«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет16/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
инф дарис

Негізгі әдебиет 3
Қосымша әдебиет
Бақылау сұрақтары:

  1. Мәліметтер базасымен жұмыс істеу режімі.

  2. Мәліметтер схемасын даярлау.



7-8 дәріс. Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесімен жұмыс істеу негіздері.
1. Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу.
2.Кестелермен жұмыс істеу.
3.Сұраныстармен жұмыс істеу.
4.Қалыптармен жұмыс істеу.
5. Мәліметтерге қатынау беттерімен жұмыс істеу.
6. Есептермен жұмыс істеу.
Access мәліметтер базасымен жұмыс істеу.
Microsoft Access программасы ұсынып отырған мәліметтер базасының негізгі объектілерін құру құралдарын қарастыралық. Бұл құралдар келесідей топтастырылған:

  • Конструктор режімі (қолмен енгізу құралы);

  • Шебердің көмегімен (автоматтандыру құралы);

  • Қарапайым объектілерді жасаудың жеделдетілген құралдары.

Оқып – үйрену мақсатында объектілерді құрғанда барлық құралдарды пайдаланған жөн. Бірақ оқу кестелері мен сұраныстарды дайындағанда конструктор режімінде жұмыс істеген дұрыс, өйткені шеберді қолдану жұмысты жеделдетіп, алғашқы ұғымдар мен әдістерді меңгеруге кедергі келтіреді.
Ал қалыптарды, есептерді және беттерді шебер ұсынған автоматтандырылған құралдармен дайындаған қолайлы. Өйткені бұл объектілер үшін олардың сыртқы дизайны басты рөл атқарады. Ал оларды безендіру күрделі жұмыс болып саналады. Сондықтан ол жұмысты шебердің көмегімен орындаған дұрыс.


Кестелермен жұмыс істеу.


Кесте құру.

Microsoft Access-те кез-келген объектімен жұмыс істеу Мәліметтер базасы терезесінен басталады. Оның сол жақ панелінде Access-тің негізгі объектілері орналасқан. Кестені құру үшін сол жақ панельден кестені басқару элементін таңдап аламыз. Оң жақ панельде жаңа кестені құруға арналған басқару элементтері мен мәліметтер базасында бұрыннан бар кестелер тізімі келтірілген. Шебердің көмегімен кестені құру жұмысты жеделдетуге арналғандықтан мұнда Microsoft Access-тің негізгі құрылымдары мен әдістерін игеру қиын. Бұл режім Access-те жұмыс істеп үйренген профессионалдарға арналған. Сондықтан біз кестені құруды қолмен жүзеге асыратын конструктор режімінде бастаймыз.


Кестелердің Конструктор терезесі кестенің құрылымын дайындау мен редакциялауға арналған графиктік бланк болып табылады. Бірінші бағанға өріс атаулары енгізіледі. Егер қолтаңба қасиеті енгізілмесе, онда болашақ кестенің сәйкес бағаны өріс атауымен аталады. Әрбір өрістің атауының жанында мәліметтер типі бағанында оның типі көрсетіледі. Ол үшін сол ұяшыққа тышқан батырмасын бассақ, төмен бағытталған жебелік батырмасы пайда болады, оның ішіне кіріп тізімнен қажетті типті таңдап аламыз.
Бланкінің төменгі жағында өріс қасиеттерінің тізімі орналасқан. Оның кейбіреулері алдын-ала берілген. Жалпы алғанда өріс қасиеттерін енгізу міндетті емес. Оны өз қалауымызша баптауымызға болады.
Кестені құрған кезде түйінді өрісті енгізген дұрыс. Сол арқылы кестелер арасындағы байланысты ұйымдастыруға болады. Қандай да бір өрісті түйінді өріс ретінде беру үшін, өріс атауына тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан жанама менюден Түйінді сөз (Ключевое слово) бөлімін таңдап алу керек.
Кестенің құрылымын дайындар болған соң, бланкіні жабу батырмасын басамыз. Жабу кезінде жаңа кестені Кесте1 (Таблица) деген атпен сақтау жайлы программаның сұранысы пайда болады. Жаңа кестеге мағыналы ат қоямыз.
Дайын болған кесте Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі кестелер тізіміне қосылады. Құрылған кесте осы терезеде тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы ашылады. Жаңа кесте ешқандай жазбалары жоқ бағандардың атауынан тұрады. Мәліметтер әдеттегідей толтырылады. Ұяшықтан ұяшыққа өту Tab пернесі арқылы жүргізіледі. Кестенің төменгі жағында Өту батырмалары (Кнопки перехода) панелі орналасқан. Жазбалар саны өте көп болған жағдайда кестеде жылжу үшін осы панельдің элементтерін пайдаланған дұрыс. Енгізу барысында мәліметтер ұяшықтан тысқа шығып кетсе, бізге белгілі әдіспен, яғни тышқанның нұсқағышын бағандардың шекарасына орналастырып, қажетімізше жылжытамыз.
Кестеге мәліметтер енгізгеннен кейін оны сақтаудың қажеті жоқ, барлық мәліметтер автоматты түрде сақталады.
Кестенің құрылымын өзгерту қажеттілігі туған жағдайда, оны Конструктор режімінде ашу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет