Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері


СУППОЗИТОРИЙДІ (БАЛАУЫЗДЫ) ТІК ІШЕК АРҚЫЛЫ ЕНГІЗУ Мақсаты



бет10/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Документ (2)

СУППОЗИТОРИЙДІ (БАЛАУЫЗДЫ) ТІК ІШЕК АРҚЫЛЫ ЕНГІЗУ Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: анус сызаты, тік ішек айлануы (геморрой).

Дайындаңыз: тік ішектік суппозиторийді, қайшыны, мақта шариктерін, залалсыздандырылған қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004 1/у). Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

  2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, суппозиторийдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

  3. Пациентке емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Дәрілік препарат туралы мәліметті беріңіз. Емшара жүргізуге пациенттің келісімін алыңыз.

  4. Пациентті сол жақ қырына қаратып жатқызып, аяқтарын ішіне қарай бүгуін сұраңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

  6. Суппозиторийді енгізер алдында, оның орауының жіңішке шетін қайшымен қиыңыз.

  7. Сол қолмен пациенттің бөксесін ажыратып, ал оң қолмен суппозиторийдің жіңішке шетін анал тесігіне енгізіп, оны ораудан сығып шығарыңыз, ол толық тік ішектің сыртқы қысқышына (сфинктеріне) 2-3 см тереңдікке енуі керек (балауыздың қабығы қолда қалады).

  8. Мақта шаригін бөксе арасына қаттастырып салыңыз.

  9. Бірнеше минуттай пациенттің төсектен тұрмауын сұраңыз.

10.Қолғапты шешіп қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

    • суппозиторий мұздатқышта немесе салқын жерде сақталуы қажет;

    • суппозиторий тез ерітиндіктен оны ұзақ қолда ұстап тұруға болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет