«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)


Қалыптарды шебердің көмегімен даярлау



бет21/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
инф дарис

Қалыптарды шебердің көмегімен даярлау.

Қалыптар шебері Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Шебердің көмегімен қалып даярлау (Создание формы с помощью мастера) таңбашасына тышқанды шерту арқылы іске қосылады. Оның жұмысы келесідей сатылардан тұрады:



  • қалыптар шеберінің жұмысының алғашқы сатысында болашақ қалыпқа кіретін кестелер мен олардың өрістерін таңдап алады;

  • қалыптар шеберінің жұмысының екінші сатысында қалыптың сыртқы түрі таңдалынады;

  • үшінші сатысында қалыпты безендіру стилі таңдалынады;

  • соңғы сатыда құрылған қалыпты берілген атпен сақтап қояды.



Қалыптарды конструктор режімінде даярлау.

Қалыптарды конструктор режімінде даярлау үшін төмендегі амалдарды орындаймыз:



  1. Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Қалыптар (Формы) бөлімін ашу арқылы қалыптар тізімін аламыз.

  2. Сол терезеде Конструктор батырмасын бассақ, Мәліметтер аймағы (Область данных) деген бір ғана бөлімнен тұратын бос қалыптың макетін аламыз.

  3. Access-тің бас менюіндегі Түр→Тақырып (Вид→Заголовок) командасын орындап, қалыптар макетін аламыз.

Қалыптың құрылымы.

Қалыптың құрылымы мынадай бөліктерден тұрады:



  • Қалыптың тақырыбы (Заголовок формы) оның жоғарғы бөлігін анықтайды. Тақырып аймағына мәтін, графика және басқару элементтерін орналастыруға болады. Егер қалып бірнеше беттен тұратын болса, онда тақырып бөлімі бірінші бетте ғана бейнеледі.

  • Жоғарғы колонтитул (Верхний колонтитул) - қалыпты баспаға жіберердегі беттің жоғарғы колонтитулын анықтайды.

  • Төменгі колонтитул (Нижний колонтитул) - қалыпты баспаға жіберердегі беттің төменгі колонтитулын анықтайды.

  • Мәліметтер аймағы (Область данных) – түптектерден алынған мәліметтерді қамтитын негізгі бөлігі болып табылады. Бірнеше беттен тұратын қалыптарда бұл бөлім барлық беттерде орналасады.

  • Ескертулер (Примечание) – қалыптың ең төменгі бөлігін құрайды. Бұл бөлім қалыпқа тақырып бөлімімен бірге енеді. Көп бетті қалыптарды дайындаған кезде қалыптың ескертулері тек соңғы беттен кейін шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет