Дәріс №1. Еңбек қорғаудағы құрама бөліктер Жоспар



бет6/22
Дата20.10.2023
өлшемі0.87 Mb.
#481268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
лекция ЕК

Бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістік жарақат дегеніміз не?

  2. Кәсіби аурулар деп қандай ауруларды айтамыз?

  3. Өндірістік бақытсыз жағдай дегеніміз не?

  4. Қауіпті және зиянды факторлар дегеніміз не?

  5. Өндірістік зақымдар және кәсіби аурулардың көрсеткіштері

  6. Өндірістік факторлар қалай жіктеледі?

  7. Физикалық өндірістік факторларға не жатады?

  8. Химиялық өндірістік факторларға не жатады?

Дәріс 5. Өндірісітік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестатау
Жоспар:

  1. Өндірістік объектілерді еңбек шарттары бойынша аттаетаттау жүргізу ережелері.

  2. Аттестаттау мақсаттары мен міндеттері.

  3. Аттестацияға дайындық және оны өткізу тәртібі.

  4. Жарақат қауіпсіздік объектілері.

1. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізудің тәртібін белгілейді және "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы  1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.


2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау (бұдан әрі - өндірістік нысандарды аттестаттау) - өндірістік нысандарды, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын оларда атқарылатын жұмыстардың қауіпсіздігін, зияндылығын, ауырлығын, қауырттылығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатымен бағалау жөніндегі қызмет;
2) еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік ортаның және еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-гигиеналық шаралар мен құралдар кешені;
3) зертханалар - өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулермен әрі өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтері мен еңбек гигиенасына сәйкестігін айқындаумен байланысты қызметті жүзеге асыратын зертханалар;
4) еңбек жағдайларының нормативтері - эргономикалық, санитарлық-гигиеналық және психофизикалық нормативтер мен қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар;
5) өндірістік нысандар - цехтар, учаскелер және өнім шығарумен әрі дайындаумен, пайдалы қазбаларды әзірлеумен, өндірумен және қайта өңдеумен, құрылыспен және өндірістік қызметтің басқа да түрлерімен айналысатын ұйымның жеке тұрған өзге де өндірістік бөлімшелері;
6) жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде өзінің еңбек міндеттерін атқару кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;
7) мамандандырылған ұйымдар - өзінің құрамында өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханалары бар немесе осындай қызмет түрлерін жүзеге асыратын зертханалармен ұзақ мерзімдік шарттары бар өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу жөніндегі дербес (тәуелсіз) ұйымдар;
8) жеке қорғану құралдары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған құралдар;
9) ұжымдық қорғану құралдары - екі немесе одан да көп жұмыс істейтін адамдарды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан бір мезгілде қорғауға арналған құралдар;
10) жарақат қауіпсіздігі - жұмыс орындарының еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен белгіленген жағдайларда қызметкерлердің жарақаттануын болдырмайтын еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;
11) еңбектің ауырлығы - еңбек процесінің ағзаның негізінен тірек-қозғалу аппаратына және әрекет ету жүйесіне (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және т.б.) түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
12) еңбектің қауырттылығы - еңбек процесінің қызметкердің негізінен орталық нерв жүйесіне, сезу органдарына, эмоционалдық жүйкесіне түсетін жүктемені көрсететін сипаттамасы;
13) еңбек қауіпсіздігінің шарттары - өндірістік орта мен еңбек процесінің еңбек процесінде қызметкердің еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсер ететін факторлардың жиынтығы.
3. Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды:
1) ұйымында еңбекті қорғау қызметі және өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы (бұдан әрі - зертхана) бар жұмыс беруші;
2) мамандандырылған ұйым жүргізеді.
Өндірістік нысандарды аттестаттау:
1) ұйымның әрбір жұмыс орнын еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларының қолданыстағы нормативтеріне сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік нысандарын еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігіне кешенді бағалауды қамтиды.
5. Өндірістік нысандарды аттестаттаудың нәтижелері:
1) жұмыс орындарын қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкес келтіру үшін еңбек жағдайлары мен еңбек қауіпсіздігі бойынша ұйымдық, санитарлық-техникалық, гигиеналық, психофизиологиялық және медициналық-алдын алу іс-шараларының кешенін өткізу;
2) өндірістік орта жағдайларының нақты жәй-күйін, еңбек процесінің ауырлығын және қауырттылығын, жұмыс орынындағы еңбек қауіпсіздігін бағалау;
3) қызметкерлердің қажет жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгендігін және олардың нақты еңбек жағдайларына сәйкестігін анықтау;
4) кәсіптік ауру деп ойлаған және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын анықтау;
5) өндірістік нысанды немесе жабдықты пайдалануды тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ, еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орыны қауіпті сыныпқа жатқызылған жағдайларда технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жәй-күйі туралы статистикалық есеп жасау;
7) еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу үшін кәсіптік қатер сыныбын белгілеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу мақсатында пайдаланылады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ұйымдардың барлық өндірістік нысандары аттестаттауға жатады.
7. Аттестаттаудан өту мерзімін ұйым, еңбек жағдайлары өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілер соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.
8. Өндірістік нысандарды кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) қайта құрылған, жаңғыртылған, жаңа техника немесе технология орналастырылған;
2) еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау әдіснамасының бұзушылықтары айқындалғанда еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау мен бақылау органдарының талаптары бойынша жүргізіледі.
Кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндіріс нысанына еңбек жағдайлары бойынша алдында өткізілген аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
9. Өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізудің уақыттылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
10. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөнінде қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдар тізімін жүргізеді.
 Жұмыс берушінің аттестаттау өткізуге дайындығы
11. Өндірістік нысанды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін жұмыс беруші тұрақты жұмыс істейтін, құрамында төраға, мүшелер және өндірістік нысандарды аттестаттау жөніндегі құжаттаманы жасауға, жүргізуге және сақтауға жауапты хатшы бар аттестаттау комиссиясын құру туралы тиісті бұйрық шығарады.
12. Ұйымның аттестаттау комиссиясының құрамына басшылардың бірі не оның орынбасары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметтерінің және өзге де бөлімшелердің мамандары келісім бойынша, сондай-ақ медициналық қызметкерлер мен қызметшілер өкілдері енеді.
13.Ұйымның аттестаттау комиссиясы:
1) өндірістік нысандардың, цехтардың, учаскелердің және басқа да жұмыс орындарының, сондай-ақ өндірістік ортаның, еңбек және технологиялық процестердің сипаттамаларына, қолданылатын жабдықтар мен тетіктердің, шикізат пен материалдардың түрлеріне қарай зерттеуге (зертханалық және аспаптық зерттеулер мен бағалауға) жататын қауіпті және зиянды факторларының тізбесін жасайды;
2) ұйымның өндірістік нысандарын аттестаттаудан өткізудің кестесін жасайды және оны жұмыс берушіге бекітуге ұсынады;
3) жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерін автоматты түрде өңдеу үшін өндірістерге, цехтарға, учаскелерге, жұмыс орындарына кодтар береді;
4) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу үшін қажетті нормативтік-анықтамалық базаны қалыптастырады;
5) өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың себептерін талдайды;
6) өндірістік жарақаттануды талдау негізінде аса жарақат қауіпті жұмыстарды, жұмыс орындары учаскелерін, технологияларды, машиналарды, тетіктерді, станоктар мен жабдықтарды анықтайды;
7) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуге өзінің мүмкіндіктері болмаған жағдайда Ережеде белгіленген тәртіппен өндірістік орта факторларын және еңбек жағдайларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар мамандандырылған ұйымды белгілейді және онымен тиісті шарт жасасу жөнінде жұмыс берушіге ұсыныс жасайды;
8) аттестаттау жөніндегі жұмыстар көлемін ескере отырып, өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізу мерзімін тартылатын мамандандырылған ұйыммен келіседі және оны жұмыс беруші бекітеді;
9) нысандар жұмыс орындарының өндірістік орта факторларын зерттеу кезінде зертханалар жұмысына көмектеседі;
10) өндірістік нысандарды аттестаттаудан өткізуге бақылауды жүзеге асырады.
Аттестаттауды өткізудің тәртібі
Еңбектің зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалау:
1) еңбек жағдайлары бойынша бағалауға жұмыс орынындағы барлық зиянды және қауіпті өндірістік (физикалық, химиялық, биологиялық) факторлар, оның ішінде еңбектің ауырлығы мен қауырттылығы;
2) қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың деңгейлері зертханалық және аспаптық өлшеулер негізінде анықталады. Физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялық факторлардың зертханалық және аспаптық өлшеулері әрі эргономикалық зерттеулері жұмыс және өндірістік процестер жағдайларында, технологиялық регламентке сәйкес дұрыс және тиімді қолданылатын ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен орындалуға тиіс;
3) қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштерін анықтау, өндірістегі еңбек жағдайларын гигиеналық сараптау нормативтік құқықтық актілерде (санитарлық ережелер мен нормаларда, мемлекеттік стандарттарда) көзделген тәртіпте және көлемде жүзеге асырылады.
Еңбектің нақты жағдайларын бағалау Р 2.2.755-99 Тіркеу нөмірі АДЗ РК N 1.04.001.2000 2000 жылғы 30 қарашадағы Өндірістік орта факторлары зияндылығының және қауіптілігінің, еңбек процесі ауырлығының және қауырттылығының көрсеткіштері бойынша еңбек жағдайларын бағалаудың және сыныптаудың гигиеналық критерийлеріне сәйкес жүргізіледі;
4) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың параметрлерін өлшеген кезде белгіленген мерзімге сәйкес мемлекеттік тексеруден өткен өлшеу құралдарын (газталдауыш, виброметр, дозиметр) пайдалану қажет. Өлшеулерді жүргізген кезде міндетті түрде қабылданған сапаны бақылау процедураларын сақтау қажет;
5) зертханалық, аспаптық өлшеулердің және эргономикалық зерттеулердің нәтижелері медициналық құжаттама нысандарына сәйкес хаттамалармен ресімделеді.
Аттестатталмағандар қатарына:
Аттестаттау нәтижелері бойынша оңтайландыруға жататын жұмыс орындарында қолданылатын.Басқа барлық көрсеткіштер бойынша аттестатталуы мүмкін болса да, аттестаттау сәтіне жұмыс орындарында жасалған ұйымдық-техниклаық жағдайларға сәйкес емес еңбек нормаларды жатқызуға болады.Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жалпы жақсарту, кәсіптік шеберліктің өсуі және жұмысшылар мен қызметшілердің өндірістік біліктілігін жетілдіру нәтижесінде еңбек сыйымдылығы азайтылған жұмыстарға арналған еңбек нормалар ескірген нормалар деп есептелінеді.
Әзірлеу барысында нормативтік материалдарды пайдалану не есеп жүргізу кезінде ұйымдық-техникалық жағдайлар немесе дәлсіздіктер жол берілген еңбек нормалар қате бекітілген нормалар деп саналады. Аттестатталмаған еңбек нормалар қайта қарауға немесе жаңасымен ауыстыруға жатады.
2.12.Қолданыстағы нормативтік материалдардың сапасын талдау еңбек нормаларды бекіту кезінде берілген нормативтік материалдар пайдаланылған жұмыс орындарындағы уақыт нормаларын тексеру материалдары бойынша жүргізіледі.Жұмыстың қандай-да бір түріне салааралық және салалық нормативтік материалдар бар болған жағдайларда, талдау әдісімен бекітілген еңбек нормалар олардың сапасын бағалауда нақты шығындармен де, орталықтандырыла әзірленген нормативтер бойынша есептелген еңбек нормалармен де салыстырылады. Егер талдау әдісімен бекітілген еңбек нормалар салааралық немесе салалық нормативтер бойынша есептелген еңбек нормаларға қарағанда шиеленістігі аздау болатын болса, олар ескірген деп танылуға тиіс. Егер аттестатталатын жұмыс орындарының жиынтығында салааралық немесе салалық нормативтер бойынша есептелген еңбек нормалар нақты шығынның шекті ауытқуларынан асатын болса, жұмыс орындарын оңтайландырған кезде еңбек жөніндегі алдыңғы нормативтерді әзірлеген тиімді .
Салааралық және салалық нормативтерді дұрыс қолданбағанда еңбекті норма қате деп танылып, қайта қаралуға тиіс. Әртүрлі еңбек нормаларын, оның ішінде қызмет көрсету нормаларын аттестаттау барысында бөлшектерді, ағынды желілер тактісін, жұмыс күнін өңдеу циклі шеңберінде орындаушыны белсенді (өнімді) жұмыспен қамту деңгейін бағалау міндетті болып табылады. Егер қызметкерді белсенді жұмыспен қамту деңгейі тиісті салалық нормативтерде көзделген деңгейден төмен болса, қолданыстағы еңбек норманы аттестаттауға болмайды.
2.13.Көпстанокшылардың жұмыс орындарын аттестаттау кезінде: уақыт нормалары, өңдеу, қызмет көрсету нормалары тәрізді белгіленетін еңбек нормалардың барлық түрі тексерілуге тиіс. Жұмысшы қызмет көрсететін жабдықтың саны ұйымда қолданылатын қызмет көрсету нормасымен, сондай-ақ еңбек жөніндегі салааралық және салалық нормативтік материалдарда көзделген қызмет көрсету нормасымен салыстырылады. Ауытқулардың себептері айқындалады.Егер қызмет көрсетудің қолданыстағы нормасы салааралықтан (немесе саларалықтан) төмен болса, орталықтандырылып жасалған нормативтерді игеру жөнінде шаралар әзірленуге тиіс.
2.14.Уақытша жұмысшылар, мамандардың және қызметшілер санының нормативтерін қолданудың дұрыстығын тексеру учаскелер мен басқа да кәсіпорын бөлімшелерін аттестаттау барысында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, нормативтік санды есептеудің дұрыстығы бағаланады, штаттық және нақты санның нормативтік саннан ауытқу себептері, штаттың жинақталуы дәрежесі айқындалады. Қызметкерлердің өндірістік ғимараттар мен қызметтік міндеттерін орындаумен қамтылу деңгейін айқындау үшін ішінара жұмыс күнінің фотографиясы жүргізіледі (6-қосымша).Егер жекелеген кәсіптер бойынша нақты саны нормативтік саннан асатын болса, іс-шаралар жүйесінде бекітілген салааралық немесе салалық нормативтік материалдарды игеру тәсімдері әзірленуге тиіс.
2.15. Нормаланған тапсырмаларды тексеру жөніндегі жұмыс:

  • тапсырмаларды бекіту кезінде пайдаланылатын еңбек нормасын аттестаттауды;

  • нормаланған тапсырмалардың жұмыстың құрамы және олардың орындалу регламенті көрсетілген бөлігіндегі мазмұнын тексеруді көздейді.

Сонымен бірге нормаланған тапсырмалармен қамтылған уақытша жұмысшылар және қызметшілердің жұмыстары мен кәсіптерінің шеңберін кеңейту жөніндегі мүмкіндіктер зерттелуге және әзірленуге тиіс.
2.16.Еңбек нормаларын келтірілген мысалдарда (1-6-қосымшалар) пайдаланылған нысандармен тексеру кезінде талдау нысандары қолданылатын болады (7-8-қосымшалар).Еңбек нормаларды аттестаттау және тексеру жөніндегі жұмыс аяқталғаннан кейін аттестаттаудың нәтижелерінің ведомості жасалады (9-қосымша).
2.17.Жұмыс орындарын оңтайландыру, әдетте қолданыстағы еңбек нормаларды қайта қараумен немесе ауыстырумен жалғастырылады.
2.18.Ескірген еңбек нормаларды қайта қарау қызметкерлер өкілдерімен келісім бойынша ұйым басшылары бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.Қате бекітілген еңбек нормаларды қайта қарау олардың анықталу шарасына қарай жүргізіледі.
1. Осы Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттау қағидасы (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 233-бабына, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзiрлендi және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттаудың тәртiбiн айқындайды.
2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттауға (бұдан әрi – аттестаттау) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау жүргізетін, бекітілген талаптарға сәйкес қажетті біліктілікке ие әлеуметтiк қызметкерлер (бұдан әрі – әлеуметтік қызметкерлер) жатады.
3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың негiзгi мақсаты:
1) арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету жүйесiн арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету саласындағы заманауи теориялық және практикалық әдiстердi игерген жоғары бiлiктi кадрлармен қамтамасыз ету;
2) әлеуметтік қызметкер құзыреттілігінің біліктілік талаптарына, оның ішінде тиісті санатты белгілеу немесе жоғарылату үшін сәйкестік деңгейін анықтау;
3) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін әлеуметтік қызметкер қызметінің уәждемелік аясын кеңейту болып табылады.
4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) әлеуметтік қызметкерді аттестаттау – әлеуметтік қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі.
5. Міндетті аттестаттау әлеуметтік қызметкердің құзыреттілігінің біліктілік талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау мақсатында бес жылда кемiнде бiр рет, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін өткiзiледi, бұл ретте бала күтiмi бойынша демалыста жүрген әлеуметтiк қызметкер жұмысқа шыққаннан соң, кемiнде алты айдан кейiн аттестатталады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.23 № 150-ө-м (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
6. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, атқаратын лауазымы бойынша санатын белгілеу немесе жоғарылату мақсатында халықты әлеуметтік қорғау жүйесі ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкердің өтініші негізінде мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтеді. Оның қорытындысы бойынша «Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесінің басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 2 ақпандағы № 31-ө-м бұйрығында (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 7442 болып тiркелген) көрсетілген бірінші, екінші немесе жоғары санат беріледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.23 № 150-ө-м (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
7. Қазақстан Республикасының шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымға жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде әлеуметтік қызметкердің аттестаттау комиссиясының шешімімен берілген біліктілік санаты сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет