Қорытынды сұраныс.
Қорытынды сұраныс электрондық кестелердегі қорытынды функциялардың қолданылуындай қызмет атқарады. Топтау амалдарының көмегімен қайсыбір өрісте қорытындылау функцияларын құруды жеңілдетеді. Қорытындылау функцияларына – avg (орта мән табу), sum (қосындыны есептеу), max (ең үлкен мәнді табу), min (ең кіші мәнді табу), count (берілген аргументтер санын анықтау) т.б. жатады.
Қорытынды сұраныс даярлау үшін Сұраныс конструкторының аспаптар панелінде Топтау операциялары (Групповые операции) батырмасын басып, сұраныс бланкісінің төменгі жағына Топтау операциясы жолын енгізу керек. Қорытынды жүргізілетін өрістің ұяшығында топтау операциясын таңдап аламыз.
Қалыптармен жұмыс істеу.
Қалыптар мәліметтерді енгізудің, алдын-ала қарап шығудың және түзетудің ең қолайлы әдістерін ұсынады. Олар қамтитын басқару элементтерінің көмегімен кестедегі мәліметтерге қатынау жүзеге асырылады. Мәліметтерді енгізу мен түзетуге арналған мәтіндік өрістер, жалаушалар, батырмалар, тізімдер, жазбалар, графиктік мәні OLE объектілерін бейнелеуге арналған қоршаулар басқару элементтері деп аталады. Қалыптарда бағынышты қалыптардың көмегімен байланысқан кестелердегі мәліметтерге қатынай аламыз.
Қалыптар үшін негізгі мәліметтер көзі кесте немесе сұраныс болып табылады.
Қалыптарды құрастыру.
Автоқалып. Кестелер мен сұраныстардан қалыптардың айырмашылығы, оларды автоматтандыру құралының көмегімен дайындауға болады. Соның ішінде, толығымен автоматтандырылған құрал Автоқалып (Автоформа) болып табылады. Автоқалыптың үш түрі бар:
бағандық;
кестелік;
ленталық.
Автоқалып дайындау үшін, мәліметтер базасының негізгі терезесінен Қалыптар (Формы) бөлімін ашып, Құру (Создать) батырмасынибасамыз. Ашылған Жаңа қалып (Новая форма) сұхбат терезесіненавтоқалыптың түрін және сол қалып негізделетін кестені (немесе сұранысты) таңдап аламыз. ОК батырмасын басқаннан кейін дайын автоқалып пайда болады. Оған мәліметтерді енгіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: |