшін міндетті түрде сүйекті қайнатуға балған, таза,
ет қалдықтарынан тазартылған күйінде жібереді. Қажетті жағдайда
оларды 3-4°С температурада 24 сағ сақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: