Дәрілік заттарды энтеральді енгізу әдістері



бет9/26
Дата03.01.2022
өлшемі194.04 Kb.
#451241
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Документ (2)

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (Ф-004

1/у).


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

  2. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

  3. Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

  4. Пациентке дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, қабылдауға келісімін алыңыз.

  5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

  6. Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

  7. Пациенттен басын көтеруін, ауызын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.

  8. Пациенттен тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.

  9. Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.

Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын пациентке ішкізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет