«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет11/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
инф дарис

Үлгi бойынша сұраныс тiлi QBE
QBE – нiң теоретикалық негiзi болып ауыспалы домендi реляциондық аудару болып саналады. QBE тiлi мәлiметтер базасында күрделi сұранысты жасауға мүмкiндiк бередi. Мұндай тәсiл сұранысты жоғары дәрежеде орындауға мүмкiндiк бередi. Әрбiр қазiргi таңдағы реляциондық мәлiметтер базасын басқару жүйесiнiң өзiнiң QBE тiлi бар. QBE – нiң алғашқы варианты 1975 – 1977 жж. Злуфф енгiзген.
QBE тiлiнде сұраныстарды бiр кестелiк және көп кестелiк етiп құрауға болады. Жаңа бет құру, таңдау, мәлiметтердi аудару, беттi жою, мәлiметтердi модификациялауға болады. Жасалған сұраныстың нәтижесi болып жаңа кесте саналады.
Сұраныс формасы кесте түрiнде болады және өріс атын таңдауға мүмкiндiк бередi. QBE- де қажеттi мәлiметтер базасының кестесiн бiлу үшiн кесте атауын таңдау сұранысы орындалады. Өріс атаулары кестеге қолмен немесе автоматты түрде енгiзiледi.
Негізгі әдебиет 3
Қосымша әдебиет
Бақылау сұрақтары:

  1. Қарым қатынастың негiзгi операциялары

  2. Реляционды алгебрадағы теоретикалық көпшелiк операциялары

  3. Релциондық алгебраның арнайы операциялары

  4. Релциондық аудару

  5. Релциондық модельдегi мәлiметтердi манипуляциялау тiлi

  6. QBE үлгiсi бойынша сұраныс тiлi.

  7. SQL (Structured Query Language) – сұраныстың құрылымды тiлiне сипатама беру.



5-6 дәріс. Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйелері.
1. Мәліметтер базасының негізгі түсініктері.
2. Қарапайым мәліметтер базасының құрылымы.
3. Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері.
4. Мәліметтер типі.
5. Мәліметтер базасының объектілері.


Мәліметтер базасының негізгі түсініктері.
Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелеріөздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәлімететр ғана емес, ақпарат та сақталады.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.
Дүние жүзінде мәліметер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі объектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушығаұсынатын қызмет түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан бізге бір ғана мәліметтер базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті. Солардың ішінен Microsoft Office программасының құрамына енетін Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесін қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет