«Деректер базасының жүйесі» пәні бойынша оқу бағдарламасы ( силлабус)



бет17/36
Дата13.09.2022
өлшемі0.97 Mb.
#460666
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36
инф дарис

Кестеаралық байланыстарды құру.

Егер мәліметтер базасының құрылымы бұрыннан дайындалып, кестелер арасындағы байланыстар белгіленіп қойылған болса, онда кестеаралық қатынастарды құру қиынға түспейді. Ол үшін Сервис→Мәліметтер схемасы (Схема данных) командасын орындап немесе аспаптар панеліндегі сәйкес батырманы басып, ашылған Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде кестеаралық байланыстарды орнатамыз.


Осы тереземен қатар Кестелерді қосу (Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады. Оның Кестелер (Таблицы) бөлімінен өзара байланыстырылатын кестелерді таңдап аламыз. Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде таңдап алынған кестелердің өрістер тізімі ашылады. Бір кестеден бір немесе бірнеше өрісті ерекшелеп, тышқан нұсқағышымен алып алып, екінші кестеге апарып тышқан батырмасын жіберсек, Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) терезесі ашылады. Байланыстарды өзгерту терезесінің оң жақ панелінен байланыс орнатылатын өрістер таңдалынып алынады. Байланыстарды өзгерту терезесін жауып, Мәліметтер схемасы терезесіне ораламыз. Орнатылған кестеаралық байланыс Мәліметтер схемасы терезесінде әр кестенің екі өрісінің арасындағы сызық түрінде бейнеленеді. Оның ішінде бір кесте – негізгі, ал қалғаны бағыныңқы болып табылады. Негізгі кесте деп байланысқа өзінің түйінді өрісімен қатынасқан кестені айтады. Түйінде өрістің атауы мәліметтер схемасында майлы қаріппен көрсетіледі.
Бұл жерде мынадай сұрақ тауды: «Кестеаралық байланыс не үшін қажет?» деген. Байланыстар мынандай екі негізгі қолданыс тауып отыр:

  • біріншісі – мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету;

  • екіншісі - мәліметтер базасына қызмет көрсетуді автоматтандыру.

Байланыс қасиеттерін баптау үшін Мәліметтер схемасы (Схема данных) терезесінде екі кестені қосушы сызықты ерекшелеп алып, оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, байланыстың жанама менюін ашу қажет. Соның ішінен Байланыстарды өзгерту (Изменение связей) бөлімін таңдап алсақ, Байланыстар (Связи) сұхбат терезесі ашылады. Мұнда өзара байланыс орнатылған кестелердің атаулары мен ондағы байланысқа қатысушы өрістер көрсетіледі. Оның астында мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету шарттары көрсетілген басқару элементтері берілген.
Егер Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету (Обеспечение целостности данных) жалаушасы қойылған болса, онда негізгі кестенің түйінді өрісінен мәліметтерді өшіру мүмкін емес.
Егер Байланысқан өрістерді каскадты түрде жаңарту (Каскадное обновление связанных полей) және Байланысқан жазбаларды каскадты түрде өшіру (Каскадное удаление связанных записей) жалаушалары қойылған болса, онда сәйкесінше негізгі кестенің түйінді өрісінде жүргізілген өзгерістер автоматты түрде онымен байланықан кестелерде де жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет