Дәрілер технологиясы кафедрасы Дәріс комплекстері


Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық, конденсациялық



бет18/47
Дата07.12.2023
өлшемі0.51 Mb.
#485826
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
ЛекцияОсновы-фармацевтической-технологии-3-курс-6-семестр-каз

Суспензияларды дайындау әдістері: дисперсиялық, конденсациялық. Дисперсиялық тәсiлдің мәні механикалық диспергирлеу, ерiмейтiн iрi заттарды сұйық ортада майдалау процессi. Технологиясы келесi сатылардан тұрады: дисперстiк фазаны майдалау (дәрiлiк зат), дисперстiк ортаға енгiзу (ерiткiшпен араластыру), тығындау және безендiру. Сүзу немесе фильтрлеу сатысы жүргiзiлмейдi. I-шi саты. Майдалау. Дисперсиялық тәсiлде пульпа алу қажет. Ол үшiн дәрiлiк затты судың аз мөлшерiмен ысқылайды. Ысқылау кезiнде дәрiлiк заттың бетiнде микрожарықтар түзiледi, микрожарықтарға су кiреді де ажыратқыш әсер көрсетедi, бөлшектер майдаланады. Академик Б.В.Дерягин, сұйық ортада 1 г қатты затқа 0,4-0,6 мл су қосқанда, диспергирлеу эффектiсi байқалатындығын дәлелдедi. Осы қатынас Дерягин ережесi деп аталады. II-шi сатысы. Араластыру. Дисперстiк ортамен араластыру үшiн, лайлау тәсiлiн қолданады. Майдаланған жұқа пульпаға 5-10 есе мөлшерде су қосады, мұқият араластырады. Қоспаны 1-2 минутқа тұндырады, жүйе екi қабатқа бөлiнедi: iрi дисперстi және майда дисперстi. Iрi, жеткiлiксiз диспергирленген бөлшектер тез тұнады, ал майда бөлшектер қалқыған күйiнде қалады.Суспензияның майда дисперстi қабатын босататын құтыға құяды, қалған тұнбаны қайтадан осындай көлемдегi сұйықтықпен ысқылайды. Тұндырады. Тағыда беткi қабатын құтыға бөлiп алады. Осындай операция тұнба түгелiмен лайлы күйге өткенше жүргiзiледi. Дерягин ережесiн және лайлау тәсiлiн осы дәрiлiк түрдiң технологиясында қолдану, жұқа дисперстi суспензия алуға мүмкiндiк бередi. Сонда: суспензияның тұрақтылығы артады, дәл дозалануы қамтамасыз етiледi, дәрiлердiң ағзаға сiңiрілуi және терапевтiк әсерi артады
Конденсациялық тәсiлмен суспензиялар екi жағдайда түзіледі:

  • ерiткiштi ауыстырған кезде;

  • химиялық тәсiл - суда жеке еритiн дәрiлiк заттар бiр дәрiлiк түрде бiрiккен кезде, нәтижесiнде әрекеттесiп, ерiмейтiн тұнба түзiледi.

Конденсация тәсiлімен суспензия технологиясы келесi сатылардан тұрады: араластыру, орамдау және безендiру
а) Ерiткiштi ауыстыру сулы ерiтiндiлерге экстракттар, тұндырмалар және басқа спиртте дайындалған галендi препараттарды қосқанда түзіледi.
Спирттiң және заттың концентрациясы төмендейдi, суда ерiмейтiн заттар (эфир майы, шайыр) жұқа суспензия түрде бөлiнiп шығады. Мысалы, микстуралар. Ол күрделi жүйеге жатады.
б) Құрамына жеке-жеке суда еритiн, бір дисперстік ортада әрекеттесiп тұнба түзетiн, заттары бар суспензияны дайындау.
Орамдау және безендiру суспензиялардың құрамындағы дәрiлiк заттардың қасиеттерiне сәйкес жүргiзiледi. Суспензияларды олардың көлемiне сәйкес келетiн түссiз флаконда босатады. Флаконды (құтыны) полиэтилен тығынымен тығыз жабады. Флакон негiзгi және ескерту этикеткаларымен «Қолданар алдында шайқа», «Салқын жерде сақта» безендiрiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет