Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері


Небулайзердің артықшылығы



бет26/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Документ (2)

Небулайзердің артықшылығы:

  • белгілі бір уақыт аралығында дәрілік затты үздіксіз енгізу мүмкіндігі;

  • аэрозольдің дем алумен бірге енгізудің қажет болмауы, сондықтан ол балаларды және қарттарды емдеуде кеңінен қолданылады;

  • препараттың жоғары дозасын минималді кері әсермен қолдану мүмкіндігі.

Небулайзер көмегімен дәрілік затты ингаляциялық енгізу

Мақсаты: емдік және оқулық, пациентке небулайзер көмегімен дәріні тыныс жолдары арқылы енгізуді үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жүйесі ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: небулайзерді, дәрілік затты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у), құм сағаты немесе таймерді. Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік заттың атауын, концентрациясын, мөлшерін, жарамдылық мерзімін, дәрігердің тағайындаған дәріге сәйкестігін тексеріңіз (Небулайзер көмегімен енгізілетін бронхтарды кеңейтетін дәрілік заттар:

беродуал, сальбутамол, беротек т.б. қолданылады).

  1. Небулайзер жұмысын тіркелген нұсқауларға сәйкес тексеріңіз.

  2. Пациентке емшара мақсатын, орындалу прициптерін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

  3. Қолды гигиеналық деңгейде жуып, құрғатыңыз.

  4. Емшара кезінде пациентке тыныс алуды үйретіңіз. Аэрозоль қаншалықты терең енгізілсе, емдік әсері соншалық тиімді болады.

  5. Небулайзер камерасын дәрілік затпен толтырыңыз (алдын ала стаканда қажет концентрацияға дейін физиологиялық ерітіндімен араластырылған).

  6. Пациентті отырғызып ыңғайлы қалып беріңіз.

  7. Пациент небулайзер мүштігін ауызына енгізеді, тыныс алып, жай мұрын арқылы тынысын шығарады.

  8. Аппаратты дәрілік затты шашырату және енгізу үшін қосыңыз. Пациенттің жалпы жағдайын бақылаңыз.

  9. Емшара уақытын есепке алыңыз, құмсағат немесе таймерді қосыңыз.

  10. Емшара уақыты аяқталғаннан соң аппаратты өшіріңіз.

  11. Небулайзер мүштігін дез.ерітіндіге толығымен батырыңыз, дәрілер араластырылған стаканды жуыңыз.

  12. Қолды жуып құрғатыңыз.

  13. Жүргізілген емшара туралы медициналық құжаттарды толтырыңыз.

Қалталы ингаляторды спейсермен қолдану

Қалталы ингаляторды спейсермен қолданған тиімді. Спейсер ингалятор мен пациенттің ауыз қуысын жалғастыратын түтік болып әр түрлі размерлердегі камерелардан (пластик немесе металл) тұрады. Кейбір спейсерлердің клапандары бар, оларда клапан мүштік алдында орналасады. Тыныс шығарған кезде клапан жабылады және дәрілік зат спейсерде қалады.

Бұл дәрілік зат шығынын үнемдейді.

Спейсер көмегімен ингаляциялық енгізудің артықшылықтары:


  • ингаляция тиімділігі жоғарылайды;

  • енгізу әдісі өте қарапайым;

  • жанама, кері реакциялардың даму қауіпі төмендейді:

Б аллон-ингаляторды қолданған кезде баллонның қорғаныс қақпағы шешіледі, баллонды шайқап спейсерге жалғастырады. Науқас тыныс шығарып, спейсер мүштігін аузына салып баллон түбін босатады, спейсерден бірнеше тыныс алады. Қолданып болған соң спейсерді зарарсыздандырып, қалталы ингаляторды жабық түрінде сақтау керек.

Ескерту: Тыныс алу және баллон түбін басу синхронды болуы керек, яғни бір уақытта орындау керек.



Спейсер құрылымы: 1 – мүштік; 2 - ингалятор; 3 – ингаляторды жалғау тесігі; 4 – спейсер денесі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет