Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет3/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
лекция ЕК

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы» Кодексіне сипаттама беріңіз.

  2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi қандай?

  3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттері?

  4. Тарифтiк жүйе, тарифтік кесте дегеніміз не?

  5. Қазақстан Республикасының «Еңбекті қорғау туралы» Кодексінің негізгі ұғымдарын атаңыз.



Дәріс №3. Кәсіпорында еңбек қорғау жағдайын бақылау және қадағалау қызметін ұйымдастыру
Жоспар:

  1. Еңбек етудің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету бойынша кәсіпорындардың әкімшілік-техникалық персоналының міндеттері.

  2. Еңбек қорғау бойынша шараларды жоспарлау және қржыландыру.

  3. Кәсіпорынның әкімшілігі мен кәсіподақ комитеті арасындағы ұжымдық келісім.

Өндіріс орнының, бірлестіктің әкімшілігі жұмыс орнын еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес келетін қажетті техникалық құрылғылармен қамтамасыз етуге және еңбек жағдайын жасауға міндетті.


Нақты еңбек туралы заң, жалпы еңбекті ұйымдастыру жауапкершілігін директор мен бас инженерге жүктейді. Жеке бөлімшелерде мұндай жауапкершілік сол бөлімнің жетекшісіне жүктеледі. Еңбекті қорғауда басты жетекші өндіріс орнының инженері болып табылады.
Еңбек туралы заң кодексінің 148 бабы бойынша белгіленген тәртіп бойынша өндіріс орны, ұйым еңбекті қорғау үшін құралдар мен қажетті материалдар бөліп отырады. Бұл құралдар мен материалдарды басқа мақсатқа жұмсауға тыйым салынған.
Еңбек туралы заң кодексі еңбекті қорғау мақсатында төмендегідей міндеттерді жүктейді. Олар, біріншіден жұмысшылар мен қызметкерлерге техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт және жарылыс қауіпсіздігі және басқа еңбекті қорғау ережелері туралы нұсқаулық өткізу, екіншіден жұмысты өте жоғары кәсіптік таңдау деңгейінде ұймдастыру, үшіншіден жұмысшылардың еңбекті қорғау инструкциялары талаптарын сақтауын әр уақытта қадағалап отыру.
Министрліктер мен ведомствалар, әр саланың кәсіподақтарының орталық комитеттерімен келісе отырып, нұсқаулық өткізуі, жұмысшылар мен қызметкерлерді техника қауіпсіздігін оқыту тәртібінің арнайы жағдайын бекітеді. Өндіріс орындарында нұсқаулық өткізу (оқыту) жауапкершілігі мен оны жедел ұйымдастыру жетекшілігі бас инженерге жүктеледі де оны қадағалау мен тікелей бақылау бөлімі бастығына, аға инженерге немесе техника қауіпсіздігі инженеріне жүктеледі.
Жұмыскерлердiң өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері.
Қауіпті өндірістік объектілердегі жұмыскерлер:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға;
- ұйымның әкiмшiлiгiн қауiптi өндiрiстiк объектiдегi авариялар, инциденттер туралы дереу хабардар етуге;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуға және нұсқама алуға, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;
- авариялар, инциденттер себептерін тексеру кезінде көмек көрсетуге міндетті.
Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерi:
- өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптарын сақтауға;
- Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берiлген технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға;
- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарының сақталуына өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарында белгiленген мерзiмдерде немесе мемлекеттiк инспектордың ұйғарымы бойынша ғимараттың өнеркәсiптiк қауiпсiздiгiне сараптама жүргiзiлуiн, тау-кен жұмыстарын дамыту жоспарының келiсiлуiн, қауiптi өндiрiстiк объектiлерде қолданылатын құрылыстар мен техникалық құрылғыларға, материалдарға диагностика, сынақ, растау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;
- әрi қарай пайдаланудың ықтимал мерзiмiн анықтау үшiн пайдаланудың нормативтiк мерзiмiнен өткен техникалық құрылғыларға, материалдарға сараптама жүргiзуге;
- белгiленген талаптарға сай келетiн лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлердi қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi жұмысқа жiберуге;
- қауiптi өндiрiстiк объектiлерге бөгде адамдардың кiруiн болғызбауға;
- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыру тәртiбi туралы және оны жүзеге асыруға уәкiлеттi жұмыскерлер туралы мәлiметтердi ұсынуға;
- авариялардың, инциденттердің туындау себептерiне талдау жүргiзуге, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың зардаптарының алдын алуға және жоюға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыруға;
- уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшесiн, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын, халықты және жұмыскерлердi қауіпті өндірістік факторлардың туындауы туралы дереу хабардар етуге;
- авариялардың, инциденттердің есебiн жүргiзуге;
- мемлекеттiк инспекторлар берген өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзуды жою жөнiндегi ұйғарымды орындауға;
- қауiптi өндiрiстiк объектiнiң қаржы-экономикалық қызметiнiң жоспарларын әзiрлеу кезiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған шығындарды көздеуге;
- уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiне қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсері, жарақат алу және кәсiби аурулар туралы ақпарат ұсынуға;
- қызметi үшiншi тұлғаларға залал келтiру қаупiне байланысты декларациялануға жататын қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға;
- мемлекеттiк органдарға, азаматтарға қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы дұрыс ақпарат ұсынуға;
- мемлекеттік инспектор қауіпті өндірістік объектіде өз міндеттерін атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауіпсіздік приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;
- өзiнiң нормативтiк мерзiмiн өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
- осы Заңмен айқындалған қауiптi өндiрiстiк объектiлердi декларациялауға;
- жұмыстардың қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн ұйымдық-техникалық iс-шаралардың белгiленген талаптарына сәйкес қауiптi өндiрiстiк объектiнiң жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
- өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жұмыскерлердi даярлауды, қайта даярлауды, бiлiктiлiгiн арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;
- өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң декларациясына сараптама жүргiзудi қамтамасыз етуге;
- кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiмен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсiби авариялық-құтқару қызметтерiн және құрамаларын құруға;
- уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік бұрын хабарлауға;
- қауiптi өндiрiстiк объектiлердi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
- қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік инспекторымен келісуге;
- қауiптi өндiрiстiк объектiлердi пайдалануға беру кезiнде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргiзуге мiндеттi.
Жұмысты қауiпсiз орындау ережелерiн жұмысшы персоналға оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге тиiс.
Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде жұмыс iстейтiн барлық адамдардың:
- қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың – жыл сайын;
- техникалық басшылардың, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлердің – қырық сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, үш жылда бiр рет;
- қауіпті өндірістік объектіде жұмысты орындаумен байланысты емес персоналдың – сегіз сағаттық бағдарлама бойынша алдын ала оқыта отырып, ұйымның техникалық басшысы бекіткен тізбе бойынша үш жылда бір рет бiлiмдерi тексерiлуге жатады.
Емтихан қабылдау жөнiндегi комиссия бiлiмi тексерiлуден өткен адамдардан құралуға тиiс. Комиссияның құрамын қауiптi объектiнiң иесi айқындайды.
Қауiптi өндiрiстiк объектiлердiң қызметкерлерiн оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкiлеттi орган аттестаттаған оқу ұйымында жүргiзiлуi мүмкiн.
Комиссия құрамы кемінде үш адам болуы керек.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
- Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
- Қазақстан Республикасының Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары;
- Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары;
- облыстар мен қалалардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары жатады.
- Тексеру "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік қадағалаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан, омырауға тағатын белгі және пломбир уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
Мемлекеттік инспектордың:
- өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өнеркәсіптік объектілерге белгіленген тәртіпті сақтай отырып кіруге;
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгізуге, бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
- адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейінгі кезеңде, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.
Мемлекеттік инспектор:
- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалауды жүзеге асыруға;
- ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргізуге;
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік қадағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
- тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
- Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
Акт нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
Мемлекеттік инспекторлардың актілерін жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.
Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығының сақтандырылуы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік инспекторлар отбасы мүшелерінің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоспарлы тексерулерді өндірістік объектінің тәуекел дәрежесіне қарай жүзеге асыру.
Тәуекелі жоғары дәрежедегі объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялануға тиіс объектілер жатады.
Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер жылына бір рет жүзеге асырылады.
Тәуекелі орташа дәрежедегі объектілерге технологиялық процесі тоқытылатын және өндіріс персоналының өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент туындауы мүмкін объектілер жатады.
Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
Тәуекелі болмашы дәрежедегі объектілерге техникалық құрылғылар бүлінетін және қызмет көрсететін персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент болуы мүмкін объектілер жатады.
Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
Тәуекелі ең төменгі деңгейге дейін жеткізілген осы санаттағы объектілер қауіптіліктің келесі санатына ауысады.
Тәуекелі төменгі деңгейдегі осы санаттағы объектілер үшін тексерулер көбейе түсетін үрдісі бар тәуекел факторлары бойынша жүзеге асырылады.
Өндірістік бақылау қауіпті өндірістік объектілерде қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту мақсатында жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау болып табылады.
Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
Ережеде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары талаптарының іске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкілеттігі қамтылуға тиіс.
Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкілеттігін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет