Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері


ТҰНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ



бет7/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Документ (2)

ТҰНДЫРМАНЫ, ҚАЙНАТПАНЫ, МИКСТУРАНЫ

(қоспалы сұйық дәріні) ҚОЛДАНУ Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрі-дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у). Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Емшараның мақсаты мен барысын пациентке түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз, келісімін алыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз: - 1 шай қасықта – 5 мл

    • 1 десерт қасықта – 7,5- 10 мл

    • 1 ас қасықта – 15 мл

  5. Пациентке дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

  6. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет