«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет13/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
инф дарис

Мәліметтер типі.

Microsoft Excel электрондық кестесімен танысқанда біз мәліметтердің үш типін қарастырғанбыз: мәтіндік, сандық және формулалар. Мәліметтер базасының кестесі көптеген мәліметтер типімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Олар:


Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі(255 символға дейін).

  • МЕМО өрісі (Поле МЕМО) – (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі. Шын мәнінде мәтін өрісте көрсетілмейді, ол мәліметтер базасының басқа жерінде сақталады да, өрісте оның тұрған жері көрсетіледі, бірақ қолданушыға мұндай айырмашылық білінбейді.

  • Сандық (Числовой) – нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі.

  • Мерзімі/уақыты (Дата/время) – күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі.

  • Қаржылық (Денежный) – қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі.

  • Санауыш (Счетчик) – жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі.

  • Логикалық – логикалық мәліметтерді сақтауға арналған тип (Иә немесе Жоқ деген мәндерді қабылдайды).

  • OLE объектілер өрісі (Поле объектов OLE) - әр түрлі объектілерді (мультимедиалық, графикалық, символдық) сақтауға арналған мәліметтер типі. Бұл МЕМО өрісі сияқты басқа жерде сақталады, OLE объектілері өрісінде оның тұрған жері көрсетіледі.

  • Гиперсілтеме (Гиперссылка) – Интернеттің Web-объектілерінің URL-адрестерін сақтауға арналған өріс. Сілтемені тышқанның батырмасымен шерткенде автоматты түрде броузер жүктелініп, терезеге Web-объекті шығады.

  • Ауыстырулар шебері (Мастер подстановок) –бұл арнаулы емес мәліметтер типі. Бұл объектінің көмегімен мәліметтерді енгізуді автоматтандыруды дайын тізімнен таңдап алатындай етіп ұйымдастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет