Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері



бет28/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

11.3 Жобалау әдістемесі.
Ішкі шаруашылықтық жолдарды орналастыруды жобалау аудандық жерге орналастыру схемасын, оның ішінде жолдар жүйесінің орналасуы жайында шешімдерді негізге ала отырып жасалады және осы жобадағы белгіленген өндіріс бөлімшелерінің және шаруашылық орталықтарының орналасуына байланысты жасалады. Және басқа, жоғарғы категориядағы ортақ жолдардың құрылыс жүргізу және реконструкциялау жобалары есепке алына отырып ішкі шаруашылық жолдар жобаланады.
Жобаның бұл құрам бөлігінде ең негізгі мәселе - ішкі шаруашылық жолдардың бағыттарын анықтау. Ол үшін жүк айналу пункттері анықталады (грузооборотные пункты по значимости). Олар маңыздығына қарай 4 топқа бөлінеді:
І топ – әкімшілік ауданының орталығы, темір жол станциясы, өнімді өңдейтін пунктілер, мәдени орталықтар.
ІІ топ – а/ш-тық және жергілікті өндіріс кәсіпорындары, ірі елді мекендер.
ІІІ топ – ішкі шаруашылықтық жүк тасымалдау пункттері – шаруашылық орталықтары мал фермалары, басқа ірі өндіріс объектілері.
ІV топ – ауыспалы егістік алқаптары, көпжылдық өсімдіктер, мал азықтың алқаптар.
Жүк айналымы – ішкі шаруашылықтық және сыртқа жүктер мен адамдарды тасымалдау.
Жалпы және тауарлық өнімнің мөлшері белгісіз болғанда олар шаруашылықтың келешек болжам жоспарларын 40-50% көбейте отырып алынады, немесе есептеу арқылы. Ол үшін а/ш кәсіпорындарының статистикалық есеп беру материалдарын зерттеу отырып анықталады. І топ жолдарына 10-15 жылдық, ІІ топқа 5 жылдық деректер жиналады. Ал басқа топтарға – қазіргі кездегі деректер алынады.
Жолдың орташа жылдық жүк тығыздығы дегеніміз – белгілі бір учаскемен бір жылда өтетін барлық жүктердің жалпы мөлшері. Ол транспорттық байланыс схемасы бойынша жол бөлектері бойынша (өтетін) тасылатын жүктердің қосындысы ретінде анықталады.
Сол схема арқылы ішкі шаруашылықтық жолдардың ең экономикалық нәтижелі бағыттары анықталады және осы жолға басқа жүк тасымалдау пунктілерімен келетін кіріс жолдары белгіленеді. Жолдардың бағытын анықтағанда ортақ пайдаланудағы және жамылғысы бар жолдар, қоршаған орта есепке алынады. Жолдан биік жерлер, жер бедері күрделі емес жерлер арқылы өтеді. Жолдар, құнды а/ш-тық алқаптар арқылы неғұрлым аз өтуі керек.

Жолдың категориясы және жамылғысының типі – олардың мәніне, құрылыс материалдарының бар болуына, автомобильдер жүрістерінің қарқындылығына және жолдың жүк тасымалдау тығыздығына байланысты таңдап алынады.


560т
250т
100 т
310 т
150т
105 т
205 т

Жерге орналастыру жобасында жолдың тек қана бағыты анықталады, ал жол салу үшін жоба жұмыс жобасы ретінде жасалады.


Негізгі мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыстардың объектілерін орналастыру.
Мелиоративтік және су шаруашылықтық құрылыс объектілеріне суарылатын және құрғатылатын жерлер алқаптары, тоғандар, су қоймалары, лимандар негізгі магистралдық каналдар, коллекторлар және ьасқа ғимараттар жатады.
Оларды орналастырғанда шаруашылықтық тиімді болуына, жерді неғұрлым нәтижелі пайдалануға және техникалық нормативтерге және ережелерге сәйкес болуларына тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет