Дәріс №1. Жерге орналастырудың міндеттері, мазмұны және негізгі әрекеттері



бет30/37
Дата08.04.2024
өлшемі482.5 Kb.
#497895
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
23-24 ЗУ и ЗП дәрістер

Бақылау сұрақтары:

  1. Жер пайдаланудың кемістіктері жайында айтып беріңіз.

  2. Жер пайдаланудың кемістіктері қалай түзетіледі?

  3. Шаруа шаруашылығының жер үлесінің орналасуына қандай элементтер әсер етеді?

  4. Кемістіктерді жою жобасы қандай кезеңдерде орындалады?



Дәріс№13. АУЫСПАЛЫ ЕГІС ЖҮЙЕЛЕРІН ЖОБАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ШЕШЕТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ.


13.1 Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Егін егудің ғасырлар бойы жиналған тәжірибесіне және ғылыми ұсыныстарға сәйкес ережелері бар. Сол маңызды ережелердің бірі белгілі танапта ұдайы бір дақылды екпеу. Бұлай еге беруді монокультура деп атайды. Ол зиянды, өйткені әрбір өсімдіктің топырақтан алатын және қалдыратын химиялық заттары өзгермегендіктен, топырақтың құнарлығы осы өсімдік үшін жылдан жылға нашарлай береді. Демек, бұл егістің түсімділігін төмендетіп жібереді. Олай болдырмас үшін әр танапта егілетін өсімдік жыл сайын, ал кейбір жағдайда 2-3 жылда өзгертіліп тұрады. Бұл өзгерістің ретін әр өсімдіктің топырақтың химиялық құрамынан алатын және онда қалдыратын заттарын ескере отырып жасайды. Әрбір келесі егілетін дақыл бұрынғы егілген дақылдың топырақта қалдырып кеткен қолайлы химиялық заттарын пайдалана алуы керек. Танапта бірнеше жылдың ішінде егілетін өсімдіктердің бірінен соң бірінің ауысу ретін агрономдар осы талапқа сәйкестендіреді. Сонымен, белгілі бір танапта егілетін өсімдіктердің түрлерінің жыл сайын өзгеріп отыруын, ауыспалы егіс деп атайды.
Ауыспалы егістің аты танаптың санына және басты дақылдың түріне байланысты болады. Мысалы, егер ауыспалы егістің құрамындағы дақылдардың басым көпшілігі астық өсімдіктері, ал танаптарының саны бесеу болса бұл бес танапты астықты ауыспалы егіс деп аталады.
Ауыспалы егіс үнемі жоғары түсім алу, топырақтың құнарлығын сақтау және жақсартып отыру мақсатында қолданылады. Ол егін шаруашылығы жүйесінің арқауы болып есептеледі. Ауыспалы егістің түріне сәйкес барлық ұйымдастырулық-экономикалық шаралар белгіленеді. Сондықтан, ауыспалы егіс жерді, өндіріс құралдарын, адам күшін ұтымды пайдалану, яғни осы саладағы өндірістің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті жағдай болып есептеледі.
Ауыспалы егістің үш түрі болады: алқаптық, мал азықтық және арнайы.
Алқаптық ауыспалы егіс деп жердің жартысынан көбіне астық, техникалық өсімдіктер немесе азық-түлік өндіруге керекті дақылдар егілетін түрін айтады.
Мал азықтық ауыспалы егістің жерінің жартысынан артығына малға азық боларлық дақылдар егіледі.
Арнайы ауыспалы егіске көбінесе арнайы агротехника қолданылатын дақылдар және топырақты су мен желдің әсерінен қорғау әсерін тигізетін өсімдіктер егіледі.
Осы аталған ауыспалы егістің үш типінің әрқайсысы өзінің құрамындағы дақылдардың үлестеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.
Әрбір өндірістік бригадаға бір, кейде екі ауыспалы егіс бекітіп беріледі. Бригаданың құрамындағы звеноларға белгілі бір немесе бірнеше дақылдарды өсіру тапсырылуы мүмкін.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты жаңадан құрылып, жұмыс істеп жатқан шаруа қожалығы, ауыл шаруашылығы кооперативтері және шағын кәсіпорындар да осы звенолар сияқты ауыспалы егістің белгілі бір дақылдарын өсіруге бейімделуіне болады. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, егін шаруашылығымен шұғылданған шағын кәсіпорындар ауыспалы егістің ұсақ түрлерін қолдана алады.
Мал азықтық ауыспалы егістің орналасуына және құрамына байланысты келесі түрлері болады: ферма және лагерь қасындағы және шабындықты - жайылымды. Біріншісін мал фермалары мен жаздық лагерлердің төңірегінде орналасады. Онда негізінен шырынды азық беретін және тасымалдауға қолайсыз дақылдар егіледі. Екіншісін шабындық пен жайылымдардың негізінде және оларды ұтымды пайдалану мақсатында ұйымдастырады. Арнайы ауыспалы егістер өздеріне тән агротехникалық шараларды қажет ететін көкөніс, күріш, темекі сияқты дақылдарды өсіруге арналады. Оның ерекше түріне топыраққа тиетін су мен желдің зиянды әсеріне қарсы қолданатын ауыспалы егістер жатады. Осы мақсатта топырақты көп араластыра беруді қажет етпейтін астық пен мал азықтық дақылдар түрлері егіледі.
Шаруашылықта ауыспалы егістің бірнеше түрі қолданылады. Әрбір бөлімше, ферма, бригада ауыспалы егістің өз жағдайларына сәйкес келетін түрін алдын ала жобалап, талқылап, бекіткен соң оны үнемі қолданып отырады.
Ауыспалы егісті жобалауда шаруашылықтың келешекте даму жолы, алдындағы міндеттері есепке алынады. Сонымен қатар егістіктің ең тиімді түрін және құрамын жоспарлау қажет. Бұл өте жауапты және күрделі мәселе. Оны қателеспей шешу үшін мамандар әрбір облыс аймақтарына арналған егін шаруашылығы жүйесі жүргізу ұсыныстарын қолданулары қажет.
Егістің құрамына қойылатын негізгі талап – әрбір гектардан мүмкіндігінше аз шығынан көп түсім алу. Сондықтан ауыспалы егісті жобалағанда тек дақылдың түрі мен көлемін ғана ескеріп қоймай, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін қолдану, шығымдылығы артық сорттарды пайдалану, қолданылатын барлық технологияны жетілдіріп отыруды ойластырған жөн.
Ауыспалы егістің неғұрлым ұтымды түрін таңдап алу үшін оның әр түріне ұйымдастырулық–экономикалық тұрғыдан баға беріледі.
Ұйымдастырулық тұрғыдан қарағанда ауыспалы егіс шаруашылықтың өндірістік бағытына, оның алдына қойған мақсатына сәйкес болуы керек. Сонымен бірге ауыспалы егіс шаруашылықтағы адам күшін, материалдық-техникалық қорларды толық пайдалануды, агротехника талаптарын толық сақтауды қамтамасыз етуі қажет.
Егістің құрамының және ауыспалы егістің пайдалылығын анықтайтын маңызды тәсілдің бірі – ауыл шаруашылығы дақылдарын экономикалық тұрғыдан бағалау. Экономикалық бағалауда келесі көрсеткіштер қолданылады: 1 гектар егістен алынған түсім және оның құны, еңбек өнімділігі, 1 ц өнімнің өзіндік құны, 1 гектар егістен алынған таза табыс және тиімділік деңгейі.
Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсарту үшін жасалады. Ауылшаруашылық дақылдарын және парды агротехникалық дұрыс кезектестіру өсімдіктердің өнімділіктерін топырақтың құнарлылығын көтереді, танаптарда арам шөптердің және әртүрлі аурулардың дамуын тоқтатады. Ауыспалы егістер игерілген шаруашылықтарда астық егістерінің өнімділігі 3-4 ц/га биік, ал ауа райы ыңғайсыз жағдайларда одан да жоғары болады.
Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау дегеніміз олардың жобалау жұмыстары жүргізілетін шаруашылыққа сәйкестілі типін, түрін, санын анықтау, егістік массивінің мөлшерін, территорияда орналасуын, егістік пен пардың кезектесу схемасын белгілеу.
Ауыспалы егіс жүйелері мына талаптарға сай болуы керек:
а) жалпы және тауарлық өнімдердің мөлшерлерін, нарықтың сұранысын қамтамасыз етуі;
б) әр жер учаскесінің табиғи қасиеттеріне байланысты пайдалануы, ал онда өсірілетін ауылшаруашылық өсімдіктерінің, олардың биологиялық ерекшеліктеріне және экологиялық төзімділіктеріне сәйкес таңдалынып алынуы;
в) эрозияға қарсы күресуді және топырақ құнарлылығын әрқашан орнына келтіруді, жоғарылатуды;
г) еңбек ресурсін, ауылшаруашылық техникасын, транспортты және басқа механизмдерді толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді.
Ауыспалы егіс типтері: алқаптық, мал азықтық, арнайы болып бөлінеді. Ауыспалы егістің 50 % дәнді дақылды астық өсімдіктері болатын болса – ауыспалы егіс алқаптық болады. Бұл тип келесі түрлерге бөлінеді: парлы-астықтылы, парлы–астықтылы-отамалы.
Мал азықтық ауыспалы егісінің 50 немесе одан да жоғары % үлесі мал азығы өсімдіктері болуы керек. Мал азықтық ауыспалы егіс: ферма қасындағы, лагерь қасындағы, шабындықты-жайылымды болып бөлінеді.
Арнайы ауыспалы егіс күтімі жоғары, өзгеше, өсіру жолдары ерекше өсімдіктер үшін ұйымдастырылады (мысалы: темекі, көкөніс, дәрі-дәрмектік өсімдіктер).
Алқаптық және мал азықтық ауыспалы егістер топырақ қорғаушы болуы мүмкін. Олардың ерекшеліктері: құрамында көпжылдық шөп көп болады, көпжылдық шөп бір жылдық шөппен жолақтанып егіледі және басқа эрозияға қарсы шаралар қолданылады. Топырақ қорғаушы мал азықтық ауыспалы егіс шабындықты – жайылымды болады.
Топырақ қорғау ауыспалы егістігінің екі түрі бар: бір жылдық немесе көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарын пармен жолақтай орналастыру және шабындықты-жайымлымды: онда танаптың бір бөлігінде көпжылдық шөп, ал екінші бөлігінде - біржылдық ауылшаруашылық дақылы өсіріледі. Бұл ауыспалы егістер су және жел эрозиясы дамыған жерлерде ұйымдастырылады.
Ауыспалы егіс типін және түрін таңдау мына көрсеткіштерге байланысты болады:
1. шаруашылықтың немесе оның бөлімшелерінің мамандығына;
2. малды бағу және азықтандыру (бір жерде күту немесе жайылымда жайып бағу) тәсілдеріне;
3. мал басының бір жерде шоғырлану тығыздығына;
4. ауылшаруашылық алқаптарының құрамына және сапасына;
5. шаруашылық орталықтарының орналасуына;
6. эрозияға шалынған жерлердің бар болуына және оның эрозиялық қауіптілігінің дәрежесіне;
7. егістік массивтерінің конфигурацияларына және аймақтық орналасуларына;
8. нарық талаптарына.
Ауыспалы егістіктің ауданы шаруашылықтың энергетикалық, машина-тракторлық жабдықтандырылуына, жұмысшыларының санына байланысты болады. Шаруа қожалықтары егістікті игеруде бірігіп техниканы пайдалану, өнімдерді өңдеу, маркетинг жүргізу үшін кооперативтерге бірігулері тиімді болады.
Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсарту, ауылшаруашылық дақылдарын және парды агротехникалық дұрыс кезектестіру, өсімдіктердің өнімділіктерін, топырақтың экономикалық құнарлылығын көтеру үшін, танаптарда арам шөптердің тарамауына және әртүрлі аурулардың дамымауына жағдай жасау үшін жүргізіледі.
Ауыспалы егіс игерілген шаруашылықтарда дәнді дақылды егістіктердің өнімділігі 3-4 ц-га жоғары болады, ал ауа-райы ыңғайсыз жағдайда одан да жоғары болады.
Ауыспалы егістіктердің жүйелерін жобалау дегеніміз олардың типін, түрін, санын анықтау, егістік массивінің мөлшерін, территорияда орналасуын, егістік пен пардың кезектесу схемасын белгілеу.
Ауыспалы егістіктер жүйесі мына талаптарға сай болуы керек:
а) Жалпы және тауарлық өнімнің мөлшері нарықтың сұранысын қамтамасыз етуі керек.
б) Әр жер учаскесі табиғи қасиетіне байланысты пайдалану керек, ауылшаруашылық өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктеріне экологиялық төзімділігіне байланысты таңдап алынуы керек.
в) Эрозиямен күресу және топырақ құнарлылығын әрқашан орнына келтіріп, жоғарлату үшін.
г) Еңбек ресурсін, ауылшаруашылық техникасын, транспортты жобалау, механизмдерді толық және тиімді пайдалануға.
Ауыспалы егістіктер типтері: алқаптық, мал азықтың, арнайы болып бөлінеді. Ауыспалы егістікте 50%-ті астықтық өсімдіктер. Бұл тип келесі түрлерге бөлінеді: парлы-астықтық, парлы-астықты-пропашные.
Мал азықтың ауыспалы егістің 50% мен жоғарысы мал азығы өсімдіктері болуы керек. Мал азықтың ауыспалы егістік: ферма қасындағы, лагерь қасындағы шабындық-жайылым ауыспалы егістігі болып бөлінеді.
Арнайы ауыспалы егіс күтімі жоғары, өзгеше, өсіру жолдары ерекше өсімдіктер үшін ұйымдастырылады (мысалы: темекі, овощтар, дәрі-дәрмектік өсімдіктер).
Алқаптық және мал азықтың ауыспалы егістік топырақ қорғаушы болуы мүмкін. Олардың ерекшеліктері: көпжылдық шөп көп болады, көпжылдық шөп бір жылдық шөппен жолақтанып егіледі және басқа эрозияға қарсы шаралар қолданылады. Мал азықтық ауыспалы егіс топырақ қорғаушы болғанда ол шабындық – жайылым а/е болады.
Ауыспалы егіс типін және түрін таңдау мына көрсеткіштерге байланысты болады:
1. Шаруашылықтық немесе оның бөлімшесінің мамандығына.
2. Малды бағу және азықтандыру тәсілдеріне (стойловое).
3. Мал бастың бір жерде шоғырлану тығыздығы.
4. Ауылшаруашылық алқаптарының құрамы және сапасы.
5. Шаруашылық орталықтарының орналасуы.
6. Эрозия тараған жерлердің барлығы және оның эрозиялық қауіптілігінің дәрежесі.
7. Жер массивтерінің алқаптық орналасуы, олардың конфигурациясы.
8. Реформалық өзгерістерге байланысты.
Ауыспалы егістіктің ауданы жұмысшылардың санына, машина-тракторлардың санына, энергиямен қамтамасыздығына байланысты болады. Шаруа қожалықтары егістіктерді игеруге, техниканы пайдалануға, өнімді өңдеуге, маркетингте кооперативтерге бірігулеріне болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет