«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет14/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36
инф дарис

Мәліметтер базасының объектілері.

Microsoft Access мәліметтер базасын басқару жүйесі жеті түрлі объектілерді құруға және қолдануға мүмкіндік береді.


Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі объектісі болып табылады. Біріншіден, кестелерде мәліметтер базасындағы барлық ақпарат сақталады, екіншіден кестелер мәліметтер базасының құрылымын анықтайды.
Сұраныс. Бұл объекті кестедегі мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Жаңадан қолданушылар сұраныстың рөлін аса терең түсінбейді, өйткені сол операцияларды кестемен де жүргізуге болады деп ойлайды. Бірақ жай кестелермен жұмыс істегенде кез-келген уақытта ондағы мәліметтерді байқаусызда жоғалтып алуымыз мүмкін. Ал сұраныстың көмегімен ол кестелерге қатынау шектелінеді. Мысалы, банкілерде қызметкерлердің біреуі клиенттер туралы мәліметі бар кестеге, ал екіншісі олардың есеп-шотына, үшіншілері банктегі активтер кестесіне қатынай алады.
Сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде біз қатқыл дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез-келген кезде қатынау көп уақытты алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, ал оған қатынау тез уақытта жүзеге асырылады.
Реттелген кестелік құрылымдардың ең басты кемшіліктері – оны жаңарту, яғни оған қосымша жаңа жазбалар енгізу болып табылады. Себебі ол кезде бүкіл кестенің реті бұзылады, оны қайта құру қажет болады. Бұл мәселе (СУБД) Мәліметтер базасын басқару жүйесінде өз шешімін тапқан.
Мұндағы негізгі кестеден ешқандай реттілік талап етілмейді. Жазбалар негізгі кестеге түсу ретімен енгізіле береді. Егер қолданушы қандай да бір шарттармен сұрыпталған, сүзгіленген мәліметтер алғысы келсе, онда ол сәйкес сұранысты пайдаланады. Егер қажетті сұраныс болмаса, онда ол жобалаушыға тапсырыс береді.
Қалыптар. Егер сұраныстар мәліметтерді сұрыптау мен анализдеудің арнаулы құралдары болса, ал қалыптар мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Оның мәні мынада – ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.
Қалыптардың көмегімен мәліметтерді экранға бейнелеп беруге болады. Сұраныстың көмегімен де мәліметтерді бейнелеуге болады, бірақ қалыптың көмегімен экранға шығарылған мәліметтерді безендіруге болады. Ол үшін мәліметтерді енгізу кезінде арнаулы безендіру құралдарын қолдану қажет.
Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған. Сондықтан есептерде баспа құжаттарына арналған арнаулы безендіру элементтері бар (жоғарғы және төменгі колонтитулдар, беттердің көшірмелері, есептің құрылуы жайындағы мәліметтер).
Беттер. Мәліметтер базасының осы арнаулы объектілері тек Microsoft Access-те ғана жүзеге асырылған. Бұл – Web-бетте орналастырылатын және қолданушыға сол Web-беттен берілетін, HTML кодында жазылатын өте айрықша объект. Жеке өзін алсақ бұл объект мәліметтер базасы болып есептелінбейді, бірақ ол сервердегі мәліметтер базасын жіберілген Web-бетпен байланыстыратын компоненттерді қамтиды. Осы компоненттерді қолдана отырып Web-тораптағы қолданушы мәліметтер базасындағы жазбаларды көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет