13.2 Ауыспалы егістікті жобалау кезегі
Белгіленген жалпы және тауарлық өнімнің, мал басының, мал азығының мөлшеріне байланысты егістіктің ауданы есептелінеді.
Шаруашылықтың жалпы экономикалық көрсеткіштеріне, таңдалып алынған агротехникалық, малдың жайылуына, қыстық бағылуына жұмыстың перспективалық ұйымдастыруына, энергетикалық қамтамасыздығына, алдыңғы жерге орналастыру жұмыстарындағы жер пайдалану шекараларын сақтап қалу жолдарына байланысты зерттей отырып, ауыспалы егіс массивінің танабының мөлшері, типі, түрі белгіленеді.
Ауыспалы егістіктің түрі типтік ауыспалы егістіктерден зонаға байланысты таңдап алынады. Зоналық ұсыныстарға байланысты таңдалады.
Ауыспалы егістіктің массивтері экономикалық бағалау және топырақ бонитировкалау баллына байланысты біріңғай болулары керек. Ауыспалы егістіктің миссивтері жинақылы (компактілі), ыңғайына қарай ұзындығы ықшам, табиғи жағдайы біркелкі болуы керек. Ауыспалы егістіктің құрамына кіретін дақылдардың өсуіне жарамды болуы керек. Ауыспалы егіс массиві біртұтас немесе бірнеше жақын, ыңғайлы орналасқан жер бөліктерінде орналасуы мүмкін. Кейде үлкен бір жер массивінің бөлігі ретінде орналасады, шекаралары иреклектенбей, танаптарға бөлуге ыңғайлы болуы керек.
Топырақ қорғау ауыспалы егістігінің екі түрі бар: бір жылдық немесе көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарын пармен жолақтаса орналастыру және шабынды – жайылымдық онда танаптың бір бөлігінде көпжылдық шөп, ал екінші бөлігінде біржылдық ауылшаруашылық дақылы орналасқан. Бұл ауыспалы егістіктер су және жел эрозиясы басқан жерлерде ұйымдастырылады.
Мал азықтық ауыспалы егістер неғұрлым малдың тұратын жеріне жақын болса транспорттық шығын азайды, сондықтан олар ферма қасындағы, лагерь қасындағы және шабындық-жайылымдық болып бөлінеді. Ферма қасындағы ауыспалы егістер көбінесе қыстық (сочных) азықтыққа ауылшаруашылық өсімдіктері отырғызылады. Лагерь қасындағы жаздық жасыл шөпті өсіру үшін. Шабындықтық-жайылымдық – шөп өсіруге ұйымдастырылады.
Арнайы ауыспалы егістерде топыраққа рельефке, су режиміне жоғары талап және өсіру технологиясы қиын, ауылшаруашылық дақылдары өсіріледі мысалы көкөніс, темекі, дәрі-дәрмектік өсімдіктері көкөніс елді мекенге жақын отырғызылады.
Алқаптық ауыспалы егістерді жобалауға мына факторлар әсер етеді: топырақ жағдайы, елді мекендердің орналасуы жыртылған жер массивінің мөлшері, дақылдардың түрлері, шаруашылық кішкентай болса 1 ауыспалы егіс ұйымдастырған жөн. Ал үлкен массивтердің топырағы біркелкі болмаса, бірнеше ауыспалы егіс орналастырылады. Егер ж/ж массиві созылған ұзын, ал елді мекен бір шетінде орналаса, бұндай жерде 2 ауыспалы егіс, біріншісінде – еңбекті көп талғайтын ауыспалы егіс, ал екіншісінде бидай немесе басқа өсімдіктер.
Ауыспалы егіс схемасын таңдағанда нарық сұраныста, танаптардың жағдайына, топырақтың өсетін өсімдікке жарамдылығына байланысты шешіледі.
Ауыспалы егістерге кірмейтін учаскелер. Бұл учаскелерде дақылдар уақыт бойынша ғана кезектеседі немесе дақылдың бір-ақ түрі жыл сайын отырғызылады. Мысалы: мал фермасына жақын жерлерде жүгері, шөп өсіру; жайылым немесе басқа массивтерде орналасқан, топырақ жағдайымен немесе басқа көрсеткіштерімен өзгеше, кішкене егістік алқаптарында ауыспалы егіске кірмейтін егіс егу.
Ауыспалы егістерді жобалағанда әртүрлі варианттарды салыстыру керек.
№14 Дәріс. АУЫСПАЛЫ ЕГІС АЛҚАБЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Достарыңызбен бөлісу: |