Технологиясы



Pdf көрінісі
бет4/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
1.4. Теріні сыпыру 
 
Терілердің өз құрылысымен жəне қасиеттерімен малдың түріне 
жəне жасы мен жынысына байланысты айырмашылықтары бар. Ол 
тумаған немесе өлі туған бұзаулардың, сүт еміп жүрген бұзаулардың, 
сүттен жем-шөпке көшкен бұзаулардың, сиырдың, бұқаның, 
шошқаның жəне ұсақ малдың терілері деп бөлінеді.
Шошқаның терісі басқа малдың терісіне қарағанда жүндес 
болмайды, оның үстіне эпидермесі қалың болады. Малдың терісі 
түріне байланысты ірі, ұсақ жəне шошқа тері шикізаты деп бөлінеді. 
Ұсақ тері шикізатына жас ірі малдың, бұзаудың, қойдың жəне 
ешкінің терісі жатады. Шошқа тері шикізатына шошқа терісі жатады.
Теріні сыпыру алдын ұшада алдын ала жүргізілетін операция-
тері бөлігін қолмен алу – іреу деп аталады. Теріні қолмен мойыннан, 
сонымен қатар төс, шап бөлігінен аяғына дейін сыпырады. Іреу 
ауданы жалпы малдардың 50-75%. Ұша семіз болған сайын іреу 
ауданы көп болады.
1.5. Мал денесінің ішкі мүшелерін алу (нутровка) 
 
Ішкі мүшелері малды сойғаннан кейін неғұрлым тез уақыттың 
ішінде алу қажет (30 минут ішінде).
Ішкі мүшелерді алу ұшаның көлденең немесе тік орналасуында 
іске асырылады. Ол үшін алдымен мынадай даярлық жұмыстар 
жүргізіледі: екі артқы аяқтың арасындағы қашықтықты ұзарту (керу), 
кеуде сүйегін арамен кесу, шап сүйекті шабу, тік ішекті айналдыра 
кесіп, қуықты байлап қою керек. 
Ішкі мүшелерді конвейерлі жəне конвейерсіз үстелде алуға 
болады. Конвейер үстелдің жылдамдығы мен жұмыс конвейерінің 
жылдамдығы бірдей болу керек. Алдымен пышақпен ұшаның ішін 
жарып, содан кейін іш майды, ішек-қарынды, өкпе-бауырды, жүректі, 
өңешті,кеңірдекті жəне көк етті алу керек. Ішкі мүшелерді алатын 
конвейерде мал дəрігері ішкі органдарды қарайды. Асқазанды 
бөлшектеп, майсыздандырып, субөнімдер цехіне жіберіп, ішектер 
ішек цехіне жіберіледі.
Ішкі мүшелерді абайлап алу керек, ішек-қарын, өкпе-бауырды 
жəне ұшаның ішкі қабатын бүлдіруге, ластандыруға болмайды. Ірі 
қара мал конвейер үстелінің конструкциясы табақша тəрізді. 



Конвейерлі үстел мен ұша конвейерінің жылдамдығы бірдей 
болғандықтан жұмысшылар ішкі мүшелерін алғанда ұшаға қарағанда 
стоционарлық қалыпта тұрады. Операция аяқталған соң қайтадан 
бұрынғы орнына келіп басқа ұшаны өңдейді. Шошқа мен қойдың 
ішкі мүшелерін дəл ірі малдың ішкі мүшелерін алғандай етіп 
орындайды, тек айырмашылығы аспалы жолмен конвейермен 
үстелдің өзара орналасуында; шошқа жəне қойдың ішек-қарын мен 
өкпе-бауырын бірге алады. 
Шошқа мен қойдың ішкі мүшелерін өңдейтін конвейер үстелі 
жалпақ табақ тəріздес болып келеді.
Алынған ішкі құрылыс органдарын ұшаға қарама-қарсы табақ-
шаға қояды. Ұсақ ет комбинаттарында ішкі мүшелерді стационарлық 
үстелде алып, өңдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет