Межелес жер иеленушіліктер мен пайдаланушылықтарды қайта құру және реттестіру жөніндегі ұсыныстарын дайындау. Ірі жер учаскелері алынған межелес орналасқан жер иеленушіліктер мен жер пайдалануларды қайта құру, реттестіру кейбір елді мекендерді, құрылыстарды т.с.с көшіру қажеттілігі туу мүмкін. Осы мәселеге байланысты ұсыныстар шаруашылық аралық жерге орналастыру схемасы немесе жобасы ретінде дайындалады.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды құру жөніндегі жобалық шешімдердің варианттары бір қатар техника-экономикалық және экономикалық көрсеткіштер арқылы салыстырып бағаланады. Сол көрсеткіштердің қатарына жерге орналастыру процесіне қатыстырылған жер иеленушіліктердің саны мен құрамы, әртүрлі шығындар мен келтірілген залалдардың мөлшерлері және көптеген басқалары жатады.
Негізгі техника-экономикалық көрсеткіш ретінде берілген жердің ауданы мен құндылығы алынады.
Бақылау сұрақтары:
Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы.
Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құндылығын анықтау.
Ауылшаруашылығына жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасына ұсыныстар дайындау.
Ауылшаруашылық емес жер пайдаланушылықтарды топтастыру түрлері
А/ш жатпайтын жер пайдалануларды құру жобасы қандай құрам бөліктерден тұрады?
Дәріс №7. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА ЖАТПАЙТЫН ЖЕР ПАЙДАЛАНУДЫ ЖОБАЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕР УЧАСКЕСІН ҚҰҚЫҚТАНДЫРУ ҚҰЖАТТАРЫН РӘСІМДЕУ
Ірі гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларына жер бетін бөліп беруге байланысты шаруашылық аралық жерге орналастыру;
Өнеркәсіп, транспорт және басқа кәсіпорындар мен мекемелерге жер бөліп беру ерекшеліктері;
Елді мекендердің шектерін белгілеу.
Ірі ш аруашылық құрылыстар мен су қоймаларына жер бөліп беру – шаруашылық аралық жерге орналастырудың ең күрделі міндеттерінің бірі. Бұл бірқатар жағдайларда байланысты. Біріншіден, ірі ауданы алаптардың су астында қалуына. Екіншіден, жасалған су қоймалардың айнала ортаға, шектес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарға, олардың өндірісіне, әлеуметтік жағдайларына сан алуан ықпал етуіне. Осы ықпалдардың салдарына қарай жалпы бірқатар жерге орналастыру мәселелері қарастырылады. Солардың ішінде: ауыл шарушылық айналымның тиіс қалған жерлердің қарастыру, тұрғындарды көптеген өндірістік құрылыстар мен медени-тұрмыс объектілерін көшіру, су баспаған, бірақта осы жағынан қауіп төнген территорияларды инженерлік қорғаумен қамтамасыз ету, межелес жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды қайта құру, реттестіру және жетілдіру.
Аталған міндеттерді орындау мақсатымен су қоймасы әсер ететін территория бip қатар зоналарға бөлінеді. Бұлар: су басатын зона - су астында қалатын немесе мезгілімен су басып пайдалануға жарамсыз қалған территория. Бұл зонаның межелері судың нормалды биіктігіне болып шығатын жаға сызығымен белгіленеді.
Жағалардың өзгеру зонасы - жаға бойындағы толқынмен әлсін-әлсін шайылып және осыған байланысты өзгеріп отыратын территория. Жоба бойынша оның жалпақтығы жағалардан 100 метрдей алынады. Тайыз су зонасы - тереңдігі 2м. Аспайтын су қоймасының акваториясы. Бұл зона әртүрлі ауруларға қарсы санитарлық шараларды жоспарлау, сонымен бірге ауыл шаруашылығында пайдалануға қолайсыз немесе пайдалануға мүлде келмей қалған жерлер (көлемдері тым кішкентай, аралдар т.с.с)
Аталған зоналардың барлығы су қоймасының жоғары бетіне жатады. Пластикадан төмен қарай да (төменгі бет) бірталай өзгерістер орын алады. Өзеннің жайылмасының құрғауына байланысты суарма шабындықтардың аудандары едеуір қысқарады. Осының салдарынан жергілікті фауна мен флора да біраз қалдырып, ал межелес орналасқан шаруашылықтардың өндірістік жағдайлары нашарлап кетеді.
Басқа зоналардың көлемінде қорғау шаралары жоспарланады. Бұл құнды жер учаскелерін, елді мекендерді, өндірістік объектілерді сақтап қалу мақсатымен жер үйірмелері мен бөгеттер жүйесін жобалауды қамтиды. Көп қаражат талап ететіне қарамастан бұл шаралар кейбір жағдайларда өте тиімді болуы мүмкін.
Соңында ауылшаруашылық өндірісті шеккен шығындар мен жер иеленушілер мен пайдаланушыларға келтірілген залалдардың түрлері, көлемдері және өту жолдары анықталады. Бұл мәселенің мән-мағынасы нақтылы түрде тарауда қаралады.
Өнеркәсіп транспорт және басқа кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын шартты түрде жердің атқару міндеттеріне және учаскелердің пішін кескінділігіне қарай төрт категорияға топтастыруға болады:
Кең ауданды жер пайдаланушылықтар;
Сызықтық объектілердің жер пайдаланушылықтары;
Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтары;
Қорықтардың және осы тәріздес объектілердің жерлері.
Біріншілеріне өнеркәсіп салаларына жататын әртүрлі кәсіпорындардың (фабрика, завод т.с.с.) жер пайдаланушылықтары кіреді. Сонымен бipгe бұнда халық шаруашылығының басқа салаларының объектілеріне де (су қоймалары, АЭС, ГЭС, т.с.с) енеді категорияға қорықтар мен елді мекендердің жерлерін жатқызуға болады.
Жерді ауылшаруашылық емес мақсаттарға бөліп беру процесінде ең маңызды мәселелердің бipi - оны үнемдеу. Бірінші категорияға жататын жер пайдаланушылықтарды (көбінесе өнеркәсіп объектілерінің) жобалағанда бұл мәселе кәсіпорындарды территориялық-өндірістік кешендерге (ТОК) шоғырландыру арқылы жүзеге асырылады. Өнеркәсіп объектілерін осындай түрде орналастыру оларға берілетін жердің ауданың 15%-ке дейін қысқартуға мүмкіншілік береді.
Екінші санатқа темір және автомобиль жолдарының, электр жүйелерінің, каналдардың, құбырлардың т.с.с. жер пайдаланушылықтары жатады. Бұнда жер үнемдеу мәселесі аталған объектілердің ұзындығы барынша қысқарту арқылы шешіледі. Жыл сайын осы жер пайдаланушыларға республика бойынша 6,0-6,5 мың га бөлініп отырады.
Тау-кен кәсіпорындарына берілетін жерлердің өте маңызды пайдалану ерекшелігі бар. Бұнда негізгі өндіріс құралы ретінде жердің қойнауындағы қазбалы байлығы пайдаланылады. Тау-кен кәсіпорындарының жер пайдаланушылықтарына уақыт және кеңістік аспектілерінде үнемі өзгеріп отыру, пайдалану мерзімнің нақты шектелуі, айнала ортаға зор әсер етуі тән. Қазіргі кезде пайдалы кендердің 80% ашық тәсілмен қазып өндіріледі. Қазақстан Республикасында Я.Я. Маульдің болжауы бойынша осы мақсаттарға жыл сайын 1,0 сың га жер алынып отырады екен, ал жалпы әртүрлі ауылшаруашылық емес мұқтаждықтарға 10-13 мың га.
Төртінші санатқа қорықтар, тарихи-мәдени жерлер жатады. Бұлардың аудандары мен межелері, алқаптық құрамдары мен пішін кескіндіктері, олардың мақсаттары мен мұқтаждықтарына қарай белгіленеді. Қорықтың бүкіл ауданы екі зонаға бөлінеді. Біріншісі абсолюттік корықтық жерлер, екіншісі шаруашылық зона. Соңғысында шектелген түрде және белгілі мөлшерде шаруашылық ic-әрекеттер жүргізілуі мүмкін. Қорықтардың жер пайдаланушылықтары тұтас, ал межелері табиғи шектермен сайма-сай тыс жерлермен қауышу ұзындығы қысқа болуға тиісті.
Қала шегі деп қалаға берілген жерлердің сыртқы межелерін атайды. Бұл құқықтық тұрғыдан қарағанда жер пайдаланушылықтың емес, әкімшілік ауданының немесе облыстың межелері сияқты әкімшілік-территориялық құрылымның шекарасы болып табылады.
Қала шегін жүргізу және өзгерту процесіне байланысты жерге орналастыру жұмыстары қалалық Кеңесінің шешімімен ең негізінде жүргізіледі. Жобалау тапсырмасында қала жерлерінің құрамы, қаланың бас схема бойынша даму бағыттары, айнала ортаны қорғау жөніндегі жұмыстардың түрлері және жобаның графикалық бөлігін жасау масштабы көрсетіледі. Жобаның түсініктемесінде қала, оның қазіргі шегі және жерлерінің құрамы туралы мәліметтер қамтылады. Қала шегі жөніндегі жоба міндетті түрде жері алынған жер пайдаланушылармен, жер иеленушілермен және құрылыс, архитектура тағы да басқа қатысты органдармен келісіледі.
Жалпы алғанда қала шегіне кіретін жерлер бойынша жобаның 2 түрі жасалады:
қаланы орналастыру және салу жобасы (осыған мақсатталған жерлерде);
қаланың жер шаруашылығын реттестіру жобасы (құрылыстарды жүргізуге арналмаған және уақытша бос жерлерде).
Жалпы түрінде аталған құжат мынандай бipқатар іс-әрекеттерді қамтиды:
а) демалыс және спорт орындарын орналастыру;
е) көпжылдық көшеттерді (орман-парктерді, бау-бақшаларды) орналастыру;
б) қала шегіне кіретін ауылшаруашылық кәсіпорындардың жерлерін реттестіру;
в) саяжай жергілікті санаторийлер мен курорттарды орналастыру;
г) қала маңындағы жол тораптарын реттестіру;
д) қала жерлерін түрлеріне, жер пайдаланушыларға жататындарына және пайдалану мерзімдеріне қарай топтастыру.
Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалды және ауылшаруашылық өндірістің шығындарын анықтау мақсатымен аудандық әкімшілік бағалау комиссиясы құрылады. Осы комиссия жұмысының нәтижесінде акт жасалады. Бұл акт аудандық әкімшілікте қаралып бекітіледі. Жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға келтірілген залалдарды көлемі мына әдістемелік жүйелікте анықталады: тұрғын үйлер, мәдени-тұрмыс объектілер және басқа да өндірістік құрылыстар мен ғимараттар баланстық құны бойынша, тозғандықтары ескеріле отырып, бағаланады. Ол үшiн мына формула қолданылады:
Зг =Ка-Т;
бұнда: Зг - құрылыстар мен ғимараттардың қалған құны, теңге;
Т - олардың қалған эксплуатациялық жарамдылығы. %;
Ка - олардың алғашқы баланстық құны, теңге.
Табиғат қорғау жөніндегі құқықтық шаралар жүйесінің мазмұны жалпы түрде мыналар қамтиды:
азаматтардың осы саладағы құқықтары мен міндеттері;
айналадағы табиғи ортаны қорғау мен пайдалануды басқарудың органдары мен экономикалық механизмі;
айналадағы табиғи ортаның сапасын нормалауды;
экологиялық сараптаманы (экспертиза);
шаруашылық және өзге қызметке қойылатын экологиялық талаптарды;
айналадағы табиғи ортаны қорғау саласындағы бақылау мен қадағалауды;
халықтың табиғатты қорғауға қатысы және экологиялық тәрбие мен білім беруді;
лауазымды адамдар мен азаматтардың аталған заңды бұзған үшін жауаптылығын заңның бұзылғанынан келтірілген залалдарды өтеуде.
Бағалау шкаласы бойынша орта облыстық бонитет балы қолданылады:
Борт = Б1 П 1 + Б2 П 2 + Бn Пn
П
бұнда: Борт –бөлінген алаптардың орташа балы;
Б1, Б2 - бөлінген алаптардың құрамындағы топырақтардың балдары;
П1, П2, Пn - топырақтың аудандары, га;
П – бөлінген алаптардың жалпы ауданы, га.
Орта облыстық нормативтен бөлінген нақты учаскенің құнына кешу үшін біріншісі түзету коэффициентіне көбейтіледі:
Кт = Бн/ Борт
бұнда: Бн – бөліген нақты учаскенің балы.
Құрамына әртүрлі алаптар кіретін учаске үшін төлемнің жалпы көлемі мына фopмyла арқылы табылады:
Ш = (П1 х Кт1 x Kci х К) + (П2 х Кт2 х Кс2 х К)....;
бұнда:
Ш – төлемнің жалпы көлемі, теңге;
П1, П2 - алынған алаптардың аудандары, га;
КТ1, КТ2 - алаптардың сапасын ескеретін түзету коэффициенттері;
КС 1, КС 2 алаптардың суармалы жерлермен теңестіретін коэффициент;
К - 1 га жаңа жерлерді игеруге қажетті қаржылардың құны, теңге.
Бірінші кезекте мемлекет сонымен бipгe ауылшаруашылығы жоғалтатын кірісті есептеген жөн. Бұл кірістің көлемін анықтауға Семин Л.С., С.Б. Ляшенконың формуласын қолайлы деп санайды:
Ш = ДхНхАхК;
бұнда: Д- жылдық таза кіріс, теңге/га;
Н - алынған учаскенің ауданы, га;
А – шығынды өтеу мерзімі, жыл;
К - жобалау мерзімде ауылшаруашылық өндірістің тиімділігінің коэффициенті.
Бұл бағытта С.А. Ткачук пен Я.Я. Маульдің де еңбектері танымал. Олардың пікірінше жер учаскелерін алуға мүдделі кәсіпорындар мен мекемелер осы жөнінде жер беруге құқығы бар жергілікті әкімшіліктерге алдын ала өтініш жолдауға тиісті. Бұнда объекті салуға белгіленген учаскенің пайдалану мерзімі, шамамен алғандағы ауданы мен орналасуы көрсетіліп негізделеді. Құжаттар әкімшіліктің қарауына табыс етіледі және осы органмен бекітіледі. Осының негізінде жобалау - іздестіру жұмыстары қаржыландырылады және жүргізіледі.
Жоба бекітіліп, салынатын объект құрылыс жоспарына енгізілгеннен кейін мүдделі кәсіпорын, мекеме, ұйым жергілікті әкімшілікке алдын ала келісілген жерді сұрап өтініш жолдайды. Жерді иелену немесе тұрақты пайдалану құқығы мемлекеттік актімен, ал уақытша пайдалану немесе арендалау құқығы шартпен куәландырылады.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасы мынандай жағдайларда жүзеге асырылады деп саналады:
- кәсіпорындар жобада көрсетілген мерзімде берілген жерлерді пайдалануға кіріскенде;
- белгіленген мерзімнің ішінде жобада қамтылған жердің пайдалануымен байланысты шаралар жүзеге асырылғанда.
Достарыңызбен бөлісу: |