ТҰНБАНЫ, ЭКСТРАКТЫЛАРДЫ (ШЫРСӨЛДІ) ҚОЛДАНУ Мақсаты: емдік.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Даярлаңыз: дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у).
Іс-әрекет алгоритмі:
Пациентке емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.
Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.
Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).
Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.
Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндінің тамшысын алыңыз.
Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.
Даярланған ерітіндіні пациентке ішкізіңіз.
Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. ПАЦИЕНТКЕ ҰНТАҚТЫ ҚОЛДАНУ Мақсаты: емдік.
Достарыңызбен бөлісу: |