«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет18/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
инф дарис

Сұраныстармен жұмыс істеу.

Кестелер мәліметтер базасының ең негізгі, құнды объектісі болғандықтан, оған тек базаны құрушы адам ғана қатынай алатындай болуы керек. Ал басқа қолданушылар базадан мәліметтер алу үшін сұраныстарды қолдануы қажет. Мәліметтер базасын жобалаушы барлық қажетті сұраныстарды алдын-ала даярлап қояды. Егер қолданушы өзіне қажет мәліметтерді таба алмаса, онда ол жаңа сұраныс дайындауды қажет етеді.


Егер бізге керек сұраныс мәліметтер базасында бар болса, оны Мәліметтер базасы (База данных) терезесіндегі Сұраныс (Запрос) панелін екі рет шерту әдісі арқылы таңдап аламыз.


Сұранысты конструктордың көмегімен даярлау.

Ол үшін Мәліметтер базасы (База данных) терезесінің сол жағындағы Сұраныс (Запрос) элементін таңдап алып, оң жақ терезедегі Конструктор режімінде сұранысты даярлау командасын таңдасақ, үлгі бойынша сұраныс бланкі терезесі ашылады.


Үлгі бойынша сұраныс даярлау өте оңай жүргізіледі. Жанама менюдің көмегімен бланкінің жоғарғы бөлігінде қажетті кестелерді ашып алады. Соның ішінен құрылатын сұранысқа қажет өрістерді тышқанның көмегімен таңдап алады. Сол кезде бланкінің төменгі жағындағы бағандар автоматты түрде толтырылады. Сұраныстың құрылымын даярлап болған соң, оны жаңа атпен сақтап қояды. Осылайша құрылған сұраныс – Таңдамаға сұраныс (Запрос на выборку) деп аталады.
Таңдамаға сұраныс нәтижесінде алынған мәліметтерді қандай да бір өріс бойынша реттеп орналастырғыңыз келсе, сұрыптауды қолданамыз. Ол үшін Сұрыптау (Сортировка) батырмасын екі рет басып, ашылған тізімнен сұрыптау әдісін таңдап алуға болады. өсуі мен кемуі бойынша.Экранға шығару (Вывод на экран) жолында жалпы жағдайда Барлық өрістер үшін экранға шығарылсын деген жалауша қойылған. Егер қандай да бір өрістің мәліметтерін экранға шығармай жасырып қалу керек болса, онда сәйкес жалаушаны алып тастауға болады.


Сұрыптау шартын пайдалану.

Мәліметтерді қандай да бір критерий бойынша сұрыптауды қамтамасыз етудің қосымша құралы болып Сұрыптау шарты (Условие отбора) есептеледі. Оған сәйкес келетін жол үлгі бойынша сұраныс бланкісінің ең төменгі жағында орналасқан. Әрбір өріс үшін осы жолда жеке дара шарт беруге болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет